Жайлаубай Қазиев-он сегіз жас

Тау өзені секілді бұлқына аққан,
Езуінен қыздардың күлкі баққан.
Он сегізім жалынды жастық шағым,
Дәурен едің, дариға ай, жұрт ұнатқан!

Шығарып сап қыздарды, таң күзеткен,
Сірі уақта көшемен жалғыз өткен,
Думан тойға шын ғашық он сегізім,
Басымды ием мен саған мәңгі ізетпен!

Жылдарға еріп жылжиды жұрт ілгері,
Қызықтырар әлі де күлкің мені.
Інім болып алыстан қол бұлғайсың,
Қимастықпен қараймын бұл күндері!..

2 пікір

kunshuak
Жылдарға еріп жылжиды жұрт ілгері,
Қызықтырар әлі де күлкің мені.
Інім болып алыстан қол бұлғайсың,
Қимастықпен қараймын бұл күндері!.. әдемі!
m170785
сөзі керемет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.