!!!:))Ассалаумалейкумсаламатсыздарма!?

Аздап сауаттана түсейік, жастар. Пост жазу ерккеннің ермегі болса да, ойына келгенін жазса да тіліміздің ережелеріне немесе қалыптасқан жаңашыл дағдыларға сүйенуі шарт.

Постта беталды сәлемдесу әдептіліктің емес, әдепсіздіктің белгісіне көп ұқсамай ма?
«Сәлем Айтаберліктер!» және «Асссаламулейкум саламатсыздарма Айтаберліктер» деп амандаспасаңыздар да басқалардың көңілдері баяғыдай болып қала береді, менің ойымша.

Пост тақырыбына мағынасыз, орынсыз тыныс белгілерін қолдану ес біліп қалған жастарға ұят емес пе?
Тақырып хабарлы сөйлем болса, оған нүкте немесе леп белгісін қоюдың қажеті қанша? Ыржалақтаған посттардың тақырыптарын :))) белгілерінсіз жазуға не кедергі?

Ерік өздеріңізде. Мынадай жас балақайлардың шимайындай посттар ересек адамның блогтарды оқуға деген ынтасын жоқ қылады. Өйткені тақырыбы сауатсыз болса, оның ішінде қайдан ғана сауатты мәтін болсын?!

67 пікір

kozy
Есте болсын. Сайтты қай жағынан болса да сауаттандыру керек. Бұл тұрғыдан сізге қосыламын.
Кейін, жазбалар тақырыбында Жазба тақырыбы............. деген сияқты нүктелер болмаса екен. Өйткені, бәрібір соңынан админдер түзеп жүреді. Сайттың көркемдігімен сауаттылық жөнінен ұқыпты болайықшы. Көмек берейік!
kaz007
есімде сақтаймын
qyrmyzy
«Тақырыптан кейін нүкте қойылмайды» деп айта беріп, шаршап кеттім! Түсінбесе қайтеміз!
Jako
Айналайын Zako, мың жаса, осыны бір батырып айтатын адам болса екен деп көптен бері ойлап жүр едім.Әсіресе осы бір ыржалақ жакшаларды, керек жерде сөз жоқ қой, бірақ орынсыз жерлері көбейіп барады.Сайттың салмағын түсірмеу жағын ойлау керек.
Shugyla
өзі осы сайттың әдмин Ағалары нешеу өзі, бәрі шетінен ақыл айтқыш, бәрі білгіш. оданда өздерің үлгі болыңдар, бір тема етіп пост жазып. арттарыңды сүртетін ештеңе жоқ неменесіне өздерің ыржалақтай бересіңдер?????????
MSHERIMBEK
Ойбуу, Шұғылажан, банға кетіп жүрмейік:) Биліктің аты — билік қой:)
Shugyla
әділетсіз билік па???????
aitaber
Оппозиция детектед:))))))))
Jako
Шұғыла, түсінбедім не айтқың келгенін…
Shugyla
бір кате болса бір пост мында міндетті турде жазылады, отірік па??????
кит етсе катесіз жаз! кит етсе қазақша жаз! жай сөзбенг айтса нетед екен??????
Abylai
"қатесіз жаз, қазақша жаз" деген ақылын естіп, тыңдағаннан кеміп қалмайсың. Ондай ескертулерді өзім де жиі естимін, естіген сайын қысылып, қатесіз жазуға тырысамын, және кінәні біреуден көрген емеспін. Ал сіз? қай постыңызға ескерту айтқан еді?
Shugyla
еш постыма ескерту амадым, міндетті турде ескерту алум керек пе еди????????
Abylai
Ескерту алып, алып, күн көруі қиындап кеткен қолданушының пікіріне ұқсатып сұраған едім. Бөгденің постына, бөгде біреу ескерту қалдырғанына сіздің былай әсер еткеніңізге тәнтімін.
Shugyla
өстіп-өстіп адамбокетесің енди
