Назар аудар! Байқау!

AitaberPress /
Оңтүстік Қазақстандағы достарға құлаққағыс! Облысымыздағы талантты жастарды қолдау мақсатында «Табысты жас Қазақстандық» өңіраралық жастар сыйлығы (одан әрі – Жастар сыйлығы)тапсырылмақ. Байқау 15 номинация бойынша ұйымдастырылып отыр екен. Сіздер „Үздік жас блоггер“ номинациясы бойынша бақ сынап көріңіздер.
Талаптары:
Байқауға қоғамдық-саяси қызмет саласында еңбек өтілі 1 жылдан кем емес, 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстанның жас азаматтары қатыса алады.
Сыйлықты алуға талаптанатын үміткер:
— қоғамдық жұмыстың әр түрлі саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысуы;
— әлеуметтік желілерде белсенді болуы;
— әлеуметтік желіде елеулі жетістіктерге жетуі;
— өз қызметі саласында қоғамдық тануға ие болуы қажет.
Байқауға қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсыруы керек:
— байқауға қатысу жөніндегі өтінім (қосымша 1);
— жеке куәлігінің көшірмесі;
— еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
— Өзі жайлы арнайы 1,5 минуттық бейнероликті түсіру;
— үміткердің жеткен жетістіктерін растайтын баспа, телевизиялық және электронды БАҚ-тан материалдар (мақалалардың кесінділері, газет, журналдан үзінді (немесе олардың көшірмелері); бейнесюжеттер, роликтер (электронды тасығышта); электронды БАҚ-қа сілтеме);
— мемлекеттік органдар және/немесе мекемелерден, басқа да ұйымдардан ұсыным хаттар;
— үміткердің атына берілген лицензиялар, патенттер, куәліктер, дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар, сертификаттардың көшірмелері;
— 7 сурет: құжаттарға арналған стандартты 1 сурет, «жұмыста» — 3 сурет, «бос уақытында» — 3 сурет (суреттер баспа және электронды тасығышта, JPEG форматында, 3000*2000 кем емес рұқсатта ұсынылуы тиіс);
— «Неге мен «Жастар» сыйлығына лайықтымын» тақырыбында эссе (көлемі — MS Word 1 бетінен аспауы керек, қаріп Times New Roman, кегль 14, аралық 1,5).

Байқауға мәлімдемелерді немесе сауалдарды келесі реквизиттер бойынша: ОҚО, Шымкент қ. Желтоқсан көшесі н/з үй жолдау керек.
Байқауға мәлімдемелерді беру уақыты: 2013 жылғы 15 қарашаны қоса есептегенде сағат 17:00-ге дейін.

5 пікір

aikosh
қосымша сауалдарыңыз болса, маған хат жолдауларыңызға болады. Менде толық ережелері, қатысуға өтініш бар. Менің поштам Gulim90@gmail.com
MSHERIMBEK
Айкоооооооооооош :)
Kan
неге оңтүстік өңір ғана бізде байқауға қатысқымыз келсе ше?
aikosh
аааау))))) мен келдім ғой қатарларыңа қосылу үшін)))
rauan
Осыншама талаптарды көріп, желание қайтып қалды ғой кәрдімгідей))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.