Photoshop байқауы. Тақырып - "Жаз бен жағажай"

Құрметті айтабер сайтының қолданушылары! Біз жаңа байқау ашық деп жариялаймыз!
Байқауға қатысыңыздар.

Жаз айына басталуына жақын қалғандықтан байқауға «Жаз бен жағажай» деген тақырыпты таңдадық.
Байқау шарттары:
1.Берілген 7 суреттің ішінен шарт бойынша 6 сурет таңдау.
2.Өзіңіз төмендегі суреттерден тыс қосымша тағы бір сурет таңдап, қоса алу.
3.Photoshop бағдарламасын пайдалану арқылы таңдаған 6 суретіңізді және қосымша өзіңіз таңдаған 1 суретті қосып, тақырыпқа сай 1 сурет шығару.

1 сурет
2 сурет
3 сурет
4 сурет
5 сурет
6 сурет
7 сурет
Дайын суретіңізді Аты-жөніңізбен [email protected] поштасына жіберіңіз. Байқау біткеннен кейін 1,2,3-ші орындар анықталады. Әр қайсысына мадақтау қағазы беріледі.

50% пайыз төрелік өзіңізде. Поштама келген суреттерді пікір арқылы айтабер сайтына салып отырамын. Сіз +1 арқылы ұнаған суреттеріңізге дауыс бере аласыз. Көп дауыс (+1) жинаған қатысушы жеңіске бір табан жақындайды.

Байқау осы жылдың мамыр айының 28-інен басталып, маусым айының 11-інде аяқталады.(28.05.12ж — 11.06.12ж)

