Контрактниктің әңгімесі

AitaberPress /
Өткен жолы әскери оқу бөліміне жолым түсті деп айтып едім. Сол жерде 1-2 сарбазбен әңгімелесудің реті келген. Дархан видеоға түсуге қарсы болды. Әңгімесін диктофонға жазып алып, суретке түсіруге ғана рұқсат берді.


AitaberPress: Дархан Дүйсенбайұлы

Аты-жөнім Дархан Дүйсенбайұлы, 36352 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет етемін.
Механик жүргізушісімін. Осында 2013 жылдың мамыр айында келдім.

AitaberPress: Контрактниктің әңгімесі

Қарағандыда оқу бітіргеннен кейін бір жыл жұмыс істедім. Сосын әскерге шақырды. Үй іші жылап...


AitaberPress: Контрактниктің әңгімесі

Үйдің кенжесімін. Алдымда екі ағам бар. Біреуі — 83, біреу — 86 жылғы. Екеуі де әскерде болмаған. «Мені тастап қайда барасың деп...» анамның жылағаны бар. «Бір жыл деген тез өте шығады. Түк те етпейді» деп жұбатқаным бар.

AitaberPress: Контрактниктің әңгімесі

Мерзімді әскери қызметімді Жамбыл облысы, Отарда өтедім. Бір жыл деген тез өтіп кетті.
Басында бір жылдықта үйге хат жазатынбыз. Жексенбіде күні бойы демалас. Күні бойы казармадасың. Суретке түсеміз, «Сағыныш хат» деп хат жазатынбыз.
AitaberPress: Контрактниктің әңгімесі

Бір жылдық әскерім аяқталған соң, осында келдім. Контракті бойынша келу үшін әскерге шақырылғандай тағы да құжат жинайсың. Отнешение аласың. Анкета тапсырасың. Психотест тапсырасың. Медкомиссиясы бар. Соның бәрін тапсырып, өттім. Келісімшартқа қол қойдым.
AitaberPress: Контрактниктің әңгімесі

Казармада тренежарный бөлме бар. Психологиялық демалыс бөлмесі бар. Арнайы наряд демалатын бөлме және сарбаздар жататын бөлме бар.

AitaberPress: Контрактниктің әңгімесі
Келісімшарт бойынша әскери қызмет дегеннен қорқатын ештеңе жоқ. Отаныңа қызмет етесің. Құдай сақтасын, алда-жалда жағдай бола қалса, әскерің дайын болуы керек. Сол әскерді дайындаймыз. Жас мамандарға қару-жарақты қалай қолдану керектігін, техниканы қалай жүргізу керектігін үйретеміз.

AitaberPress: Контрактниктің әңгімесі

Құдай қаласа, көреміз ғой. Бір орында тұра бермейсің. Ауысасың, дәрежең өседі. Стажың болады. Әскери қызметте бір жыл істесең, еңбек жолың бір жарым жылға есептеледі. Екі жыл істесең үш жыл істедің деген сөз. Зейнеткерлікке 45 жаста шығатының содан. Былай қарасаң, жассың ғой әлі. 45 жасқа келгеннен кейін де өмір бар, бұйыртса…



Суреттерді түсірген Асхат Еркімбай

2 пікір

MSHERIMBEK
әскери қызметімді Жамбыл облысы, Отарда өтедім
Ағалардан мына жер ең қиын бөлім деп еститінмін :)
Менің жан досым Шымкентте келісім шарт бойынша қызмет етіп жүр. Кейде, әскерге бармағаным үшін әкемнен ұялып қалам. Былай дайынбыз ғо :)
urimtal
Иә, мен де солай естідім. Әрбір әскери бөлімнің өз ерекшелігі бар екені даусыз. Досыңызбен хабарласып, пікірлесе алсам жақсы болар еді. Айтаберліктер өз қаһармандарын білуі керек :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.