Айтаберге 1 жыл!

AitaberPress /
Ақын да, әнші де, айтишник, мұғалім, сыншы да еткен, футбол фанаты, суретші, дизайнер, музыкант, актер де еткен, керек десеңіз аспазшы еткен, фотограф, оператор да еткен, ең бастысы — БЛОГШЫ еткен Айтаберім, 1 жылдық мерейтойың құтты болсын!


Сәби Айтабер, алар белестерің көп болғай!

Ақпыз, сары, қарамыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
«Айтабер» деген сайтымыз… ©

Бірлігі жарасқан айтаберліктер, мереке құтты болғай! Келер жылдан бастап сайтымыздың туған күнінде Шымкент қаласында жиналатын болайық! Назарларыңызға қолданушылардың ыстық лебіздерін ұсынамын!

yerbol89 : Айтабер ең алдымен маған өте көп жақсы достар табуға септігін тигізді. Виртуалда ғана емес, реалда кездесіп, жиналып, бір-бірін сыйлайтын достар таптым.
Үйрендім, көрдім, білдім, тәжірибе шыңдаған жер болды мен үшін. Сайт қолданушылардың қарапайымдылығымен, жастардың бір ортаға жиналатын жерімен, Айтабердің өзіндік ерекшелігімен, СЖ сайтының көптеген қолданушылары осында отырып Айтаберіп жатқандығымен (күліп) ұнайды.
Осы қалпыңнан таймай, Жүз жасасын Айтабер! Ынтымағы артып, үлкен Қазақ жастарының басын қосқан жақсы сайт болуыңмен, Айтабер! Алар асуың, келер қолданушыларың, мықты қолданушыларың көбейе бергей!


kema :
Өзімді таптым «Айтаберден!»))) Шетелде жүргенде туиттер арқылы келіп ем бұл сайтқа. Келдім де бәрімен аралас-құралас болып кеттім. Біраз достар таптым! Өрлеу, өсу, табыс, ұзаааақ ғұмыр тілеймін. Не дейміз… сөзге кедейміз. Барлық қолданушыларға денсаулық тілеймін. Жазыңыздар! Жалықпаңызар!

Іштен толқып шыққан сезімді қабыл ал,aitaber.kz! Сенен бастау алдық инеттің жілігіне. Аз да болса, көөөп дүние көрсеттің, берерің әлі де көп. Ал, құтты болсын тәй-тәйің! "Үлкен" сайт бол :)



mairosh : Салем айтаберліктер деп бастайында өзің жөндеп аларсын. Айтаберге ең алғаш тіркелгенімде… жалпы жазба жазуды білмейтінмін. Қалай жазам, не жазуға болады деген ойлар жүретін. Көп қолданушылардың (соның ішінде Қырмызы, Көркем, Ака, Ардақ 1996) жазбаларын оқып жүрдім. Жако ағайдың салт-дәстүр туралы жазбасын оқып, мен де салт-дәстүр туралы жазуды ойладым. Содан кейін ізденіп жазып жүрдім, бірақ өз жазғандарым еш өзіме ұнамай жүрді. Әркімнен көмек сұрадым ( әсіресе Көркем, Абылай) қолдан келгенше маған көмек берді. Осылай мен жазба жазуды үйрендім, әрі көптеген достар таптым. Қазір, Құдайға шүкір, виртуалды достар көп! Енді бәрімен реалда кездессем деймін:)

Айтабер маған бар жағымен ұнайды. Жазбалары өте керемет, оқуға тартымды.
Әрқашан биіктерден көріне берсін осылай. Қолданушылар, әсіресе белсенді қолданушылар артЫп, керемет жазбаларға толы болсын. Достарымыз аман, бақытты болсын. Ешқашан достығы ажырамай жүрсін!




AL-ASTER :

Айтабер сайтындағы жастардың өнерлі, сауатты пікір таластыратын мәнерлері ұнайды. Үлкені ағалығын, жастары ізет танытып жатады. Өздерін оқу жағынан да, достық жағынан да, ұйымшылдық, орынды әзілдесу,бауырмалдық әрі білгенін бөлісу жағынан да қолданушылар аз емес екен. Осы қасиеттерді көріп, олардан үлгі алу да жақсы.

