Тірі жанбыз......

… Тырбандаған тірі жанбыз!
Тірлікті де түбі ақыр ұғынармыз.
Білте шамға жиналған көбелектей
Жарығына өмірдің жылынармыз!..
...Өйткені тірі жанбыз!..

Әзірге тірі жанбыз…
Әлі талай сүрініп, жылынармыз!..
Тәуба қылып содан соң тіршіліктің
Құшағына қайтадан тығылармыз!..
… Себебі-тірі жанбыз!..

Біз деген тірі жанбыз!..
Құмартамыз сондықтан, қызығамыз…
Адасамыз жетпеске жетпек болып,
Таласамыз-тағы да ұрынамыз!..
… Ақыры жығылармыз!..

Тырбанған тірі жанбыз!..
Тірі жанның ертеңгі күні қарыз…
Ертелі-кеш пенденің бұл өмірге
Неге келгендігін де ұғынармыз!..
...Өйткені-тірі жанбыз!..

10 пікір

zilola
жарайсың, автор өзіңсің бе?
qyrmyzy
Әлі талай сүрініп, жылынармыз!.
Umit-Umit
Өте дұрыс өмір болған соң оның ащысы да, тұщысы да қатар жүреді емеспе. Жығыламыз да, сүрінеміз де, қәтелесеміз де, аяғымызга тік тұрып барін жеңеміз де өмір деген осығой. Жалған дүние десеңші.
mairosh
Ертелі-кеш пенденің бұл өмірге
Неге келгендігін де ұғынармыз!..
...Өйткені-тірі жанбыз!..
шынымен тірі жанбыз тірі жанбыз ))))
Korkem
жатқан талант екенсің өзің! Айтар сөзім жоқ! ))))+1
AL-ASTER
Тірі жан?
Жо жоқ, тірі жан әлдеқашан адамдығын жоғалтқан —
Көрсең күнде жылы қабақ танытқан.
Кім ойлаған —
Жылы қабақ бейнесімен, жалғандығын жасырған
Пәлі, пәлі
Бұған талай ақкөңіл жан алданған
Ойлапсың ба
Сын сағатта тірі жанды «жылы қабақ»
Ізім ғайым жоқ боларын, ғайыптан! вахахахаха)))))
Korkem
тамаша кетті)))))
Jako
Өлең ұнады!

Бәрібір біз тірі жанбыз…
Жүрген бір әйтеуір ешбір қамсыз,
Ертеңіміз бұлыңғыр болса дағы,
Қарнымыз тоқ,әйтеуір бүгін бармыз,
Өйткені біз ақ көңіл дархандармыз...
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.