Жаңа эстафета: "Жастық шақ"

AitaberPress /
Сәлем бердім, айтаберлік қауымға. Өзгеріс жасау керек, анау істеу керек мынау істеу керек деп құр сөзбен соққанша, іспен көрсететін сәт келді.

Кеше үйден альбом қарап, өткен өмірімнің біраз жеріне барып қайтым, талай серілік құрған күндерім өтіпті, бүгін жаңа эстафета бастамақпын. Бұл эстафета 22-жастан асқандарға арналған. Жастарға өзіміздің жастық шақта өткізген қызықты оқиғалырымызбен бөліссек.

Эстафетаның қатып қалған сұрақтары жоқ, әр шақтан бір қызықты оқиға жазып, суреттер салсақ. Эстафета таяғы осы сайтың үлкеніЖако ағада.

Оқушылық өмірімнің көбі интернатта өтті, интернатта тұрып, білім алғандарың оның қызыққа толы күндерін жақсы білерсіңдер ғой. Оның өзіндік қызықтары — бір төбе. Әр мерекеде вечер ұйымдастыратынбыз (қазір жастар сондай вечерлер жасамайтын сияқты). Үйдің үлкендері қалаға кеткен күні сол үйдің балаларының атаманы вечер жасауға план құрып тастайды, қыздардан бұрын келіп, сол үйдің терезелерін қараңғылайтынбыз, қазіргідей техника жоқ, бұрынғылардан қалған романтиканың қалдығы:



немесе қытайлардың алғашқы шығарып жатқан магнитофонына:


физиканы үшпен оқыса да, темір терсектің тілін жақсы меңгерген трактористің баласы Серік әкесінің жас күнінде сатып алған колонкасын жалғайды.



Сөйтіп басталады вечеріміз. Арасына екі үш би жіберіп,вальс қоямыз, вечер басталмай вальс билейтін қыздарымызды бөліп аламыз, сабақты жақсы оқитын, әдемі қыз деп. Ол кезде қазіргідей қыздар сағат тақпайды, сотка жоқ. Бөлмедегі қабырға сағатты басқа бөлмеге ауыстырамыз, сағатты кері бұрап қоямыз. Қыздарды солай алдайтынбыз. Қайтамыз десе, есіктің сыртын даладағы кішкентайларға кілтетіп қоятынбыз.

Сол кездері АБК, Руки вверх, 101 топ осыларға билейтінбіз, мындай касеталар болатын, олар арасында шайнап қалатын. Касета шайнап, тынышталып қалғанда ойындар ойнайтынбыз. «6қасық», «кис или бриз» т.б. Сөйтіп вечерлер өтетін.

Мектепте кеш ұйымдастырған класс дискотека жасайтын. Ол дискотекаға рұқсат алу — жақсы оқитын қыздардың міндеті болатын, сынып жетекшіден бастап, тәрбие меңгерушісімен директордың тілін табу. Осындай қызықтары бар оқушылық өмірімді сағындым.

PS: Сіздің оқушылық өміріңізде қандай қызықтар болды?

25 пікір

AKA
Бұл эстафета 22-жастан асқандарға арналған.
ық-ық…
Jako
Эстафета таяғы осы сайтың үлкені Жако ағада.

Бұл мен жалғастырады деген сөз ба?
Zhanat
иә сіз жалғастырасыз, советі үкіметінің жастары қандай болғанын
Jako
Жанат-ау, есімде қалса бірдеңе жазармын, бірақ біздің кезде сурет арман еді ғой.
Zhanat
бар шығар бір екі кадр ескі альбомдарда жеңгеміздің сақтап қойғаны, армиядағы суреттер болса
Jako
Ой, ондай сурет көп, оны қалай қоятынын білмеймін, білсем тамаша болар еді.
Zhanat
соткаға дұрыстап түсіріп аласыз иа болмаса сканер жасатып алыңыз
Jako
Жақсы көремін солай.
Aikona
Күштіі, сол вечерлардың суреттері болса ғой иа, бірге көріп мәз болатын
Zhanat
оқушылық кезімде қазіргідей бас басында екі соктадан соңғы маркалы цифровойлы фотоаппаратың заманындай заман болмады. әйтпесе суретке түскенді ұнатамын қыздармен))
Aikona
сол біздің де вечерлерден дым сурет жоқ (((
Zhanat
сол уақыттарда мұғалімдеріміз айтушы еді, сендер бақытты заманның балаларысыңдар деп, қазіргілерде тіпті арман жоқ қой
Aikona
иа айтпашы :)
MSHERIMBEK
Екіншісі бізде болды. Ооох, вечерлар-ай. Кассета шайнап… еееех:) Ощм, ағай 21демін. Маған болады ма?:))
zhurttyn_balasy
Шырақ, сен әлі жиырмадасың муахахаха
Zhanat
саған болмайды))) сен баласың әлі))))
MSHERIMBEK
Жәкең, сұмдық жазады енді:) Керемет бір пост күтеміз:)))
Zhanat
негізі сен көпшікті джынды қоясың)
mairosh
Эстафетаның кезегі мен 22 ге келгенде келетін шығар иә? Ағасы керемет жазыпсыз ))
Zhanat
22келгенше жастық дауренді өткізіп ал))))
qyrmyzy
Біріншісін көрмедік. Есесіне дивиди мен центр болды бізде:) оххх, әндерді айтсаңызшы… «Белые розы», «Холодно, холодно, холодно»… хит болып еді. «Забудь его» бастала кетсе, қыздар бұрышқа қарай қашатын едік… Жаңа жылдағы кеш ерекше өтетін еді. 8-наурызды бііір дұрыстап өткізбеппін. Жылда өкпеміз қара қазандай болатын еді жігіттерге. Биыл бірдеңе күтеміз енД
Zhanat
намек жынды кетті))))))) расымен қашатын өздері билегісі келіп тұратын))))
qyrmyzy
ық ық, рас қой… Енді ұят емес пе? Қазір сыныптастармен, группаластармен жинала қалсақ, өзіміз шақыра береміз. Билейміз ба деп қойып… солай… есейген сайын өмірді басқа қырынан көресің
banzaika1990
Жақсы бастама, қызықты жазбалар болатыны сөзсіз.
Өткен аптада анам кладовканы ретке келтіріп жатып бір коробка видео кассета тауып алыпты, соны маған көрсетіп «Мынау менің 2000жылдан бергі сыныптарыммен өткізген тәрбие сағаттарым, осының бәрін қаита қарап шығуым керек маған „видик“ тап»-деп қиғылықты салғаны бар.
Эхххх сол кездер-ай…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.