Тіркелуге асығыңыздар: Астана интернет форум 2012!

AitaberPress /
Қазақстандық Ақпараттық Технология мамандары! Танысып, жүздесіп, құнды тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін Астана Интернет Форумына келіңіздер, көріңіздер! Қапы қалмаңыздар! Таныстарыңызға да айта жүріңіздер!




«Астана интернет форум 2012» – қазақ тілінде тұңғыш рет өтетін Ақпараттық технология саласындағы республикалық форум.
Форумның мақсаты: Қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық технология саласын дамытып жүргендер, қазақ тілінде контент жасаушылар, портал және сайт иелері, АТ жаңа өнім ұсынушылардың басын қосып, өзара тәжірибе алмаса отырып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету. Қазақ тілді интернеттің қолдану аясын дамыту, жаңа жобаларға жәрдем беру.

Талқыланатын тақырыптар:
– Ақпараттық қауіпсіздік;
– Бұлтты технологиялар;
– Білім саласындағы интернет;
– Ғаламтордағы аудармашы сайттар;
– Қазақ тілді жобалар және интернет маркетинг.


Кімдер қатыса алады: ақпараттық технология мамандары, ақпараттық технологияларға қызығатын студенттер, мұғалімдер, оқушылар, АТ саласына қатысы бар кез-келген ерікті.

Қосымша: Интернетке қатысы жаңа жобалар байқауы да өтеді. Байқауға ниет танытсаңыз тіркелу формасында тақырыбын жазып, форумда 15 минуттық презентация жасауыңыз керек. Қатысушылардың онлайн дауыс беру нәтижесінде үш жеңімпазға тегін сайт жасалады. Тағы үш адамға бір жылдық тегін хостинг беріледі.

Форум өтетін жері: Астана, Назарбаев Зияткерлік Мектебі, Түркістан көшесі, 3/1
Уақыты: 22-23 желтоқсан, 2012 жыл.

Ұйымдастырушылар: «Мінбер» ҚҚ, «KazakhTimes» жаңа технологиялар орталығы, Астанадағы ГеоГебра институты

Серіктестер: «WikiBilim» ҚҚ, «Болашақ» қауымдастығы, «Нұр медиа» холдингі


Толығырақ
Бағдарлама
Тіркелу

Соңғы жаңалықтардан хабардар болып отырыңыздар. @AIF_12 туиттерде
ПЫСЫ: Бәрі сіздер үшін!

