Жалған дүние

… Тағдырдың дәме қылып бермесінен,
Тырбаңдап тіршіліктің әуресімен…
Жоғалмай тыным таппас жер бетінен
Тәңірдің не сұрайсың пендесінен?!..

Тұралап таусылса да тағат төзім,
Салатын адам шіркін азапқа өзін…
Қу жалған, соншалықты тәтті ме едің,
Сұм жалған, соншалықты ғажап па едің?!..
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.