Әлемдегі ең қымбат 6 антикварлы автокөлікткер тізбегі

Автоәлем /
Ассалаумағалейкум Айтарберліктер мен оның қонақтары. Сіздердің назарларыңызға әлемдегі ең қымбат антикварды автокөліктер шеруін ұсынбақпын. Оқи және қарай отырыңыздар. Жәй айтып қалайын дегенім ғо

Bugatti Type 57SC Atlantic 1936 жылғы, $38 млн


Аты аңызға айналған француздың Bugatti компаниясын, өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы автомобиль саласындағы сән-салтанатты автокөліктер эталоны саналған, италяндық Эттори Бугатти негізін қалаған – сондықтан көліктің бұл түрін екі ел өзіміздікі деп алі де бәсекелесуде. 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары Bugatti шеберханасында, аты шулы Этторенің ұлы, Жана Бугаттидің қолынан авангардты дизайынды, 210 а.к (аттың күші) қозғалтқышты бар, жылдамдығы сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүре алатын Bugatti Type 57SC автокөлігі дүниеге келген. Бар болғаны Type 57SC Atlantic сериясынан үш ғана данасы жасалып, соның екеуі ғана осы күнге дейін алғашқы түп нұсқа күінде жеткен.
Суреттегі аспан көгілдір түстес Bugatti Ротшильда әулиетінің үшінші бароны Виктордың тапсырысы бойынша 1936 жылы жасалған. Соңғының алдындағы иесі, атақты автокөлік коллекционері Питер Уилльямсон, бұл көлікті 1971 жылы $59 000 сатып алғанды. Кейін 2010 жылыдың мамыр айында Gooding and Company аукционында 38 млн АҚШ долларына сатқан – бұл автоклік тарихында ең жоғарғы бағада сатылған құн ретінде есте қалды. Сатып алушы, американдық бизнесмен және француз автокөліктерінің коллекционері Питер Маллин, Калифорнияның Окснард қаласындағы Mullin Automotive Museum-де жалпы жұрт көзайымы үшін бұл көлікті көрмеге қойған. Ал екінші сақталған түрі Bugatti Type 57SC Atlantic, қара түсті, атақты американдық модельер және Bugatti-ден туындаған автокөліктер моделін жинаудың фанаты, Ральфа Лоренаның коллекциясын толықтырып тұр.

Аукцион: Gooding and Company, мамыр 2010 жылы

Ferrari 250 GTO 1963 жылғы, $17,7 млн


1962-1963 жылғы шығарылған, Ferrari 250 GTO модельді 36 спорткарлардың бірі. Артқыжетектегі автокөлік, 290 а.к бар, көлемі үш литірлік V12 қозғалқышпен жарақталған және сағатына 280 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Көліктің бұл нұсқасын 2010 жылдың мамыр айында канадалық RM Auctions аукционында атақты британдық теле және радио жүргізуші, өзінің сирек кездесетін осы итальяндық автомобиль фирмасының көрнекті коллекциясында — мұнда, мысалға, алты аппақ және екі қап-қара Ferrari-і бар, Крис Эвансон сатып алған.
Ұзын құлақтың айтуы бойынша бұл ең қымбат Ferrari 250 GTO болып саналмайды, тұра осы сериядағы бір көлік анонимді сатып алушыға 28 млн АҚШ долларына сатылыпты. Алайда бұл жеке сатылым болғандықтан, келісім құны ресми түрде осы күнге дейін нақтыланбаған.

Аукцион: RM Auctions, мамыр 2010 жылы

Ferrari 250 Testa Rossa 1957 жылғы, $12 млн


Аңызға айналған жарыс автокөліктерінің бірі Ferrari 250 Testa Rossa – 1957-1958 жылдары барлығы 22 данасы ғана шығарылған. Бұл автокөлік 300 а.к. бар үш литірлік V12 қозғалтқышымен жабдықталып, 270км/сағ жылдамдығын бағындыруға мүмкіндік береді.
Осы автокөлік 2009 жылы, итальяндық Ferrari компаниясының штаб-квартирасы орналасқан, кез-келген Ferrari сүйер қауымына әулие – Итальяның кішентай Маранелло қаласында өткен, RM Auctions аукцион саудасында топ-лото болды. Нәтижесі аукционды ұйымдастырушылардың бағамдарынан асып түсті: Testa Rossa жалпы сол кездегі және RM Auctions аукцион тарихында болмаған, рекордтық бағаға, 12,2 млн АҚШ долларына сатылды. Сатышу мен сатып алушының аты жөндері жарияланбады. Тек бізге белгісі, бұл автокөлік көптеген жарыстарға қатысып, көп мәтре топ жарып келген.

Аукцион: RM Auctions, мамыр 2009 жылы

Ferrari 250 GT SWB California Spyder 1961 жылғы, $10,89 млн


Тағы да сол RM Auctions, сол баяғы жер – Маранелло, топ-лоттар саудасы, әлбетте Ferrari, бірақ бұл жолы 250 GT California Spyder моделі.
Барлығы шамамен 50 автокөлік, қысқа базалы (SWB) және соншалық ұзын базалы(LWB) дөңгелекпен шығарылған. Ұзын базалы автокөлікте қуаты 250 а.к. күші бар «азаматтық» қозғалтқышпен жарақталса, ал қысқа базалы нұсқасында 277 а.к. бар және 240км/сағ жылдамдыққа жеткізе алатын жарыстық қозғалтқышпен жабдықталған. 2008 жылы мамыо айында сатылымға қойылған Ferrari 250 GT SWB California Spyder, кезінде американдық киноактер, «Великолепной семерки» және «Большого побеганың» жұлдызы, Джеймс Кобрунға тиесілі болған. Бұл көлікке британдық теле және радио жүргізуші Крис Эванс шамамен 11млн АҚШ долларын айамаған.

