Жәннаттық адам

Білім /
Білім: жәннат пен тозақ
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бірге отырғанда:
– Қазір осы жерге жәннаттық бір адам келеді, — дейді. Сахабалар таңдана бір-біріне қарасып отырғанда бір кісі кіріп келеді. Ертеңіне де, одан кейінгі күні де осы жағдай қайталанады. Пайғамбар (с.ғ.с.) тұрып кеткеннен кейін сахаба Абдулла Омарұлы әлгі кісіге жақын келіп:
– Мен әкеммен сөзге келісіп қалып, үш күн қасына бармауға ант ішіп едім. Сол үш күнді сенің қасыңда өткізсем бола ма? -деп сұрайды. Әлгі кісі келіседі. Абдулла онымен бірге үш түн түнеп, оның түнде де намазға тұрғанын көрмейді. Жақсы сөзден басқа сөз айтқанын естімейді. Үш күн өткен соң оған былай дейді:
– Әй, Аллаһтың құлы, әкем екеуіміздің арамызда ешбір келіспеушілік болған жоқ. Бірақ Пайғамбардың (с.ғ.с.) сен келер кезде: «Қазір жәннаттық адам келеді» дегенін естідім. Сондықтан сенің қасыңда болып, іс-әрекетіңді байқағым келді. Бірақ бір артық ғибадат жасап, амал істегеніңді көрмедім. Сені жәннаттық дәрежеге жеткізген қандай амал?,– деп сұрайды. Сонда әлгі кісі:
– Мен өзің көріп тұрғаныңнан артық амал жасаған емеспін. Бірақ ешбір мұсылманға жүрегімде жамандық сақтамадым. Аллаһтан өзіме не тілесем, өзгелерге де соны тіледім. Аллаһтан біреуге бір жақсылық жетсе, өзіме жеткендей қуандым, — дейді. Сонда Абдулла:
– Сені жәннаттық дәрежеге жеткізген амал осы болуы керек,- депті.

4 пікір

gulli
машаАллах, кімнің риуаят екенин жазуға ұмытып кетіпсіз ғой?
ALLAHUAKBAR
Кімнен келгенін жазбапты
yesbolat83
Машаллаһ, адамзатты турав жолға үндейтін оқиға екен.
Аллаһ барлығымызды жұмақ тұрғындары етуді нәсіп еткей!
ALLAHUAKBAR
Амин ИНЩАЛЛАХ!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.