"Медиана" ИК коммерциялық директоры Құрбанбаев Өмірбек мырзаға

«Медиана» ИК коммерциялық директоры Құрбанбаев Өмірбек мырзаға
«Айтабер» жастар танымдық блогтұғырының қолданушылары атынан


Өтініш хат


Құрметті «Медиана» ИК коммерциялық директоры Құрбанбаев Өмірбек мырза, былайша айтқанда аға! Өзіңіз білетіндей БлогКэмп 2013 шарасы елімізде осымен 3 жыл өткелі жатыр. Аталмыш шараның қазақ интернеті шеңберінде өте жоғары мәнге ие екенін сіз де біз де өте жақсы ұғынамыз. Әр құрылтай сайын жаңа жобалар мен жаңа қатынастардың бастау алатынын да өткен екі жылдағы шараның тарихынан өте жақсы білеміз. Батыс өңірінде веб қызметтер бойынша, сіз қызмет көрсеткен клиенттердің ойынша барлық ұйымдардан шоқтығы биік тұрған сіздің компанияның да бұл күнде ҚазНет аспанында жалауы биік желбіреп тұрғанына еш күмәніміз жоқ. Енді, осындай үлкееен жұмыстарды атқарып жүрген ұйымыңызда, өзі кішкентай ғана бір Abylai деген досымыз қызметін адал атқарып жүрген жайы бар. Ол бұдан алдын Астанада өткен Блогқұрылтайда, Астана Интернет Форумында өзін һәм өзі істеп жүрген жұмыс орнын өте жоғары деңгейде көрсете білді. Өзіңіз білетіндей құрылтайдың басталуына 4 күндей-ақ қалып отыр. Біз, осындағы Айтаберлік достар, сол досымыздың аталмыш іс-шараға қатысуын өөөөте қатты қалап, мүбәрәк жүзін ай мен күнге балап көргіміз келіп отыр еді.
Оның үстіне saule89 келініңіз де екі көзі төрт, жүрегі өрт болып күтіп отырған жайы бар.
Және келіндеріңіз біреу ғана емес екенін де ескертіп өтуді жөн көріп отырмыз.
Өзіңізді асыл азамат, жаға боларлық аға, саласының майын ішкен маман ретінде жоғарыдағы аталған факторларды ескере отырып, қол астыңызда жұмыс істейтін Abylai амигомыздың БлогҚұрылтайға келіп кетуіне жағдай жасап беруіңізді шын жүректен сұрап қаламыз һәм көпшілік өтініші жерде қалмайды деп үміттенеміз.

Өзіңізге деген ізгі құрметпен: Админ: Садық "ҚараСақал" Шерімбек
Қолданушылар: «Айтабер!» тұрғындары
18.03.2022

46 пікір

Тұрғындарыңа жанашырсың Садкотай, бастық ағаның жүрегі жібіп кетеді-ау мына сөздерден кейін)
Korkem
Және келіндеріңіз біреу ғана емес екенін де ескертіп өтуді жөн көріп отырмыз.
бұқақақақ
Abylai
өөөөө-өөөөөө-өөөөөөө
ZevsKO
Бастығың жіберіп, көңіл күйің түспей келуіңді тілеймін.
Korkem
Абон шынымен-ақ келсең екен, ерекше тілеймін
VVVWWW
Қолымызды қоямыз!
MSHERIMBEK
Қол қойыңдар, қазақтааар, қол қойыңдар :)
AKA
Келісемін, өтінішімізге назар қойыңыз, Өмірбек мырза. Абылай келсін! :)
korwinin_kyzy
Ақтауша диалектімен айтып жіберейін))
ӨМІРБЕК аға Жіберін,
qyrmyzy
уау, Көршінің қызы қазақ қаріптерімен жазды!
korwinin_kyzy
жазсам несы бар. біз аБылай екеумиз казақпыз
yerbol89
Абылайсыз бұл шара өтуі мүмкін емес. Әбдірахман оқып, білім нәрімен сусындаған ОҚМУ-ғимаратын көрсетейік деп едік. Әбдірахмен бізден 1 курс жоғары оқып, бізге бар білгенімен үйретіп жол сілтеп жүрген ағамыз. Әбдірахман Таскибаев қарсы болмайды деген үміттеміз, сіз де қарсы болмайтын шығарсыз Өмірбек ағасы.

Садық +1 қол кетті.
zhurttyn_balasy
QARASAQAL


yerbol89


Korkem


qyrmyzy


rauan


kozy


beko


Сайлаудағыдай ғо. сол баяғыша
qyrmyzy
Үлгермедің. Бір жылы сайлауға барсам, орныма басқа біреу қолын қойып, дауыс беріп тастапты.
korwinin_kyzy
Осы жұрыттын баласын ай сәл еркіндік берсен болды ерсіленіп, еркелеп кетеме өзі))))
ПАНАТИЯ ҚАНДАЙ ӨЗІ
копирайт Рауан
zhurttyn_balasy
Қыз, бірдеңе деп жатырсың ба?
korwinin_kyzy
СЫЛЫШКЫМ еркелеп кетіпсінго дим да))) зачем скандал?
zhurttyn_balasy
Қырындама транс
korwinin_kyzy
Уберынсынба?
zhurttyn_balasy
Көрсетем демеш тек, болды қыз, таста
mairosh
шығармайтындарын жоқ сендердің
rauan
сол баяғы детский қол =))
qusbegi
Қол қойдым:
saule89
Подпись и сынок Абончика :)
Korkem
тіфа-тіфа тіл-көзім тасқа, өсіп қапть
qyrmyzy
Трольдар оянған түн… Қорқыңдар, қорқыңдар ©
kema
ZevsKO
Қолың кіщкентай баланың жазуына ұқсап тұр :)
Yasin
Рисунок2
Соңғы өңделген уақыты:
ZevsKO
Мынауыңыз енді өрт
AL-ASTER
Амиго!!! От души ат терлетіп (әдепті жазып отырм) кел бауыр!!! Шымкентте жолыққанша!!!
mairosh
Шынымен де келсе екен:)
AKA
Абылай келетін болды, иншАллаһ урааааааааа!!! :))))) Қуана ғой, Сәуле келін :))))
Korkem
Өмірбек мырзаға алғысым зор! ))
MSHERIMBEK
Мынау сурет осы посттың нәтижесінде түсіп отыр
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.