Ядролық жарылыс

Білім /
Пост белгілі бір мақсатты көздеп зерттелмеген, ғылыми және басқа да ақпараттық ресурстарға сілтеме берілмейді. Постта автордың жеке ойы ғана баяндалады. Пікір ретінде жазғым келген жазбаны, постқа жазғаным үшін, оқырмандардан кешірім сұралады. (!)

Түймедейден түйедей энергия алу, адамзаттың ертеден бергі арманы. Қарапайым су электр станциясында энергия өндіру қалай іске асады? Су жоғарыдан құлап, энергия далаға кетеді. Осыны адамзат пайдасына жарату үшін, вентилятордың құлақшаларын су құлауына икемдеп, судың астына қояды. Нәтижесінде, ол вентилятор айналып, ортаснда орналасқан моторчикке энергия жүгіреді, генератор ол энергияны токка айналдырып, конденсатор оны жинайды. (кішкентай балалар микросхемада орналасқан конденсаторды «фляг» деп атайтын көрінеді).
Осы ток өндіру моделіне ұқсас басқа да тәсілдері бар. Бүгінде жер шары электромагниттік өрісі арқылы, жел, күн энергиясын пайдалану түрлері бар. Кибернетика сияқты ғылымдар даму үстінде. Қысқасы, энергия өндіру кезінде, адам шығындаған энергиясын толық немесе артығымен өндіріп алу жолын таба алмай келеді. Қарапайым мысал: адам құдықтан су тартып алады, тартып аоынған су тек бұлшық еттен жұмсалған энергияның нәтижесінде су алынды делік. Ал қалған асқазан, қан айналым, денеден шығып жатқан жылу далаға кеткен энергия. Адам өзі күрделі механизм. Сол сияқты, бір міндетті шешетін құрылғылар да кұрделі құрылымнан тұрады.

Уранды жер астынан тас күйінде қазып алады. Алтынға шақ бағалы металл. Кейін өңдеп, тазалап таза уран алады. Қазақ даласы уранға бай: Арқадан Жамбылға, Ақтаудан Арқаға дейін жер асты уранға бай.

Өздеріңіз білесіздер, кез келген зат атомнан құралады. Атом өз кезегінде протон, нейтрон, оны шыр көбелек айналып күзетіп жүретін электроннан тұрады.

Мысалы шаңды білесіз. Сол бір дана шаңның құрамында, бірнеше миллион (миллиардқа жуық) атом жүреді.

Атомдық энергетиканы пайдалану, өткен ғасырдың шамамен елуінші жылдарынан бастап кеңінен пайдаға аса бастады. Сол жылдары АҚШ, Германия, КСРО сияқты державалардың физик ғалымдар жарыса атомдық энергетиканы дамыту жолдарын қарастырған болатын. Әрине. Осы құбылысқа негізгі себеп, уран элементі болды. Нақтырақ, жер бетіндегі энергияның шамамен 98 пайызы, уран 238, оның 90 пайыын байыту арқылы уран 235 алады. Атомдық жарылыстарға у235 қолданады, оның қоры өте аз.

Іске асу барысы: реакция барысыда нейтрон басқа атомдарға соғылып кете береді, әр соғылған сайын орта есеппен жаңа 2,5 нейтрон пайда болады.

Осындай бір капсула уран өнімі үздіксіз бір бірімен байланысқан реакциядан үлкен жарылыс тудырып, қуаты шамамен 40 вагон көмірге тең энергия береді.

Энергия станцияларында, уранды реакцияға жіберіп, су қайнатады. Су шамамен бірнеше жүз градусқа қайнап, бу пайда болады. Оның көмегімен жоғарыдағы «вентиляторларды» айналдырып, генератор көмегімен энергияны токқа айналдырып, адамзат пайдасына жаратады.

Тек, пайдаланған капсула қабықтары, уран реакцияға түскен аумақ пен ондағы заттар т.гел кейін радиоактивті сәуллі объектке айналады. Ол тірі ағзалардың мутацияға ұшырауына себеп болады.

Радиоактивті сәулелер, атом жарылысы болмаса да адам өмірінде кездесе береді, қарапайым мысал: күн сәулесі радиоактивті сәуле болып саналады. Яғни, р. сәуле өз нормасы болады, нормадағы сәуле адам денсаулығына пайдалы. Осы сәулемен емдейтін курорттар да бар.

