Қаржы туралы журнал

«Просто о финансах» журналының кезекті саны жарыққа шықты. Еске сала кетейін, бұл журнал Kaspi bank-тің қаржы туралы басылымы болып табылады. Таралымы 200 мың даналық басылым, жылына 4 рет жарық көреді. Орыс тіліндегі нұсқасын қазірдің өзінде банктің барлық филиалдары мен бөлімшелерінен алып оқуға болады. Осы аптада қазақ тіліндегі нұсқасы жарық көреді. Журнал несімен пайдалы?

Бұл нөмір жаз айына арналып отыр. Сондықтан жазда ағзаны қалпына келтіру пайдалы. Бұл ретте сіздерге Денис Тен, Владимир Исаченко сынды әлем чемпиондары қандай тамақ ішетіндігі туралы ойларымен бөліседі. Чемпиондар күніне 4 мәрте тамақ ішу керек дейді. Жұмыс істейтін әрі жанұялы аналарға уақытты қалай үнемдеу керек? Радиожүргізуші Диана Снегина, сән үлгісін қалыптастырушы Камила Курбани өз тәсілдерімен бөліседі. Сондай-ақ қазақстандықтардың ең сүйікті демалыс орындары Алакөл, Сарыағаш, Бурабайдағы ең танымал демалыс аймақтарының бағалары, көрсететін қызметтері, пинустары мен плюстары туралы ақпарат ала аласыз. Сондай-ақ, дизайнер Марина Мацкевич шағын пәтерді алай «кеңейтуге» болатыны туралы кеңестерімен бөліседі. Ал, ақпаратты құпия сақтау туралы кеңестерді сіздерге «Касперский» зертханасының веб контентті саралау тобының жетекшісі Константин Игнатьев ұсынады. Оның айтуынша ең көп таралған құпия сөздер: «Password», «monkey», «123456». Еліміздегі балық ұстауға ең қолайлы аймақтар туралы да журналда кеңірек ақпарат берілген.

Сонымен қатар, үйлену тойын ұйымдастыру, мәзір таңдау туралы ақпараттар да ала-аласыз. Айтпақшы, Kaspi bank қазіргі кезде жұмысқа қызметкерлер қабылдауда. Kaspibank.kz сайтына кіріп, бос орындар туралы ақпарат алып, түйіндеме жіберіп көріңіз. Мүмкін, сіз де біздің банк қызметкері атанып қаларсыз.

1 пікір

avatar
  • Jako
  • 0
Айтабердің логосы неге қызыл десем Каспий Банкпен туыспыз ау деймін…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.