Русское Радио Азия толқыны ұлттық нақышқа бет бұрды

AitaberPress /
Русское Радио Азия толқыны әрдайым тыңдармандарын қызықты жаңалықтарымен қуантып келеді. Осы жаздың тағы бір жаңалығы – Русское Радио Азия Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздарының қатысумен ұлттық нақыштағы музыкалық джинглдарды жазды. Атап өтетін болсақ бұл жобаға сазгер әрі әнші Ренат Гайсин, Сазген Сазы ансамблі, актер әрі әнші Талғат Кенжебулатов, «Х-Фактор» жобасының жобасының жеңімпазы Дария Габдулл, «Дервиши» тобы, әнші Парвиз Назаров, продюсер әрі сазгер Максим Кичигин, скрипкашы Зара Есенаман және академиялық баритон Тимур Алдаберген.
AitaberPress: Русское Радио Азия толқыны ұлттық нақышқа бет бұрды
Бұл жобаның авторы, радиотолқынның бас продюсері Исмаил Игильманов жоба жайында былай деп ой бөлісті:
— Русское Радио Азия тыңдармандарына ресей музыкасының заманауи жаңа әуендерімен қатар, үздік қазақ әндерін ұсынып келеді. Өткен жылы арнайы біздің эфир үшін ең әдемі қазақ тіліндегі әуендер іріктеліп, жиналды. Мыңнан астам композицияларды тыңдап, біз радиотолқынымыздың форматына сәйкес келетін жүз әнді таңдап алып, эфирге шығардық. Роза Рымбаеваның «Атамекен», JCS тобының «Сұлулық», Үркер тобының «Махаббат әні» синглдары, сонымен қатар баяғыдан келе жатқан, халықтың сүйікті әндеріне айналған «Егіз-лебіз» секілді әндер жаңаша орындауда эфирге шықты. Мен өзім бұл әндерді сүйіп тыңдаймын. Алайда қазіргі уақытта тыңдармандардың қызығушылығын жоғалтпау үшін контентті жаңартып отыру керек. Қазақ тіліндегі заманауи әндердің көптігіне қарамастан, кейде таңдау жасау өте қиын. Біз бір күндік, ұмытылып кететін әндерді халықтың алдына шығарғымыз келмейді. Бізге ұлттық мәдениетіміздің бөлшегі ретінде құнды, сапалы орындалған музыкалық композициялар қызықты. Осы тұста біз эфирге шығаратын эстрадамыздың барлық әндер ауқымын қамтыдық, ал қызықты жаңа материалдар аз болғанын түсініп, өзіміздің жүрекке жақын қазақстандық роликтерді жасау ойы келді. Бұл роликтерде ұлттық нақыш та, туған жерге деген махаббат та бар. Онымен қоса бұл өлеңдер өте жеңіл тыңдалады әрі атақты музыканттармен орындалған.
AitaberPress: Русское Радио Азия толқыны ұлттық нақышқа бет бұрды
Жобаның келесі қатысушысы музыкалық джинглдарға арнап өлең жолдарын жазған журналист Наталья Слудская. Бұл кісі қазақстандық орындаушылардың әндеріне сөз жазып қана қоймай, танымал телевизиялық жобалардың бас редакторы болып жұмыс атқарарып келеді. «Радиотолқынның джинглдары тыңдарман үшін қаншалықты маңызды? — деген сұрағымызға: — Адамға “қайырлы таң” деген сөзді есту қаншалықты маңызды? Бұл орайда да дәл сол секілді. Қысқа музыкалық үзінділер музыкалық толқынды бірден танырлықтай етіп, тыңдарманмен сәлемдескендей болып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сіз бұл «Русское Радио Азия» екенін естідіңіз – бұл керемет! Сіздің әуеніңіз, сүйікті жүргізушілеріңіз, жақын, жағымды атмосфера. Яғни бәрі жақсы болады деген сөз. Мен өзім Русское Радио Азия толқынында бірнеше жыл істедім. Жұмысымды ауыстырсам да, ол жердегі әріптестерім мен достарыммен хабар үзген жоқпын. Біз жиі кездесеміз, сөйлесеміз. Сондай бір жиын кезінде ресей стансиясының эфирін толықтыратын джинглдар жайында сөз қозғадық. Ресейдің танымал орындаушылары радио елдің барлық тұрғындарын біріктіреді деп шырқаса, неге бізде өзіміздің қазақстандық джиглдарымызды жазбасқа деген ойға келдік. Алайда өлең жолдарында сыңғырмақ пен қайыңның сыңғыры емес, самаурын мен тоқаш туралы емес, тоқты, жайлау, туған өлке мен тау жөнінде сөз қозғалуы керектігін сезіндім.
