Көлік салығын қымбаттатқан дұрыс па?

Автоәлем /
Автоәлем: Көлік салығын қымбаттатқан дұрыс па?

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қозғалтқыш (мотор) көлемі 3 мың см3 (текше сантиметрден) 4 мың см3 аралығындағы автокөліктерге салынатын салықты көбейткелі жатыр. Қазір мұндай көліктердің салығы — 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК, 1АЕК- 1731 теңге) шамасында болатын. Енді ол көліктердің салығын қозғалтқыш көлеміне қарай 35АЕК-тен 66 АЕК-ке тен 35-66 АЕК-ке дейін қымбаттайды.

Жүк машиналарына салынатын салық мөлшері жүк көтергіштігіне қарай 10-нан 15 тонна аралығында қазіргі 9 АЕК-тен 15 АЕК-ке дейін, 15 тоннадан артықтарға қазіргі 9 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін көтеру ұсынылуда. Сондай-ақ, заң жобасымен белгілі уақыт аралығында игерілмей жатқан жер үшін салық мөлшерін 10 есеге арттырмақшы.

Алкоголь акциздерінің мөлшерлемесі (коньяктан, брендиден, шараптар, шарап материалдарынан және сырадан басқасы) 2016 жылғы 1 литр спирт үшін 1,6 мың теңге болады. 2020 жылға қарай кезең-кезеңмен темекіге деген акциз мөлшерлемесі 1 мың данаға 9 мың теңгеге жетеді (бұрындары Т1550/1 мың болатын).

jakup.ucoz.ru/

3 пікір

Jako
Көлігімді сатамын да, «Волга» алып мінемін, бәрібір орыс салдақысын мінуге мәжбүрлейді.
beko
Фейсбук видеосына сілтеме
Ал орыс салдақысы болса мынау((
Соңғы өңделген уақыты:
beko
Видеоға екінші сілтеме мұнда
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.