"Қарлы" Ресторан

Бұл идея Малайзияда жүргенде ойыма келді. Еліміздің ыстық өңірлерінде жасауға өте қолайлы болады. Жоғарыдан әлсін-әлсін қар жауып, адамдар кішігірім шатыр секілді орындарда отырса керемет көрінеді. Жаздың ыстық аптабында қысты аңсаған адамдардан толастамайды деп ойлаймын. Ішіне жасанды ағаштар қойсақ өте әдемі болады.

Мақсат:
Кәдімгідей ішінде қар жауып қыстағыдай әсер беріп тұратын ресторан салу

.
Негізгі керекті нәрселер:
1) Кәдімгі ресторанға қажетті жабдықтар
2) Жоғарыдан жасанды қар істеп жаудырып тұратын механизм
3) Еріген қарды өзіне сіңіріп отыратын еден


Болашақта осындай ресторан салып жатсаңыз бізге арнайы жеңілдіктер жасап қоюды ұмытпаңыз! Негізі, өз ақшам немесе инвесторлар болса қазір-ақ кірісіп кететін едім:)

20 пікір

Argyn
Әсіресе мынау жобаң Шымкентке керек екен))))
MSHERIMBEK
Жаздыкүні таптырмайтын демалыс орны болар деп қоям бір ойым:)
Argyn
ия, Мүмкін Мағауин де келіп демалып кетер Шымкентке)))
Korkem
Идеяң кәдімгідей ойландыратын екен, тамаш!
pari
жақсы идея
kuka097
Тамағыңның үстіне жасанды қар түсіп мазаң кетіп әпитетің бұзыладығо..))
MSHERIMBEK
адамдар кішігірім шатыр секілді орындарда отырса керемет
оның да алдын алдық қой
Korkem
ал қыстыгүні не істейді?
MSHERIMBEK
Қыстыкүні бармай қалады деген нәрсе жоқ қой:) Мүмкін сәл азаяр, бірақ бір қаланың брэнді етуге болады.
— Көркеем, мен келесі апта Шымкентке бармақшымын. Қандай жақсы жерлер бар?
— Ооо, Тәуке ханның бойындағы Қарлы Ресторанға бар. Керемет жер, пряяяям қар жауып тұрады:)
Korkem
)))) кучті
Jako
" Қыстың күні жасанды,құрғақ жаңбыр жаудырып қоямыз "- деп қойсақ қалай?
Korkem
Несі бар, тамаша идея.
AKA
Жақсы екен, мен тұрақты тұтынушысы болар едім. Қыс мезгілін, аппақ қарды жақсы көрем.
Korkem
аха, Шымкенттен ашылады, сөзсіз
тұрақты тұтынушысы
боласыз, ИншаАллаһ!
mairosh
Былайыншы жаман идея емес. ))) Малазияда жүріп біраз қиялдапсыз))))))
MSHERIMBEK
Күн ыстық. Ойланбай көріңіз:)
mairosh
Ойланып кеттім)))Чайым суып қалды(((
qyrmyzy
күшті идея! Кореядағы достарым айтушы еді, демалыс орындарына жасанды қар жасайды деп, ну типа біздің Медеу сияқты жерді олар жасанды жолмен жасайды
konvict
Ойың жақсы ии, сенің бастан да нәрмәлні бірпәле шығады екен ғой. Қарды еріп кететін емес, қардың ерімейтіні жақсы емес пе?
madlen
Қымбат болады… Қар жасайтын оборудование қымбат, сәйкесінше, ресторандағы сервис қымбат болады… Білмим, білмим…
Алматыдағы Риксоста спа процедураларға арналған бөлмелер бар. Сондайының біріне кірсең, қар жауып тұрады. Ыстық саунадан соң қарға кіріп шығуға болады )
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.