біреудің жазган постының ак-карасын ажыратуды былай койып катесін есептитін бул сайтта оншен апайлар омір сурема дим
Abylai
санаңыз солай деп ойлауға ғана жетсе, айтарым жоқ, алға!
Shugyla
менің санамда не жұмысыңыз бар??????
m170785
Шұғыла-ау қит етсе адам түрпектесе қит ете қалатыныңыздыды қойсаңыз. Ашуыңды бас бұл айтаберде, жазғандарыма да қит етіп ашуыңыздыды келтіріп ананы жазба, мына жазба дейсіз. Ұнамаса ашып оқымай ақ қоюыңызғада болады. Енді Айтаберліктерге көштіңіз ба ашу келтіріп.
qyrmyzy
ық ық, сіз пост жазбаған екенсіз ғой.
m170785
маған айтасыз ба Қырмызы?
Shugyla
маған айтты
AKA
кит етсе катесіз жаз! кит етсе қазақша жаз!
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Бауыржан атамыз. Мұнда да тәртіп, ереже деген бар, толық бағынбасаңыз да, ескеруіңіз қажет.
Shugyla
сол тәртәптә ак боп журген журтты да туртпектей болса не болад апай? шүдә макалшыл екенсіз
AKA
Ретсіз түртпектеген жерімді көрсетіңіз, болмаса сөз таластырудың қажеті жоқ. Дұрыс жолды нұсқасаң да, құлақ асар адам аз…
AKA
жай сөзбенг айтса нетед екен??????
Қай жерде айқайлап, дөрекі түрде айтылған ескертпені көрдіңіз? Әлде сіздің компьютерде пікірлер сөйлейтін бе еді? Пікірді қандай көңіл-күймен оқығаныңыз үшін мен жауап бермеймін. Қарапайым сөзбен, жеңіл түрде ескертіп келемін. Сынды дұрыс қабылдамай, айқай шығаратын мен емес…
Shugyla
айқайламаса да байқалып турады, менін коніл-куйіме жауап бер деген кім бар сізге апашкі??????
AKA
Дұрыс айтасыз, пікірді оқығандағы сіздің көңіл-күйіңіз мен үшін маңызды емес. Сынды дөрекі түрде қабылдап, ашуланатындар үшін мұны айтыңыз. Дауласқым келмейді, одан да Күншуақтың мына жазбасындағы 29-шы пунктті оқуға кеңес беремін.
Shugyla
апашкі койшы өзің окып кокейің токып ал
Turekhan
АКА, сілтемедегі керемет сөз екен!
Zako
Ақыл айтқанның бәрі админ бола ма? ОСы сөйлеміңді қате жазып отырсың. Нүктеденк ейінгі сөз Бас әріппен жазылады.
mairosh
<code>«Сәлем Айтаберліктер!» және «Асссаламулейкум саламатсыздарма Айтаберліктер» 
деп амандаспасаңыздар да басқалардың көңілдері баяғыдай болып қала
 береді, менің ойымша.</code>
мынауцына келісе алмаймын енді. Қазақпыз ғой амансасып барып жазатын. Ол біздің қанымызда бар нәрсе енді.АУРУ қалсада әдет қалмайды)
pari
иә Майрош дұрыс айтады, ең бірінші сәлемдесу керек, ең алдымен қазақ болғаннан кейін сәлеміміз түзу ниетіміз дұрыс болу керек.,… Законын
«Сәлем Айтаберліктер!» және «Асссаламулейкум саламатсыздарма Айтаберліктер» деп амандаспасаңыздар
дегенніне келіспеймін. бұныңыз ұят енді!
Zako
Майрош неге дұрыс айтады, себебі Сағыныш солай бастайды кейбір посттарын :)
pari
Зако сен өз орныңды біл менің жазбамда шаруаң болмасын!өзіңнің авторлық құқығыңды ұмытпа!
Abylai
Айтаберліктер сынды жеңіл қабылдайтын шығар десем, мыналарыңды көріп таң қалып отырмын. Қате десе "ә ия қате екен ғой, келесіде ескерермін" деу жоқ? Қазнеттің атақты блоггері болып кеттіңдер ма әлде?