Ең бірінші айтабер сайты арқылы жақсы достармен таныстым. Жалпы ғаламторда қазақи ортаға тап болғаныма мың да бір алғыс Жаратушымызға. Алдағы уақытта да әлі талай қызықтар күтіп тұрған шығар. Әр орта өз болашағының жақсы болғанын қалайды, сол жолында өнеге, білім, ғылым, салауат жолында айналасының ризалығы мен Жаратқанның нығметі жолында, қысқасы, адамгершілік міндетін саналы түрде орындап жатады. Осындай кезде бәрі тамаша, адам жанына жағатын атмосфера қалыптасатын көрінеді. Айтабер ортасы осы тілекке лайық деп ойлаймын.
Рахмет достар сіздерге! :)




Korkem :

Ең бірінші Айтаберден қиын-қыстау кезде қол созатын, қуанышқа ортақтасатын достар таптым, қателіктің алдын алуды үйрендім, пайдалы кеңестер мен сабақ алдым. Ең бастысы, ерік-жігер сыйлады маған))) Айтаберліктердің қуанышы үшін, ерінбестеп тәтті-пәтті пісіруді, қол өнерін жан-жақты бақылауды қолға алдым. Айтабер мені соларды кейінге қалдырмауды үйретті, ерінбеуді үйретті;

Айтабер еріктілігімен ұнайды, кез келген ойыңдағымен бөлісіп, іш босатып алуыңа болатын таптырмайтын көңілді орта. Білмегеніңді білдіретін, білгеніңмен ортақтасуға, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылуға итермелейтіндігімен ұнайды;

Қолданушылармен өзара арадағы байланып тұрған алтын жіп мәңгі үзілмесін! Алдымызда әлі талай қуанышты сәттер мен бақытты күндер тола болсын. Әрдайым биіктерден көріне біліп, көпшілікке үлгі болуыңа тілектеспін, Айтабер!



Zhanat :

Айтаберден көп нәрсе алдым, қымбат достар, аға інілер, қарындастар. Жақсы көремін осы сайтты. Айтабер арқылы өзімнің жеке теміржолға арналған блогымды аштым, жазбаларымды сала бастадым. Оқырмандары да жетерлік. Қолданушылардың ұйымшылдығымен, өзіндік әзілі қалыптасқан стилімен ұнайды Айтабер блогтұғыры.

Ғұмыры ұзақ болсын деп тілеймін, бұданда аудиториясы кеңейіп, беделді сайт болып жүрсін. Мақтанышпен айтатындай сайт жасау — сіздер мен біздердің жұмысымыз. Ұйымшылдығымыз берік, биік асуларды алып жүре берейік. Алла біздің сыйластығымыздан айырмасын!



Manas :

Таза, қатесіз, креативті жазба жазуды үйрендім Айтаберден! (Мысалы, СЖ-дан — Айтаберге посты.Айтқандай, сол посттың екінші бөлімі әзірленуде. Жақын күндері сайтқа салатын боламыз. Сценарий дайын, суретін салып жатырмыз:)) Жазбаларды оқып, білмегендерімді үйрендім, рухани байыдым. Айтабер қолданушылардың еркін пікірлесулері, жарасымды қалжыңдасулары ұнайды. Болашақта ҚазНеттің бетке ұстар сайттарының бірі болсын деймін. Сапалы пайдалы пост жазатын қолданушылары көбейе берсін! Гүлдене бер, Айтабер!



senim :

Осы сайттан барлық жақсы деген дүниелерді алдым. Жақсы достар, білімді мен мәдениетті қолданушылардан көөөөп дүние алдым. Сайт маған барлық қырынан ұнайды. Әсіресе футбол фанаттары мұнда өте көп. Әзілді де түсінетіндігі тағы бар. Барлық сала, барлық тақырыптар жазылатыны, оны қолданушылар еркін пікірлейтіні ұнайды. Осы қалпыңнан тайма!



beko : Бәрі айтабергесін, өзім айтудан гөрі көбіне тыңдауға мән беремін қазірге)). Қызығы оның әрнәрсені үйренуіңде, қазақша жазу стильімді, жеткізе білу қабілеттім кішкене дамыпты )).Бауырлармен танысып араласу, олардың әзілдерімен көңілімді көтерудемін.