Аукцион: RM Auctions, мамыр 2008 жылы

Bugatti Type 41 Royale Kellner Coupe 1931 жылғы, $9,7 млн


1930-шы жылдары шыққын, Royale сериясындағы ең сәулетті алты Bugatti автокөлігінің бірі. Автокөліктің жалпы ұзындығы 6,4 м және салмағы 3,1 тонна, 12,7 литірлі сегізцилиндірлі қуаттылығы 300 а.к. бар алып авиациалық қозғалтқышпен жарақталған. Сонымен қатар бұл алып өз заманына сай үлкен жылдамдыққа 160км/сағ дейн жүре ала алған. Сол кезде бұл көлікті алушы адам болмаған, ал Екінші Дүние Жүзілік соғыста Бугатти әулеті автокөлікті ұлтшырдар тәркілемес үшін оны жеке үйдің бір бөлігіне сыртынан қалап тыққан. 1950 жылы әйгілі американдық шабандоз Бриггс Каннингем, шамамен 3000 АҚШ долларына сатып алды. 1986 жылға дейін машина оның жеке көрмесінде тұрды. Финанстық жағдайларға байланысты музей жабылғаннан кейін, Каннингем Christie's-те сатылымға қойып, 9,8 млн АҚШ долларына сатты. Сатып алушы Швецияның «жылжымайтын мүлік корольі» Ханс Тулин үш жылдан кейін тақырға отырып, 1990 жылы ол, японияның Meitec Corporation когломертының хабарлауы бойынша 15,7 млн АҚШ долларына сатқан. Кейін белгілі болғандай Meitec Corporation автокөлікті Bonhams & Brooks жеке аукционына шығарып 10млн Еуроға сатқан. Өкінштісі сатып алушының есімі құпия қалған.

Аукцион Christie’s, қараша 1987 жылы

Mercedes-Benz 540K Special Roadster 1937 жылғы, $8,252 млн


Неміс автокөліктернің соғыс алдындағы тізбегнің шыңындағы, сардарлы Mercedes-Benz моделін, көрнекті инжинер Ганс Густав Рор жасаған және арнайы тапсырыстармен ғана жұмыс істеген. Барлығы 26 автокөлік жасалған, ал сатып алушылары әр түрлі саланың адамадары болған, мысалға гитлерлік миниситр Геринг пен Геббельсе және голивудтің киномагнаты Джек Уорнерде бар. Жалпы Mercedes-Benz 540K Special Roadster 5,4 литірлік сегізцилиндірлі турбокомпрессорлы қозғалтқышпен жабдықталып, ең жылдам сериялы автокөлік болып саналды. Оның жылдамдығы сағатына 180 шақырымға дейін жететін. 2007 жылға дейін «Формула 1-дің» боссы Берни Экклстоуннің жекеменшігінде келіп, сол кісінің ұйғарымымен басқа да автокөліктермен қатар сатылымға түскен. Қазіргі иесінің есімі құпия күйінде қалған.

Аукцион RM Auctions, қазан 2007 жылы

Пы/Сы: Барлық мәліметтер мына жерден алынды
Мен авторлық құқықта сақтадым хехехе

20 пікір

AKA
Маған төртінші автокөлік ұнады. Жақсы аударыпсыз.
kema
Aitpakwy sol tortinwi avtokolikti TOP-GEAR bagdarlamasaynda test jasap jurgizgen. Maganda katty unaidy))))))))))
AKA
Енді айтам ғо осы, былай… быкусымыз да ұқсайды деееп
kema
bilem go))) Uksamaganda kalai bolsyn, endi?!
qyrmyzy
Майрош естімесін
qyrmyzy
ялған түрінен...әттең, басы бос емес
Шынында да төртіншісі сол жылдардағы ең әдемісі деп айтуға болады… Ерінбей аударғаныңызға рахмет..))))
5-ші мен 6-шы маған ұнады керемет! Бағасы ұнамады)))))!
qyrmyzy
қатырдыңыз! 10 минуттық кучт көңіл-күй сыйладыңыз ше…
pari
маған екінші сурет ұнады ол да жақсығо
Manas
Маған осы машина ұнады
mairosh
маған мынау ұнады. Басқаларынан өте ерекше екен,
qyrmyzy
енд сен үшін Кема бәріне дайын!
qyrmyzy
Кема, жарайсың! Қанша уақытың кетті аударуға, маддис!
kema
толық аударып шығуғ үшін бар болғаны 6сағат 18минөт 52секөнд уақыт жібердім))))
qyrmyzy
неткен сыпайылық! Жарайсың! Нау мен ухтайтын уақыт қой, мадддиссс! Ыризааамын!
MSHERIMBEK
Барлығы да өзгеше екен:))) Біздің қырға жүруге жарамайды бірақ:))
төртінші суреттегі Феррари СУПЕР!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.