qyrmyzy
Сағыныш, жәй-жәй! Саған жаман болсын деп айтып жатқан жоқ қой! Тіпті дәлел де келтірді жоғарыда! Ағаларыңа қалай қалай сөйлейтін болғансың?
pari
соңғы кездері жүйкем жұқарып жүр одан сайын көңілімді түсрмеңдерші((((
qyrmyzy
Оған біздің қатысымыз қанша?! Көңіл-күйіңді мұнда қыстырғаның нес?
pari
Очм Қырмызы сөйлемеяқ қойшы басым аурып тұр(((
m170785
амандаспасақ қалай болғаны сонда
Chimaq
Madeniet tongkerisi bolghaly jatyr ma?
Zako
Сәлемге байланысты айтарым мынау:
Сәлемдесу тек қазақта емес, бүкіл халықта бар ғлй. Сондықтан «сәлемдеспесек қазақ болмай қаламыз» деп қысқа ойламаңыздар. Сәлемдесу бір басқа, шұбыртып амандық-саулық сұрасып кету бір басқа. Ол аз десеңіз, бірден екі рет сәлемдесу қандай стандартқа сай?
calendula
Дұрыс айтасыз. Тіпті суреттермен нақты дәлел көрсеткеніңзге тәнтімін!
Shugyla
Сәлемдесу тек қазақта емес, бүкіл халықта бар ғлй.
қате деген хан қызында да бола береді. алдымен өз үстіміздегі шаңды сүртейік
Zako
мұның сауаттылыққа қатысы жоқ. Себебі ондайды мәтін теруде кеткен қате дейді. Ал менің бұл постта айтқандарым мүлдем бөлек. Сынды қабылдай алмайтындар, ары ойнасын! Мен біреуді масқаралау үшін жазған жоқпын. Керек адам үшін пайдасы барына сенімдімін.
Shugyla
егер ұмытпасаң жоғарыда сен де менің жазу барысында кеткен қатемді есепке алып, жерден жеті қоян тапкандай болгансын, көп сөзді қойып орныңды біл
Zako
Кел, онда бір-біріміздің қатемізді табудан жарысайық :) Уақыт беремін, дайындалып ал. Қанша дайындалсаң да жеңілетініңді өзің де сезерсің дайындық барысында.
Shugyla
жемеш менің кай постымды сынга алмаксын
qyrmyzy
Шұғыла, қойсаңшы
m170785
Қырмызы ау қоятын түрі жоқ
Zako
Болды, болды, қой! Менің жазғандарымды «сандырақ» деп санап, шаршаған жүйкеңнің талшықтарын үнемде.
Shugyla
соны ойлап уайымдаганына алгысссс
Turekhan
Zako, оларға айттың не, айтпадың не)))
pari
осы жазбаны жазған ЗАКО-ға ырысбек!
m170785
Айтаберліктер қойыңыздар. не боп кетті, ұрысып отырсыздар ма? адам түсінбей кетті ғой өзі
Zako
Сынды қабылдай алмайтындардың бүртиіп шыға келетіні анық қой. Ойланған адам үшін ұрыс шығаратын жазба емес еді.
Abylai
Мұндай сауатсыздықтар үшін, және айтқан ақылды түсіней жатқандар атынан кешірім сұраймын. Енді белгілі болды «керемет жазыпсың, сен ғажапсың, постыңа плюс» деген сөздердің арқасында сыйысып жүр екенбіз. Ұят ай!
Shugyla
Айтабердегі акыл есі бутін жалгыз кісі
Abylai
аман болш
Shugyla
осы үшін берген минусіңа алғысым! тағыда минус бер аз боп тур
Abylai
барымды бердім, басқа жоқ
Shugyla
шакыр сыбайластарыңды
m170785
Шұғыла егер бұл әрекетіңізді яғни ұрысып жазып отқаныңызды қоймасаңыз, онда…
Shugyla
ия не болады
mairosh
Ал бетке ұстар қолданушылар қатемізді дұрыстайық! Зако "))" үшің голубцыды жазғырғаның не? Жарайды көп жазбайын, енді қайталанбас…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.