Алысты жақындатқан 2013 (жыл қорытындысы)

AitaberPress /
Баршаңызға сәлем! AitaberPress: Programming Solutions: Алысты жақындатқан 2013 (жыл қорытындысы) (Бір кездері постты сәлеммен бастауға қарсы болғандарыңызды білем, Зейнеп Ахметова апамыздың «Бабалар аманаты» атты кітабын оқығалы бері, сәлемдеспей пост бастауды өзіме ұят, тіпті ар санаймын)

Айтаберді жаңа қырынан көру бақытқа жетеледі, ұзағынан сүйіндірсін! Ақнұр Бектеміске алғысым! AitaberPress: Programming Solutions: Алысты жақындатқан 2013 (жыл қорытындысы)

1. Қыс. Мүшел жас.
ЖЫЛАН жылы мен үшін қорқынышты басталды. Туылған күнім қаңтар айы болғандықтан мен осы жылы мүшел жасқа ендім. Мүшел жасты еске алмауға тырысып, жыл бойы найза ұшында жүгендей күй кешкенім рас. Дегенімен, бекер екен. Бұл жылы көп жақсыларымды жоғалтқаныммен, сәттіліктер кеңінен орын алды.

2. Көктем. БлогҚұрылтай. Шымкент. Эх, ең қызықты мезгіл болар осы Көктем)) Былтыр БлогҚұрылтайдың Шымкентте болғаны баршаңызға аян. Абылайды көрген көктем бұл:
Бір құпияммен бөлісе кетейін, Абылай — менің әлсіз тұсым AitaberPress: Programming Solutions: Алысты жақындатқан 2013 (жыл қорытындысы)

Барым да, нарым да осы екеуі:


Менің сүйікті әжежауым. Есімі — Ақнұр Бектеміс!


Көктем соңын ала бере мен алғаш рет Алматыны көрдім, ғашық болдым әрине)))

Алысты жақындатқан, осы екімыңонүштің көктемі еді. Виртуалды көріп, біліп қана жүрген қаншама майталманды осы көктемде көзбен көрдік. Ыстық құшақтарды да айқастырған осы көктем болатын. Ғашықтарды да табыстырған көктем-тін. Ыстық, тым ыстық көктем бұл!

2. Жаз. Астана. Ораза.
Сіздерге шынайы өмірге қарағанда виртуалдағы өмір қызықтырақ қой, білемін. Шынайы өмірде мен үшін ерекше болған біздің үйдегі той еді, үлкен той!
Жаздың орта шені, оразаның басталуымен тұспа тұс Майрош братанмен Астанаға барып қыдырыстап қайттық. Осы Астанада, сол жылы ең алғаш және соңғы рет Домбыра-Патиге қатыстым. Марко быраттың дауысы құлағымда әлі жаңғырады.)) Суреттерді таппай отырмын, ренжімессіздер))

Ораза тұттық, Алла деп. Жым-жырт өтті жаз деген. Қуғандарымды айтпай-ақ қояйын))

3. Күз. ТЕХШымкент.
Күз басында Шымкентте өткен конференция тағы да алысты жақындатып кетті. Дегенімен кәдімгідей ұмытылып қалғандай. Естеліктер де жоқ секілді ме, қалай?! Алдыңғы өшіп кеткен постымда осы күзді көлдей етіп жазып ем, есіме түспей тұрғанын қараш(((

4. Қыс. АИФ. Абай Асанкелдіұлы
Қыстың басы тағы да Астанаға жол жүрумен басталды. Тағы да алысты жақындатты))

Менің көңілсіздігімді сейілткен сапар болды. Бойыма күш-қуат жинап келдім)) Өткен жылға өкпем жоқ. Қош мүшел жас!

Жыл ерекшелігі: Asmaziri.kz сайты өмірге келді. Садық Шерімбек үйленді.

Пы/сы: Алдыңғы өшіп кеткен постым жан-жақты қамтылып еді, әлі ішім күйіп отыр((( Мына пост көңілімнен шықпады, сіздерге қалай екен?! Әй, сонда да ішім күйіп тұр, біраз нәрселер ұмыт қалды-ау((((

8 пікір

MSHERIMBEK
Unady arine :) Otken jyl shynymen tym jaksy boldy. Osy jyl odan da keremet bolgay :)
AKA
«Ренжіп» қалдым, мені әжежау деп…
Korkem
Үбәй, жәнім-ау, ешкімде жоқ менде ғана бар әжежаусың ғо сен. Мақтанамын! сені айырмасын менен Құдай
rauan
Керемет… Мен үшін де 2013 жылы «Виртуалдағы достарыммен танысу жылы» болды xD… хех бірақ неге постты PROGRAMMING SOLUTIONS блогына салғансыз?
Korkem
Айтаберпресске салған едім негізі, қуып тұр сайт))
AKA
Әй, таяқты алып қашанға дейін отырмақсың и, берсиш
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.