Несиеге автокөлік алу

Автоәлем /

Автокөлік сатып алайын деп едім. Қаржым жетпейді. Автокөлікті несиеге немесе бөліп төлеу жолымен сатып алуға қандай бағдарламалар бар?



Осындай хаттар жиі келетіндіктен, сіздермен автокөлік алу жолдарымен бөліскенді жөн көрдік.

— Қазіргі кезде kaspi bank-те 3 миллион теңгеге дейін несие алып немесе «Автокэш» несиесін қолданып көлікті болуға болады. Немесе бөліп төлеудің «Автоэкспресс» бағдарламасы арқылы автокөлік ала-аласыз. Бұлар қалай жүзеге асады? Кепілсіз, қарапайым несиені кез-келген филиалдан 3 миллион теңгеге дейін рәсімдей аласыз. Бұл несиеге не сатып аламын десеңіз де өз еркіңіз. Банк несиенің қайда жұмсалатынын бақыламайды.

«Автокэш»

те несиенің бір түрі. Оны алу үшін банк филиалына келіп, «Автокэш» рәсімдеуге өтініш бересіз. Мақұлданған жағдайда қолма-қол ақша алып, автокөлік сатып аласыз. Автокөлік кепілге алынбайды. Егер сатып алынған автокөліктің техникалық құжатының көшірмесін банкке келіп көрсеткен жағдайда несиеңіздің пайызы төмендетіледі. Көрсетпеген жағдайда несие пайызы төмендетілмейді.

«Автоэкспресс»

— автокөлік салонынан жаңа көлікті бөліп төлеу шартымен сатып алу бағдарламасы. Мұны алу үшін салонға келіп, көлікті таңдайсыз. Несие рәсімдеу туралы өтініш бересіз. Мақұлданған жағдайда 24 сағаттың ішінде, көлікті алып кете аласыз. Салонда бүкіл құжаттары, көлік нөмірі рәсімделеді. Мұның барлығы банк тарапынан жасалады.

1 пікір

yesbolat83
бөліп төлеу шарты
Бұл, рассрочка ма? Үстіне пайыз қосылмайды ма? Осы туралы толық айтып өтсеңіз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.