"Домбыра Party" Қызылордада

AitaberPress /
Бүгін! Алғашқы рет! Кешкі сағат 19:00де Қызылорда қаласында «Домбыра Party»! Келіңіз, көріңіз, әдемі кештен қапы қалмаңыз! Өтетін орны: орталық алаңдағы ескі фонтан маңы, «Майя, майя» пиццериясының артында орналасқан. Байланыс телефондары: 8 701 317 16 15 Сабыржан және менің номеріме де хабарлассаңыздар болады :)
деп ақпараттандырып фейсбукқа жаздық. Бірінші мәрте өткізгелі отырғандықтан, қалай болар екен деп те ойластық. Арнайы ешкімді шақырмадық, бірақ жоспарда шақыру бар еді… Сабыржан екеуміз таныс домбырашы дос, құрбы-құрдастарды іздедік. Күнде хабарласа отырып, Сабыр 4-5 жігітті тапқанын айтты. Онда бастап кетейік, қалғандары қолдайды дедік те, 04.05.2013ж жоспарладық.
«Домбыра Party» өтетін орынға келіп, жинала бастадық. Домбырашылар келіп, дайындалып отыр екен.
Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
Жалпы, мақсатымыз не? не үшін? қалай? деген сынды сұрақтарына жауап беріп, түсіндірдік. Сөйтсем, олар да өздері осындай шараға ынталы екен. «Біз де кешкілік орталықта 4-5 жігітпен домбыра тартамыз. Бұрын білмедік мұндай шараны» десті. Ниетіміздің бір екеніне қуанып қалдық.
Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
Содан, біршама адам жиналған соң, орталық алаңға қарай орын ауыстырдық. Жігіттеріміз бірден «Балбырауын» күйінен бастап кетті. Одан кейін, «Адай», "Әлқисса", «Жұмыр қылыш» сынды бірнеше күйден тартты.
Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
Сәлден кейін арамызға Мейрамбек деген, өзі ақын, өзі әнші, өзі күйші, өзі асаба жігіт келді. Келді де ортаны жандырып жіберді. Әлқиссасын айтыстан бастап, кейін әндерден попурри жасады. Терме де, ән де шырқады. Ырза болдық!
Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
Менің атым — Мейрамбек,
Жаралғанмын сыйға тек.
Құдай мені жаратқан,
Бүкіл қызды қина деп. © Мейрамбектің «Домбыра Party»-дегі айтысынан.

Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
Бұрылып жан-жағымызға қарайласақ, біраз адамдар жиналып қалыпты. Көбісі жұмыстан шығып, жарты сағаттай болса да тұрып, тыңдап, қолдап, мықты екен деп лебіздерін айтты.
Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
1,5-2 сағат көлемінде жалғасып, «Домбыра Party» біз күткеннен жақсы өтті. Жігіттер алғыс айтып, келесі жолы да келеміз деді. Енді апта сайын ұйымдастырмақ ниеттеміз. Бұйыртса, келер аптада бұдан да кең көлемде болатын болды. Мұндай шараға қатысамын дейтіндер көп екен, соларды ерте келеміз деді жігіттер.
Ақ парақтағы ойлар: AitaberPress: Домбыра Party Қызылордада
Әзірге Мейрамбектің орындауындағыларды тыңдай отырыңыздар.


П.С. Виделарды сәлден кейін қосып, толықтырамын. Ұйымдастыруда болған достарыма — SaboniS , Araika , mairosh және Сабыржанның достарына көп рахмет!

14 пікір

AKA
Басқа қызылордалықтар болса келесі патиге қалмай келіңіздер. Күтеміз! :) П.С. Сабыр, ренжіме, номерің барлық жерге жазылып кетті. :)
MSHERIMBEK
Ана әнші жігітке сендер түгілі мен сындым наттури :)
Korkem
бізда тағы қашаниии, барғым кеп жүр(((
qyrmyzy
жүгіңді жина да, барып қайтсаңшы:)
yesbolat83
Алға! Тек қана алға! Осындай қасиетті домбырамызды дәріптеп, халықты ынталандыруға үндейтін игі шараларымыз жалғасын таба бергей!
VVVWWW
Рахмет, тамаша!
qyrmyzy
Керемет!
Қызылорданы да көрдік:)
mairosh
Шынымен Домбыра пати Қызылордада алғаш өтседе сәтті шықты деген ойдамын. )
Manshukn
Сырдың мақамдарынан термелер кеткен шығар, ә?)) Маған ұнайды :)) Келесі Алматыдағы Домбыра Патиге қызылордалық курстас алып бару керек)) Жақсы айтып қояды ол да)
SaboniS
Сабыр, ренжіме, номерің барлық жерге жазылып кетті. :)

ай ай ай, бұл қалай болғаны, соңғы кездері звондағыштар көбейіп кетті, неге десем… :)
)
Kipshakkyzy
Охо, айтыстың мақамымыен өтіпті ғой! Тамаша.
Ассалаумағалейум қыз жігіттер! Бүгін біздің Көкшетауда да ДОМБЫРА ПАТИ өтті, иншалла фото видеосын салармын! Осыла қазақ дәстүрін дәріптей береік!
nur_ai_mak125
ТАРАЗда болады ма екен осы?
AKA
Иә, жиі болмаса да өтіп тұрады. Мына видеоны қарап көріңіз, Т, Рысқұлов саябағында өтеді екен.
www.youtube.com/watch?v=dnjwO11radA&feature;=youtu.be
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.