Интернетте жоба бастаушыға кеңестер

Ооо, сары далаа! Қазақта қашан проблема болып еді?!
© Айта салдым, негізі. Бұл өтірік.
Сен де бір жоба Қазнетке,
Доменін тап та, бар қалан
© Жаңа заманғы поэзия жауһарларынан
____________________________________________________________________________________________________
Иә, достар! Дәл қазір интернетте өз жобаларын бастағалы жүрген әуесқойлар мен профилер көп. Кеше почтамды тексеріп қарасам, бір хат келіпті. Интернетте жобаларын бастағалы жатқан екі жігіт кеңес сұрап хат жазған екен. «Сұрайтын адамды тапқан екенсіңдер», — дедім де қойдым. Бірақ, осы жайлы шала да болса айтып өтуді жөн көрдім. Ендеше, жоба бастаушыларға арналған кішігірім кеңестерімізге құлақ түре отырыңыздар:)

1) Жобаңды әуелі жобалап ал. Жоба аты айтып тұрғандай белгілі бір құрылымнан тұрады. Яғни, жоба жасаудан алдын оның тақырыбы мен аясын шекаралап алуың керек. Қазір көптеген жастар көпшілікке ортақ ресурстар жасағысы келіп, бойынан биік секіруге тырысып жатады. Сол үшін бір сәтке тоқтап айналаңа қара! Жасалынып жатқан сәтті жобалардың көбісі белгілі бір тематикада басталып, одан соң қосымшалармен толыққан.

2) Жалғыздың үні шықпайды. Біздегі көптеген жоба бастағысы келетіндердің басты проблемасы — қу эгоның жетегіне кетіп, жалғыз өзі Рейхстагты алғысы келеді. Ол дұрыс емес. Өзіңе жанашыр және дерттес Команда болуы керек. Тоқ етері, жалғыз жоба жасағың келсе, Ербол Серікбай болудан басқа шараң жоқ:) Ал, Ербол Серікбай болу үшін ең әуелі ...(ақылы контент)..., одан соң ...(ақылы контент)... болуың қажет:)

3) Істейін деп жатқан нәрсеңнен хабарың бар ма өзі? Әрине, осы саладағы азды-көпті білім қажет. Бір жылдары Алматыда жүргенде мені бір көлемді жобаның реализациясына шақырды. Айлықтары жақсы еді, негізі. Бірақ, проблема мынада еді: Басшылар тіпті, HTML мен CSSті ұқпайтын. Ол түгілі, Гигабайт пен Мегабайтты Akonның өлеңдерімен өлшейтін:) Оларда ақша мен ниет болды. Жоба жасалды. Бірақ ары қарай ешкім жүргізе алмады. «Неге?», — деген сұрақ санаңды сан жаққа сабылтып жатқанын сезіп тұрмын. Шынымды айтсам, соны мен де білмеймін. Сондықтан жасағалы тұрған ісіңнен ең әуелі өзіңнің хабарың болуы керек.

4) Әрине, энтузиазм:) қазақ тілді жобаларға қолдау көрсетуге мемлекет қауқарсыздау болып отырғанын ескеріп қойсақ та, вдруг ақша бөлетін болған күннің өзінде құр сөзге ешкім бере салмайды. Сондықтан жоба бір ретке, бір дәрежеге жеткізіп алуға жететін энтузиазм керек. Енді, ол бір айды алады ма, бір жылды алады ма оны білмеймін. Жақсы болса, тұбінде бір жерді тесіп шығары хақ.

5) Заңды бұзба! Жобаң музыка тыңдау, кино көру, тегін бағдарлама көшіру т.б. осы тектес шірік болса, онда 2.27 км ары жүр, айналайын! Онсыз да қоқыс тола. Шыны керек, сайт жасауды үйренгендердің көбісі осылай жасағысы келеді. Және жоғарыда аталғандардың барлығы да ҚР авторлық құқық жөніндегі заңнамасын бұзу болып саналғандықтан, ерігіііп жүріп нетіп қалуың мүмкін да:) Сондықтан жобаң да ондағы дүниелер де барынша уникалды болуы керек. Үнемі оған арнайы уақыт бөлу міндетті!

6) Қасиетті әлеуметтік желілер. Жобаңды көпшілікке таныту, келушілер санын арттыру үшін бұл қасиетті тұрақтар өте жақсы қаруға айналып үлгерді. Сондықтан, Фейсбук, Вконтакте, Мэйл.ру сияқты желілерді таратып отырсаң нұр үстіне нұр бола қалады. Жекеге хат жазып адамдардың мазасын алмааа! Онсыз да олардың проблемалары жетіп жатыр:)

7) Енді, жоғарыда айтылғандарды істеу керек. Беспаевтың туған інісі емес екеніңді ұқ та, іске кіріс!

Пост беталды & ретсіз жазылды. Қатты сөкпесеңіздер де, сөксеңіздер де… білмейм ощм! Өздеріңіз біліңіздер:)

3 пікір

AKA
Дұрыс, жақсы кеңестер!
qyrmyzy
Заңды бұзба! Жобаң музыка тыңдау, кино көру, тегін бағдарлама көшіру т.б. осы тектес шірік болса, онда 2.27 км ары жүр, айналайын!

Беспаевтың туған інісі емес екеніңді ұқ та, іске кіріс!

Бауреееем, біз әлі жүрміз қазақтелекоммен нетіп…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.