Контрактник болудың 12 себебі

AitaberPress /
Келісімшарт негізіндегі әскери қызметшіге тиесілі артықшылықтарды көріп, өзімнің де әскери қызметкер болуға қызығушылығым артып отыр. Екіншіден, әскеріне осындай мүмкіндік жасап отырған еліміздің әлеуетіне де шүкіршілік деймін. Үшіншіден, уақыт өте келе "әскери қызметкер болсам..." деп армандайтын бүлдіршіндер көбейеді деп үміттенемін. Сонымен, Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңға сәйкес келісімшарт қызметіндегі әскерге төмендегідей жағдайлар жасалмақ:

AitaberPress: Контрактник болудың 12 себебі
1. Тұрақты және кепілдендірілген айлық

80 мың мен 150 мың теңге көлемінде айлық төленеді. Айлық мөлшері әскери шенге байланысты. Айлық әскери қызметтің өтіліне және шеніне орай жоғарылап отырады.

2. Зейнетақы қорына айлықтың 20 %-ы мемлекет есебінен аударылады

Яғни, көрсетілген айлық қолыңызға тиеді. Сонымен қатар зейнетақы қорындағы сомаңыз да өздігінен жиналып отырады.

3. Мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілесіз

Келісімшарт негізіндегі әскери қызметкер баспанамен қамтамасыз етіледі. Егер әскери қызмет өтіп жатқан жерде қызметтік пәтер болмаса, пәтерақыңызды мемлекет өзі көтереді. Пәтерақының мөлшері тұрғылықты жер мен отбасының санына байланысты. Мысалы, үш адамдық отбасы үшін пәтерге төленетін өтемақы төмендегідей:
  • Астана қаласы 113 994 теңге
  • Ақтөбе қаласы 56 808 теңге
  • Өскемен қаласы 48 114 теңге
  • Тараз қаласы 34 614 теңге
4. Медициналық көмек

Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері әскери-медициналық мекемелерде мемлекет есебінен (диагоностика және ем) қаралады
5. Заттай мүлікпен қамтамасыз етілесіз

Бектілген нормаға сәйкес әскери киіммен қамтамасыз етіледі
6. Тегін тамақ ұсынылады

Қызмет кезінде, әскери жаттығулар мен әскери эшолондарды тасымалдауда, станционарлы ем-дом қабылдау кезінде бекітілген нормаға сәйкес мемлекет есебінен тегін тамақ беріледі
7. Көшіп-қону жәрдемақысы беріледі

Әскери келісімшарт негізінде бір жерден екінші бір жерге 100 шақырымнан ұзақ жерге көшу кезінде әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге қоныс аударған әрбір отбасы мүшесіне айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақысы төленеді.

8. Жыл сайын демалыс беріледі

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі. Демалыс ұзақтығы күнтізбелік есептеуде еңбек сіңірген жылдарына байланысты белгіленеді. Мысалы,
  • 10 жылға дейінгілерге 30 тәулік
  • 10 мен 20 жыл аралығында еңбек еткендерге 35 тәулік
  • 20 және одан көп жыл еңбек еткендерге 40 тәулік

9. Қосымша демалыстар

  • Оқу демалыстары жоғарғы оқу орнына түсуге емтихан тапсырушыларға беріледі
  • Шығармашылық демалыстар ғылыми ізденушілер мен ғылыми дәреже иеленушілерге беріледі

10. Оқу ақысының жартысын мемлекет өзі көтереді

Егер келісімшарт негізіндегі әскери қызметкер күнтізбелік есеп бойынша сегіз жыл әскерде сарбаз (мотрос), сержант (старшина) болса, Қазақстан Республикасындағы оқу орындарының біріндегі ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының 50 %-ы мөлшерінде өтетуге құқылы.
11. Әскери қызметкерлердің балалары

Келісімшарт негізіндегі әскери қызметкердің балалары тұрғылықты жерлері бойынша мектепке дейінгі мекемелерге кезексіз қабылданады.
12. Қосымша мүмкіндіктер

Сонымен қатар келісімшарт незіндегі әскери қызметін жалғастырушылар
  • жаңа мамандық алып шығады
  • басшылық дағдыларын қалыптастырады
  • физикалық дайындығын күшейтеді
  • жаңа әскери техниканы үйренеді
  • барлық қару түрін игереді
  • өзге елдер мен қалаларды көреді

Қазақстан әскері 2016 жылы тұтастай келісімшарт негізіне өтетіндіктен келісімшарт қызметіндегілерге айрықша жағдайлар қарастырылады деп ойлаймын. Мәселен, әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін кейбір өңірлерде арнайы үйлер де салынады дегенді естігенмін. Сонымен қатар оқу орындарындағы әскери кафедралар да енді бірінші курстан бастап оқыта бастайды. Келісімшарт негізіндегі әскери қызметке қатысты заңнамамен танысып шығамын десеңіз, сілтемесі мінекей — Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы.

5 пікір

Jako
Е.Азнабайдың Каспийбанкті жарнамалағанындай екен контрактник туралы жазбаларың))))
urimtal
Келісімшарт туралы ақпарат іздегендер болса, оңай түсіне қойсын деп осылай жазғаным ғой. Ортасына слайд қосайын деп едім, flash code-тар шықпайды екен. Садық іссапарынан келген соң кодтарын бір қарайтын шығар деп отырмын.

Жазбаларымды үнемі мұқият қарап жүргеніңізге көп рахмет!
Korkem
Өзіне пікір жазуды да үйреніп алыңыз)))
Ainamatai
ия келісім шартпен әскери қызмет етудің жақсы жақтарын атап өттіңіз, сондай керемет болып жатса неге біздің ер азаматтардың барлығы сол контрактник болып кетдейді екен!?
Jako
Отанын қорғауды ақшамен өлшеудің аяғы қалай болар екен?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.