AitaberPress: Русское Радио Азия толқыны ұлттық нақышқа бет бұрды
Сазгер, продюсер, әнші Ренат Гайсин Азияда секілді үлкен масштабты жобаларға да музыка жазып, киноға арналған саундтрек те ойлап тауып, миллиондаған тыңдармандары бар радиоға да джингл жазып үлгереді. Өзінің қолынан шыққан джингл Ренаттың көңілінен шықты ма екен?
— Әрине, қөңілімнен шықты. Алайда тыңдармандардың бағасы екі, үш есе қуантарлықтай болады деген ойдамын. Бұл менің джингл жазудағы бірінші тәжірибем емес, алайда қазақша стилистикадағы бірінші тәжірибем. «Джингл» түсінігінің өзі бренд. Джингл – ол телеарна болсын, радио болсын, мәдениетіміздің бір бөлшегі. Русское Радио Азия болғандықтан, қазақ мәдениеті мен менталитеті, қазақ тыңдарманы үшін қазақи нақышта болатындай етіп, джинглды жасау ойы мені шабыттандырды. Осы толқынды сүйіп тыңдайтын тыңдармандар көп, мен де олардың қатарындамын. Жұмыс бабымен шетелге барған кезімде, сол елдің музыкалық джинглдарын тыңдаймын. Олардыкін тыңдап, олардан қалыспайтындай деңгейде жасау керектігін түсіндім. Бірақ біздің әуендер, музыка басқа халықтың мәдениетімен салыстыруға келмейді, себебі қазақ музыкасы мен оның адамдарға тигізетін әсері өте ерекше. Ал өз тарапымнан Русское Радио Азия толқынының тыңдармандарына жақсы әндер тыңдап, әрдайым көтеріңкі көніл күйде болуларына тілектестігімді білдіремін.
AitaberPress: Русское Радио Азия толқыны ұлттық нақышқа бет бұрды
«Сазген сазы» халық аспаптарының оркестрі ерекше таныстыруды қажет етпейді. Этно-фольклорлық ұжымның репертуары мен шеберлігіне олардың Үлкен театр, алаң, камерлік зал концерттеріндегі өнер көросетулерінде халықтан бастап елбасынан дейін қошеметпен қол соғады. Русское Радио Азия жобасына қатысуға не түрткі болды? Ө деген сұрағымызға оркестрдің жетекшісі Бағдат Тілегенов былай деді:
— Өзіміздің ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатымен бұл жобаға қатыстым. Қазір қарап тұрсаңыз жастар батыстың өлеңдерін тыңдап, солардың мәдениетіне әбден жан-тәнімен еніп кеткен секілді. Ал біздің мақсатымыз оларды халық музыкасына, өзіміздің ұлттық бастауларымызға, тарихымызға жақынырақ бойлауларына үлесімізді қосу. Міне, Русское Радио Азияның көмегімен жастардың халық музыкасына жақындастыруға тырысамыз. Ұлттық әуен радионың оқушы, орта жастағы, егде жастағы тыңдармандарына өте маңызды. Мен замануи, классикалық, халық музыкасы секілді, музыканың түрлі жанрларының радиодан шырқалуын құптаймын. Алайда тепе-теңдіктің болғаны дұрыс. Менің Русское Радио Азия тыңдармандарына тілегім сапалы әндер тыңдап, еліміз сүргін мен зіл-заладан аман болып, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүріп, өнеріміз өрге бассын.
AitaberPress: Русское Радио Азия толқыны ұлттық нақышқа бет бұрды
Дильмурат Бахаров – «Дервиши» тобының орындаушысы әрі жазған музыкасын Нурлан Абдуллин, Дильназ Ахмадиева, Асылбек Еңсепов, Лана және тағы да басқа қазақ эстрадасының жұлдыздары орындап жүрген сазгер. Жобаның ұйымдастырушылары Дильмуратқа трек жазып, оны «Дервиши» тобы орындасын деп ұсыныс жасаған болатын. Бұл ұсынысты Дильмурат Русское Радио Азияның тұрақты тыңдарманы болғандықтан, қуана қабылдады: — Әрине, мен Русское Радио Азияны жиі тыңдаймын. Сондықтан да бұл жұмысқа барынша жауапкершілікпен қарап, бәрін жоғарғы деңгейде жасауға тырыстым. Біріншіден, мен сазгер болғандықтан, ән жазу болсын, музыкалық джинглды жасау болсын, мен үшін өте қызықты жұмыс. Радироға арналған джинглды жазу үшін мен біздің топтың қай музыкасына салып орындау керектігін ойладым. Одан кейін «Айнала» әнін таңдадым, өзімнің ойымша сәтті шықты. Барлық тыңдармандарға сәттілік, ырыс-береке, молшылық тілеймін және Русское Радио Азия ттолқынын тыңдап жүріңіздер.