59 пікір

ereke_enu
Керемет! Мынаған жай көрермен болып баруға болатын шығар да?
qyrmyzy
Әрине! Жай көрермен болып бару үшін де тіркелу қажет! Кофе-брейк пен арнайы файлдар үшін қажет! Сосын, сені жәй көрермен болып келуіңді қабылдай алмаймын. Айтарың бар жігітсің, бір презентация жасауға шамаң келеді. Күтеміз!
ereke_enu
Сенің қолыңнан кофе ішіп кететін болдық қо)))
StrangeR
Қап, Алматыда болғанда ғой(
qyrmyzy
Алматыдан біраз адам барады, сен де қосыл!
zhomart
Шақырымдар кедергі))
qyrmyzy
Ниет болса...
Abylai
Мына жазба неге тып тыныш? Айтаберліктер аттан! Кеттік АТ форумға. Жиналайық, кім барады? Шақырымдар кедергі емес, сылтауды қойыңдар. Ереке, Мөлдір, тағы кім бар еді Астанадан, Кема дайындалыңдар біз барамыз! (Бұйыртса)
Көркем, АКА не тынышсыңдар, Жако аға, Жанат аға? Қайырбак? қайдасыңдар, Майрош, Димаш, Манас бырат, Мади, Зафар, Делфина апай, Ақыл қалта, Диди жауап қатыңдар, бәріңізді форумда көргім келеді. Аты аталмағандар өкпелемес, бәріңізді бәріңізді көргім келеді, Айхооооооу!!!
didi0393
bargym ak kevotyr,birak jumys kedergiiii(((astananyn suygynan korkvatyrm))) baratyndarga sattilik!!!
Korkem
Барам!
qyrmyzy
ух ты, кесіп айтты
Abylai
титтей де болса күмәнің болса ең болмаса леп белгісін қоймауың керек еді
AKA
Барғанда, мен пойызға мінсем, 2 күн жүремін. Сонда, 19-ы күні шығуым керек екен, асықпай баруым үшін. Сосын, сессияның тізімі шықпады әлі, сол күндерге қойылмаса екен деп отырмын. Үйдегілерге түсіндіру де керек, АТ саласында оқымайсың, оған не қатысың бар деулері де мүмкін ғой. Сосын, жалғыз жібермейтіні мәлім, ең құрығанда Қызылордадан 1 адам болса да серік болатын керек. Сондықтан, қызылордалықтар — Димаш, Майра, Айшат, Жанар т.б. бір хабар беріңдерші, өтініш. А так, ниет зор, Астанаға мендей асық жан жоқ шығар :)) Түсініп көріңдерші :)
qyrmyzy
біздерге бару керек! Зерделііііііііііі, алғааааааааа!
mairosh
AKA
Барамысыңдар?
qyrmyzy
Алматыға кел алдымен, бәрібір демалыс емес пе! Ары қарай бірге шығамыз;)
AKA
Сол ғой, демалыс бере ме, бермей ме белгісіз болып тұр. Айтпақшы, 16-желтоқсандағы демалысты пайдаланып, тобымдағы 9 жігіт Алматыға барғалы жатыр. Қыздардан ешқайсысы бармайды, амал жоқ, мен де қалуға мәжбүрмін… Үйдегілер жалғыз өзің қайтесің, топтасып жүруге болмайды, әдейі студенттерді қайтарватр деп… ошм, жоспар құртылды.
Korkem
үйстет енД, сылтауы таусылмайт енді бұның
qyrmyzy
келсеңші сен де :) ары қарай Астанаға шығатын боламыз, ИНШ! Уайымдама, қызық болады жігіттермен де! Мен бармын, тәуір ГИД бола алам дев ойлаймын.
korwinin_kyzy
Қайырбак?
Қайырбаксын озын(((( хотябы airbag десен бір жүн! ойнамайм сеемен болды Агигагым агигагым агигагым беу
Abylai
епті оттай бермей кел форумға
korwinin_kyzy
пока ақша жок келесы жылы корермын Грудь осырып алу керек жазда жасандарш футболкамен тырсиып баратын
Ak123
осырып
ахахаха)))))
qyrmyzy
Бағдарламаны қараңыздар!
hidden
Өте керемет, бірак бұл алғашқы қазақ тілді форумға нақты әрі жаңашыл тақырыптармен барғанымыз дұрыс. Яғни жеке сайт немесе блогтарыңызды таныстыру, жарнамалау үшін емес. Жұрттар білсін біздің қазақтардың да ИТ саласынан хабары бар екенін және өздеріне бәсекелес бола алатынын. Өкінішке орай барлығымызға белгілі қазақ тілді интернет қолданушыларын басқа ұлт өкілдері (орыс тілді өзіміздің қазақтарда) төмен бағалайды, асыра айтқанда менсінбейді. Әрине кінә өзімізден де бар, ренжімеңіздер бірақ блог екен деп ойымызға не келсе соны жаза беру керек емес. Дұрыс көш жүре келе түзеледі, бірақ көштің жүргеніне біраз болды.
Abylai
Өте ұрыс айтасыз, хиддн мырза :) Өзімді де бұл форум қатты қызықтырып отыр
Талқыланатын мәселелер:
— Қазақ тілді жобалар және Интернет маркетинг
— Локализация
— Бұлтты технологиялар
— Ақпараттық қауіпсіздік

Тақырыптар көздің жауын алады, шеттерінен қызық

Спикерлерді айтсаңызшы
Спикерлер:

Рауан Кенжеханұлы: wikibilim.kz
Берік Бадаев: soylem.kz
Бауыржан Муфтахитдинов: mozilla.org/kk/
Ербол Серікбай: surak-zhauap.kz
Садық Шерімбек: aitaber.kz
Бауыржан Жакашев: kurstenge.kz
Қуаныш Мағзуов: birge.kz
Бақытгүл Салықова: bilimpaz.kz
Нұрлан Жанай: zhanaoi.kz
Батыр Хамзаұлы: click-line.com
Дінмұхаммед Зиядин: kinostan.kz
Тимұр Бектұр: it-tirlik.kz

Ощм қапы қалмайық, міндетті түрде келіңіздер
qyrmyzy
Тағы кім бар презентация жасайтын?
Abylai
мынау тек спикерлер тізімі, әр қатысушыға өзінің жеке жобасын көрсетуге он бес минуттан екі күн уақыт берілген
VseProSSto
Мен барам бұйырса, тіркеліп қойдым! Бұйырса дайындалып, от меня 1 презентейшн!

1 сұрағым бар, презентация қорғау үшін проекттің өзі болуы міндетті ма әлде тек идея болса бола ма?
және де сайт жасап береміз депті ғой орын алса, ол қалай? кәдімгі үлкен бір веб проект ұсынса, толық соны істеп бере сала ма не?
qyrmyzy

Идея болса да болады. егер жобаңыз көпшілікке ұнаса, сайт жасап береді, не домен/хостинг жағынан көмектеседі.
Келіңіз! Танысайық!
qyrmyzy
Авардтан қазақ тілді сайттардың жүлде алып жатқанын көрмедім туиттерден. Өкінішті :(
Abylai
mektep.edu.kz/?language=kaz қазақшасы бар :)
qyrmyzy

тағы керек, тағы…
Abylai
бұйықтса жасаймыз әлі талайын
qyrmyzy
Көркем, АКА, МАйрош, Алматыға дейін келіңдер! Мында қыдырып, ары қарай Астанаға шығамыз. Бәрібір демалыс қой! Сосын бірдеңе жеймін жеген үмітппееен күтіп алам сендерді :)
AKA
Алып ұшып, жетем саған… ой, не айтып кеттім, ошм махаббат оты лаулап кетіптідаЧы мұнда Сізді тойдырамыз әпше, ол жағы проблема емес, тек уақыт мәселесін реттеп алайын, сосын көреміз.
Korkem
ошм махаббат оты лаулап кетіптідаЧы
епті
qyrmyzy
Сол сөйтпесеңдер… Бірдеңе етіңдер. Сенбі, жексенбі ештеңе бола қоймас.
mairosh
Жыламаймын! Жақсы барып қайтындар! Тілектеушілерің Майрош!
qyrmyzy
Бізге де осылай фотик жасауға жазсын:
kuka097
Ех біз құлсарыда бұл астанада))

qyrmyzy
Ештеңе етпейді. Атыраудан біраз адам келеді. Шетелден келейін деп жатса…
kuka097
кә 9 оқимын бірақ болашақта сендерге арнайы бір барамын!
qyrmyzy
ештеңе етпейді, сабақтан сұранып кел. Тұратын жерді уайымдама, Садық ағаң қамтамасыз етеді :) Кел!
kuka097
Хех ниетіңе рахмет әпше)))
korwinin_kyzy
Түратын жерде дұш туәлет болама?
ZaMaNbEk
Сәлеметсіздерме! жәй көруге барса қайтеді? Кіргізе мекен әйтеур?
qyrmyzy
Иә, болады! Тек тіркелу керек. Қатысушы ретінде! Кіргеніңізде Заманбек деп айтсаңыз, уау дев күтіп алатын:) Тіркеліңіз, келіңіз, танысайық, жүздесейік, біраз білім жинап қайтасыз. Өзім шәй құйып берем:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.