Тек, әр нәрсе шамадан асса, зиянын тигізеді екен. Осылайша, атомдың энергетика саласы алға сенсацияланып ашылған уақытта, адамдар көп үміт артты. Страгтегиялық жоспар жасап, әлемді жұмаққа айналдырғысы келген. Тек, оның зардабы белгілі болғанға дейін, қаншама сынақтар жасалып тастаған болатын. Бүгінде, бұл сала аса қауіпті әрі тыйым салынған сала.

6 пікір

AL-ASTER
Ядролық полигон аумағынан тараған радиоактивті сіуленің таралу аймағы, түгел ғаламшарды жаулап ала алады.

Қарап отырсақ, КСРО кезінде бассыз жасалған бұйрықтар менжалғыз атом емес, мүлде басқа саладағы көптеген сынақтардың кесірінен, қазақ халқының саны миллиондап жойылған екен. Әрине, тек қана қазақ халқына тіреліп қалған жоқ, жалпы КСРО құрамындағы барлық халық зиянын көрді. Тек, оның нақты қазақ жеріне де тигені жақсы емес әрине.
korwinin_kyzy
Арал тенызы солай кетты емес құрып((((
AL-ASTER
Амиго, жоғарыдағы пікірім дереккөзсіз жазылғаны рас. Бірақ Сізден өтініш, жазған пікірге негіз болатын дереккөзді немесе соңан қатысты нақты фактты да қалдырмай жазғаныңыз жақсы болар еді.
AKA
Дұрыс! Біздегі Қармақшы жаққа «Днепр РС-20» құлаған кезде, зымыран ішіндегі гептил төгілген болатын үлкен мөлшерде. Ал, оның зиянын мен айтпасам да, гугл жеңге тізіп бере алады. Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының шешімі бойынша гептил ең қауіпті 1-класқа жатады екен да, зияндылығы жағынан. Ошым, ешқандай зияны жоқ деп, шамалы ғана топырақты тазалап, кете салды сол кезде орыстар. Сол маңайдағы қазақтың ауылдары берген азын-аулақ тиындарына көніп, сенді. Негізіне келгенде оның зардабы тым үлкен, тіпті сол кездегі әкіміміз қарсы шығып, халықты көшіріңдер не болмаса ақшасын дұрыс төлеңдер деп жанын салған да болатын, Ақыр соңында, әкімдік орнынан кетті, тым алысқа. Ошым, осы оқиғаға байланысты ғылыми жұмыс алып зерттегем біраз, көп материалдарым да бар болатын, топырағын алып, қаламыздағы зертханадан да өткенбіз. бірақ, менің жобам екінші орын алып, жылда орын алатын «Арал теңізін» өткізіп жіберді. Сосын ол туралы ешкім де тіс жармайтын болды, жабулы күйінде қалды ғой. Сол аймақ қауіпті негізі, ол тіпті дәл қазір сезілмесе де, бәрібір зияны көп, жерасты суына кетсе, онда тіптен құрыды деген сөз.
korwinin_kyzy
гугыл ды женге болып кеттыме не))))))
korwinin_kyzy
Ядролық жарылыс түрлері (Виды ядерных взрывов) — ядролық соққы арқылы орындалатын міндеттер мен объектінің сипатына байланысты ядролық жарылыс әуеде, жер үстінде, жер астында, су үстінде және су астында жүргізілуі мүмкін. Осыған сәйкес жер үсті әуе, биіктікті, су үсті, су асты және жер асты жарылыстары болып бөлінеді. Ядролық жарылыс кезінде байқалатын құбьлыстар көп жағдайда жарылыс түріне байланысты болады. Ядролық жарылыстың әрбір түрінің басты ерекшеліктерінің бірі — жергілікті жердің радиоактивтік зақымдалу дәрежесі. Мыс., әуедегі жарылыс кезінде жарылыс эпицентрі ауданындағы жергілікті жерге радиоактивтік зақымдану қаупі төнеді. Ал жер үсті және жер асты жарылысы ядролық жарылыс ауданындағы жергілікті жердің және сондай-ақ радиоактивті бұлттың өту жолындагы жердің едәуір бөлігін зақымдайды. Ядролық жарылыстың белгілі бір немесе басқа түрінің қолданылуы онын зақымдауының ерекшелігіне, зақымдалатын объектінін сипатына және оны зақымдаудың талап етілетін дәрежесіне, сонымен бірге жергілікті жерді радиоактивті зақымдаудың қажетті шамасына және рауалы ауқымына қарай анықталады
ПЫ/СЫ ВИКИПЕДИЯ аман болсын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.