Парвиз Назаров өзі жазған әндерін орындайтын әнші ретінде танымал. Оның қаншама әндері бір күрсініп, көзге жас алуға, бірде бәрін ұмытып, би билеп, шаттануға шақырды. Русское Радио Азияның джинглына арналған музыка әлі дайындық үстінде. Бірақ Парвиз Назаров джинглға негіз ретінде оның бұрыннан бері халыққа танылған әуені болады ма, жоқ әлде жаңа туынды ма әлі шешкен жоқ. — Бұл өте қызықты жұмыс. Маған өлең жолдары өте ұнады. Бірақ бұл өлең жолдарын танымал музыкаға қосып шырқау өте қиын. Әзірше мен репертуарымдағы 3-4 композицияны алдым. Ол «Белые облака», «Еду на юг», сосые шыққанынан екі жылдай болған тағы екі композиция. Одан басқа «Я не умею играть на гитаре» деген әніме джинглға арналған өлең жолдарын сәйкестендіріп көрсем деген ойым бар. Бірақ жоба авторлары джингл шығыс үлгісінде әрі көңілді ырғақта болса деп ниет білдірді. Бар қиындық та осыда болып тұр. Алайда осы жұмысты жақсы деңгейде жасауға бар күшімді саламын. Ал Русское Радио Азияның тыңдармандарына зор денсаулық, жұмыстарында табыс, алға ілгерілеуді тілеймін, аспанымыз ашық болсын.
AitaberPress: Русское Радио Азия толқыны ұлттық нақышқа бет бұрды
Ғазиза Габдрахимова – халық музыкасын орындайтын қобызшы. Газиза жеке үнтаспаларын шығару барысында ұлттық реңк пен заманауи әуендерді жақсы үйлестіреді. Русское Радио Азияның музыкалық джинглы үшін Ғазизаның қобызды ойнаған композициясы қолданылды. Бұған Ғазиза келісімін бірден берді: — Менің ойымша, бұл өте маңызды, ерекше жоба. Өйткені Русское Радио Азия отандық радиотолқынымыз болғандықтан, ұлттық әуен маңызды. Мен бұл роликтерді тыңдап шықтым, олар менің көңілімнен шықты, себебі оларда басқа музыкалардан ерекшеленетін ұлттық реңкі бар. Ал Русское Радио Азияны мен менің кеңістігімде, әріптес достарымда музыкалық тұрғыдан қандай жаңалық болып жатқанын білу үшін тыңдаймын.
AitaberPress: Русское Радио Азия толқыны ұлттық нақышқа бет бұрды
Талғат Кенжебулатов «Х-Фактор», «SuperStar.kz» жобаларының қатысушысы, көптеген сериалдарда басты рөлдерді сомдаушы әртіс, әнші әрі сазгер. Ол ең көңілді джинглды орындаған болатын: — Шын мәнінде бұл джинглды мен жай ғана қиялымды қосып орындадым. Мен Русское Радио Азияны баяғыдан тыңдаймын және форматымен де жақсы таныспын. Осының арқасында мен осындай қызықты тректі жазып шығардым деп ойлаймын. Барлық тыңдаушыларға молшылық, табыс, денсаулық тілеймін және менің әндерімді тыңдауды ұмытпаңыздар.
AitaberPress: Русское Радио Азия толқыны ұлттық нақышқа бет бұрды
Академиялық баритон Тимур Алдаберген бізге «Меццо» квартетінің орындаушысы ретінде таныс, енді ол жеке орындаушы ретінде танылып жүр. Оның қоңыр дауысымен айтылған өлең жолдары тыңдармандардың көңілінен шығады деген сенімдеміз. — Шынын айтсам, мен бұл жобаға өте үлкен ынтамен қатыстым. Былай ойлап қарасаңыз, төрт шумақ жолды айту ешқандай қиындық тудырмайтын секілді. Алайда бұл өте жауапты жұмыс, себебі Русское Радио Азияны миллиондаған тыңдармандар тыңдайды. Мен сүйікті радиотолқынымды келе жатқан туған күнімен құттықтаймын. Тыңдармандарын қуантып, объективті ақпараттарды ұсынып, жақсы көңіл күй сыйлап жүре берсін.
AitaberPress: Русское Радио Азия толқыны ұлттық нақышқа бет бұрды
Біздің сүйікті әрі танымал радитолқынымыз осы жылдың қыркүйек айында 14 жылдығын атап өтеді, — деп бұл жобаның ұйымдастырушысы, продюсер Гульбахор Хасанова ой бөлісті. Наталья Слудскаяның бұл жобаға арнап жазған өлең жолдары өте керемет. Әрбір сөз отанға деген махаббатқа тұнып тұр. Мен біздің кермет джинглдарды жасауға ат салысқан ақынға, музыканттарға өз алғысымды білдіремін. Бұл жоба тыңдармандардың да көңілінен шығады деген сенімдемін.
Авторы: Жадыра Бейқұтқызы

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.