Сайтта қолданушылардың танымдық жазбалары, сыйластықтары, арадағы әзілдесулері ұнайды. Әр қолданушының өз орны бар мұнда.

Сайт әр уақытта заманауи технологияларымен жабдықталған, әр жүйеге(андреойд, мак, т.б.) ыңғайлы қосымшаларымен(прогаларымен) жұмыс жасай бергей.
Керемет жылдамдықта жұмыс істеуі(айтаберге қатыстының бәрі бәрі (соткаға қосымшалары, т.б.)), қолданушылардың санының артуы, керемет сайттардың қатарынан түспеуі… жақын арада бәрі болады.
Қарапайымдылық. Ыңғайлылық. Уникалдылық...(Бағдарламалаушы атынан жазылды, немесе көп болар еді:)))



Abylai :
Мұнда әртүрлі тақырыптағы посттарды көріп қуанасың! IT, өлең, кино, ас мәзірі, видеосабақтар бәрі бар. Сайт бір жылда қандай жетістікке жетсе, бұл — қолданушылардың арқасы! Жазыңыздар! Оқыңыздар! Пікірлеңіздер! Ортамызға қосылыңыздар!



QARASAQAL :

Айтаберге бір көңілдің мейірін беріп, 1000 көңілдің мейірін алдым. Қаншама достар, түннен таңға созылған қызық әңгімелер, Абылайдың көздері (кеңк кеңк), былай алғанымды санап біте алмаймын. Біз үшін әр қолданушының сайтқа кіріп, ең болмаса бірдеңе алып, үйреніп кеткені маңызды. Біліңіздер достар, сіздердің кең дархан көңілдеріңіз және интернетті аша сала Айтаберді ашатын құмарлықтарыңыз сарқылмайынша, біз сіздер үшін жұмыс істей береміз, істей береміз.


!!!

27 пікір

FaraOn1
Құтты болсын! ТОйлаңдар, бірақ пост жазуды қоймаңдар)
qyrmyzy
Тілек айтсаңшы, Теріскей сайты!
Yasin
Әй, мен қайдамын мәәәәәә осы ғой енді шеттетіп жібересіңдер
qyrmyzy
Осында жазайық, Атырау мен Алтайдың арасындағы кең байтақ сайтымыздың орны бәрімізге жетеді :)
qyrmyzy
Айтқандай, rauan інім берген эстафетаны кешкісін жалғастыратын боламын.
mairosh
Көркем екеумізден басқа қыздар кірмейтіндей клен жігіттердің арасында екі ақ қыз тұрғаны қызық болған екен қққ))
Соңғы өңделген уақыты:
yerbol89
Иахуууууу құтты болсын. Беко мен Көркемнің суреті қандай әсерлі еді… )))
qyrmyzy
сенің сондай суреттеріңді қашан көреміііз?
Zhanat
Отыз күн, қыырық күнін тойлайық Айтабердің
qyrmyzy
әрі қарай сіздің тойыңызға ұлассын
Manas
Айтаберді ашатын құмарлықтарыңыз сарқылмайынша, біз сіздер үшін жұмыс істей береміз, істей береміз.

Охоу, кереметтттттттт)
AKA
Әдемі, әдемі жауаптар, суреттер уаще сұммммдық екен :) Әсіресе, ну біліп отырсыздар ғҰә :) Кешірім сұрайм, мен қалып қойдым ((: Барлығына қосыламын, тілекшімін!
qyrmyzy
әлі де кеш емес :)
STR
Хът-тъфу, өй, жәмән!
Сайттарыңа түкіріп кеттім)))
Тұсаукесер, пішпе той, тілашарына шақырыңдар. Зәр-заһарыммен зу ете келемін.
Ал, еңбектегендеріңді қызықтай тұрайын, шағаларым))))
AKA
Ооо, бармысыз, тілегіңізге алғыс!
Jako
Тамаша,әсерлі… ал өзім айтаберемін.
AL-ASTER
Интернетте 30 күн ойын, 40 күн той жасалатын мейрам болса, ол айтабердің туған күні екен. Бұл парақта өте көп қолданушылардың ойы жазылуы керек еді дегеннен басқа айтар жоқ, амиголар.
ZevsKO
ох қандай күштііі. Маған да билейтін смайликтерді қоюды үйретіңдершііі…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.