Өнегенің өнегесі...

AitaberPress /
"Өнеге" журналының қайырымдылық концертіне барып қайттым. Өнеге — елге аты әйгілі, оқырмандары көп журналдарға өнеге көрсетті. Айлан есімді қызға қол ұшын созған Мейрамбек ағаға Алла разы болсын. Бұл — құрбан айт қарсаңында жасалған игі шараның басы деп білем. Айтпақшы, кеш қонағы қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова Айланға деп 500 доллар берді(басқа әншілерге алтын сырға). Концертке келіп әндерін айтып кету де көмек. Дегенмен әнін де айтып қол ұшын да берген одан да жақсырақ емес пе?))) Шымкент атты алып шахардан азулы ақын Ақмарал Ілеубаева да арнайы келіп Айланға арнау айтты. Ал, әнші Меруерт Түсіпбаева болса… мәәә ең қызығы осы болды… жоқ, жазбайын. Бұл сюжетті көру керек… жәй сөзбен қызық емес сияқты… Ал Жанболаттың жұбайы Жазираның әңгімесі мүлде бөлек болды… Таңдай қағып жаға ұстадым… толығырақ сюжеттен көресіздер… Көп алғысын алып жүрген ағаммен түскен суретім)))


0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!