Әскеріміз туралы әлеуметтің ойы қандай?

AitaberPress /


Қазақ әскері кәсібиленуге бет бұрып отыр. Бірнеше жылдан бері әскери салада түрлі реформалар әзірленуде. Осы жайтты негізге алып, жұртшылықтың пікірін білмекке ұмтылдық.

Ұлан Нүсіпәлиев, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, доцент.

Қорғаныстан ақшаны аямау керек деп ойлаймын.
— Әскери өмірдегі қандай қызықты оқиғаңыз есіңізде?

— Әскерде жүргенде көбіне самоловкаға баратынмын. Электричка немесе автобусқа мініп Мәскеуге тартып отыратынмын. Сондағым Қызыл алаңға барамын. Ленинге кіремін. ГУМ-ды аралаймын, кинога барып кешке батольонға қайтып келетінмін. Менің әскери бөліміммен Мәскеу арасы 80 шақырым еді.

— Өзіңіз келісім шарт негізінде әскерге барар ма едіңіз?

— Біріншіден мен әскери борышымды өтеген адаммын, екіншіден жасым өтті. Ал Отанымызға қандай да бір қауіп төнсе қару алып қорғауға әрқашан дайынмын.

— Қазақстан әскері қаншалықты кәсібиленіп келе жатыр?

— Кәсібилік жағынан ешкімнен кем түспейміз, бірақ әскеріміз аз. Жаппай әскерге шақыруды қолға алу керек. Қорғаныстан ақшаны аямау керек деп ойлаймын. Біліктілігі мен тәжірбиеге көп көңіл бөлінуі керек. Жауласқанда жоятын, достасқанда сыйлайтын батырлардың ұрпағымыз.

Жандәулет Әбдіғалиев, студент
Қазіргі уақытта адамзат баласы қаруланудың жаңа деңгейiне көтерілді. Мұнда адамның саны емес, сапасы манызды.

— Әскерге шақырылғансыз ба?

— Жоқ, әскери кафедрада оқимын?

— Мамандығың?

— Саясаттану

— Келісім шарт негізінде әскерге бару туралы не ойласыз?

— Ол әр азаматтын жеке таңдауы. Отан алдындағы парызын өтеп келген азаматтар, ары қарай да елинің Қарулы Күштеринде қызмет атқаруды жөн көрсе ол кұптарлық жағдай

Қазіргі уақытта адамзат баласы қаруланудың жаңа деңгейiне көтерілді. Мұнда адамның саны емес, сапасы манызды. Сонымен қатар көптеген қарулар мен техникалар дамудың тағы бір сатысына көтерілді. Елімізде де әскердін кәсиби болуына көп көнил бөлініп жатыр. Биылғы қарулы күштердің ұраны: «кәсiбилер-армия негізі» болуының өзі мемлекет тарапынан кәсиби әскердің маңызы мен дамуына қаншалықты көңіл бөліп отырғанын көруге болады.

Халмұратов Басымбек, көлік жүргізушісі

Ақшаға Отан қорғау ма? – деп ойлайтындар бар шығар. Бірақ мен қолдаймын. Әркім
табыс тауып, отбасын асырау қажет.

— Әскерге шақырылғансыз ба?

— Иә, шақырылдым. Әскери борышымды Украинада Воронежда өтедім.

— Әскердегі ең қызық оқиғаңыз?

— Өзім кішкентайымнан көлік айдауға қызығатын едім. Әскерде де көлікпен нан тасушы қызметін
атқардым. Осы қызметті атқарғанымның өзі де, мен үшін өте қызықты болып көрінеді.

— Келісім шарт негізінде әскерге бару туралы не ойласыз?

— Ақшаға Отан қорғау ма? – деп ойлайтындар бар шығар. Бірақ мен қолдаймын. Әркім
табыс тауып, отбасын асырау қажет.

— Өзіңіз келісім шарт бойынша әскерге барар ма едіңіз?

— Жас келді ғой. Бірақ кезінде осыны маған ұсынса қуана барар едім. Елді қорғап, Отанға адал қызмет етуден басқа, әр ер азамат үшін осыдан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

— Қазақстан әскері қаншалыкты кәсібиленіп келе жатыр?

— Соңғы кезде әскери қызметті оқитын жастар көбейді. Еліміз әскери салаға көп көңіл бөліп жатыр. Біздің кезіміздегі тәртіп пен қазіргі әскердегі тәртіпті салыстыруға келмейді. Білімді де, тәртіпті де қатар алып жүру керек.

Сауалнаманы жинаған
Айгүл Қожантаева,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің 1-курс студенті

Сурет Ұлан Нүсіпәлиевтің жеке мұрағатынан алынды

1 пікір

ai85
Мына жазба қашан жарияланғанын қайдам, бірақ мен өз пікірімді қалдыруға жөн көрдім.
Келісім шартпен әскери жұмысқа талаптанғандардың қатарындамын. Жасыратыны жоқ қазір жалақы мөлшері де мәз емес, күнкөріс керек, бір жағынан әскери тәжірибе жинаймын деп үміттенем. Бойдақ болғандықтан құдай қаласа мүмкіндіктерді пайдаланып, Алла сәтін салса отбасын құрып,өз жанұямның қорғаны болу арманым. Ұлы Абай атамыз айтқандай ұраным «Сенде бір кірпіш дүниеде, кетігін тапта бар қалан!»
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.