149 пікір

qyrmyzy
Қайда барсаң да фотошоптың көрі © Бір үйрене алмадым осы бағдарламаны. Басқа бағдарламалармен қатысуға бола ма?
Karlen
Әрине, фотошоп сияқты басқада бағдарламаларды қолдануға болады.
Delfina
Мен қатысамын. Көрейік.))
Abylai
міндетті түрде 6 сурет па? 5 немесе 7 таңдасам бола ма?
өзімнің 1 суретімді қоспасам бола ма?
кисть қолдануға бола ма? қаншалықты көп қолдана аламын? стиль? плагин?
Abylai
пы/сы: қазылар алқасы бола ма?
Karlen
50% таңдау сіздердің меншігіңізде! Қазылар алқасы мен және фотошопты жақсы білетін досым!
qyrmyzy
о ноу! Таңдауды айтаберліктерге бермең. Және жұмыстарды +тар бойынша бағалаудың қажеті жоқ, меніңше
Karlen
+тер жеңіске тек бір табанға жақындатады. +сі қөп қатысушы ұтты деген сөз емес. Соңғы шешім қазылар алқасында.
qyrmyzy
ух, жұбаттыңыз!
Karlen
Тек 6 сурет таңдау керек. 1 суретіңді қоспасаңда болады. Фотошопта шектеу жоқ. Таңдалған суреттерге барлық мүмкіндікті қолдануға болады. Бірақ алтауыда жалпы бір суреттің ішінде болу қажет. ең бастысы тақырыпқа сай сурет болу шарт.
Karlen
Міндетті түрде 6 сурет болу керек. Өзіңіздің 1 суретіңізді қоспасаңызда болады. Фотошопта шектеу жоқ. 6 суретті өзгертсеңіз болады. Бірақ қорытынды суретіңізде 6 суреттің исі шығып тұру керек және тақырыпқа сай болуы шарт.
Abylai
құп! кешке көрейін, тағы сұрақ: бір қолданушы тек бір жұмыс тапсыра ма әлде бірнешеуін тапсыруға бола ма?
Karlen
Дұрысы бір қолданушы әрі кетсе екі сурет жіберсе болады.
Abylai
максимум 2 сурет ОК
sandibek
кхм, байқап көруге болады.
Gau
маған да осы бағдарламаны үйрететін «жаман» адам керек :-)) қатысқым келеді…
qyrmyzy
мына блогты қарап отырып, үйреніп алуыңызға болады.
Gau
охо, рахмет
Ais_97
Рахмет байқауымыздың жүйрігі кім болады екен анықтармыз сол күні.
Delfina
«Жаз бен жағажай» жазды түсіндім, ал жағажай деген нені білдіреді? пляжба?
Kipshakkyzy
Осыны бір үйрене алмай-ақ қойдым.Төзімім жетпейді. ))
Manas
Сонда 7 суреттібір-біріне қосып қосып 1 сурет шығару керек па?
Karlen
6 суреттен 1 сурет шығару керек.
Korkem
Суреттерін сілтемемен емес, осында салшы. Скоростьім аззз
Abylai
сілтемедегі суреттердің сапасы кұшті. мында салса азайып қалады
AKA
Скоростьім аззз
:)))))
AKA
Нәтижелі байқау болса дұрыс, қорытындысы жоқ байқауларды ұйымдастыра бергеннің қажеті жоқ
Karlen
қорытындысы болады.
pari
Ал, бағымызды сынап көрейік:).Барымды салуға тырысамын.айтпақшы былай жасау керек еді.Осындағылардың барлығында фотошоп бар деп ойламаймын:)
Сондықтан жазбаңның соңына фотошопқа дайын жүктеуге сілтеме қалдырсаң басқалары риза болып қалар:)
Abylai
Менде дағдарыс күні бойы жеті суреттің бетіне қарап отырмын, олай жапсырам, былай жапсырам шықпай жатыр не то. ((
pari
қиындау екен да.негізі бірінші суреттегі айфон мүлде керек емес сияқты, өйткенә айфонның жағажайға не қатысы бар ?! Түсінбедім…
Abylai
айфон норма, фантазияға кірістіруге болады. машиналарды қайда жапсырарымды білмей отырмын. сосын алты сурет плюс өзімнің бір суретім жеті сурет аздық етіп тұр
pari
мә мен керісінше машина жағын сықитып жатырмын, маған ауыр тиіп тұрғаны айфон?!
Abylai
көрінбейтін бір жерге жапсыра сал )))
pari
жоғарыда айта кеткендей
Photoshop бағдарламасын пайдалану арқылы таңдаған 6 суретіңізді
деп тұрғо, сондықтан мен 1 суретті тағдамамын., керісінше 2,3,4,5,6,7 суретті таңдауыма болады емеспе, ссоын қосымша 1 сурет қосамын, сонда 7 сурет болады:) сонда 1 суреттегі айфонннан құтылып кетемін., алақай, алақай, алақай!!!
Abylai
басың жасайды екен
pari
сізде мәшинесі бар бір суретті таңдамаңыз, бірақта сізде тағы бір мәшине боладығо 7 суреттің 2-уі мәшинеғо, ну 1 мәшинеден құтылсаңызда жақсы емеспе?
Karlen
Байқауға қатысқан қолданушының туындысы. Бұл жерде 1сурет жетпейді. Бірақ сондада бірінші рет жасап көріп жатырмын дегесін және суретте ой мен арман болғасын кешірімділікпен қарап суретін қабылдадық.
Abylai
бірден таныдым. әсіресе қоснүктенің орынсыз үш рет салынуы бірден ашып берді кім екені. жақсы, оперативно +
AL-ASTER
Суреттерді бір уақытқа дейін қабылдап, қабылдау уақыты біткен соң суреттерді жариялау керек. Сонда дауыс беру әділ болатын сияқты. Яғни, бірінші тапсырып қойған адамның еңбегі көп дауыс жинап қою ықтималдығы өте жоғары, жарыс деген ондай болмауы керек меніңше.
Abylai
негізі сенікі дұрыс, мен де солай ойлаған едім кеше )))
Karlen
Әрине сенікі дұрыс. Солай болса, солай болсын. Досымда айтып еді. Өзім шыдай алмай суретті пікірге жазып қойған
үлгі ретінде бір сурет қоймаспа екенсіз?
Karlen
Жоғарыдағы пікірде тұрған сурет секілді ғой.
zhurttyn_balasy
Жұрттың балдары ай жарыс не болып жатыр? бір суреттен басқа жұмыс тапсырмады ма ешкім?
rauan
11 күні бәрін бірден жариялайтын шығар… жоғарыда солай айтыпты ғоо ))
Karlen
Ия солай. 11 күні барлық суреттерді бірден саламыз.
zhurttyn_balasy
Неше коллаж қабылданғанын білуге бола ма?
pari
Суреттердің салынатын күні бүгін қай уақытта салынады еекен а?
Karlen
Маңғыстау уақытымын сағат 4-те барлық келген суреттерді саламыз. Үлгермегендер әліде суреттерін жіберсе болады. Абылай суретің қайда))))
AL-ASTER
Ужі 50 ақ минут қалыпты ғой.
Abylai
ууу интрига, қызығыпбаратрм
AL-ASTER
control не болды?
Abylai
қуды комп, жұмыстағы вистаның control-ын салып көрем кешке
Abylai
мұрнымнан шаншылып жұмыста отырмын. дым үлгермедім, 4-ке дейін де үлгеретініме күмәнім бар ((( ыыхыхы дегеннен басқа айтарым жоқ
Karlen
№1 туынды
Abylai
мынаны жасаған не СЖ админі, не өзіне көп алатын адам.
Abylai
айфон, жататын стол ))) ракушка, мәшиненің артқы дөңгелегі, тотықұс, мәшиненің фары. алақай таптым, 500 балл маған xD
pari
мына туындыға түсінбедім, непонятно екен!
Karlen
№2 туынды
мынау керемет!
мына ломбарджиниді сірә ұшақпен әкелді-ау а)))
Begimzhan
Тамаша! Маған №2 туынды қатты ұнады…
qarasaqal
gramotnoooo) орыстар айтпақшы
AKA
Екінші мәшинені көріп отырғаным жоқ. Сонымен қатар ракушкалар тым үлкен сияқты, бұл — менің пікірім. Сапалы!
Zhassiko
Мексиканский видеоға ұқсап кетті… Күшті шыққан, көлеңкесіне сөз жоқ)! осы жеңеді ау… бірақ, машина авария түсіп қалған сияқты маа, жартысын көрмей тұрмын…
мынау сурет жақсы, бірақ бақалшақтары өсіп кеткен екен))))
Karlen
№3 туынды
Delfina
Тіптен келіспейді ғой.
Abylai
ұжс жаңа постқа шығармадың ба?
жаңа пост жазып кімнің туындысы екенін айтып жіберіңдершиш
Abylai
дауыс беруден кейін
дауыс беру қашанға дейін?
Karlen
Қорытындыда айтылады.
Karlen
қорытындысын жаңа постта жазамын!
кәзір туынды авторларын жазшиш
qyrmyzy
«Жоғары шығу» функциясын бассаң, жоғары жақа шығасың, сосын сол жақтағы көпәріпті оқып шық. Түсінесің
Karlen
№4 туынды
qarasaqal
Оооуу, құдаяяяйҮ:) Ат екен:)
AKA
Екінші мәшине жоқ екен, әлде көрмей отырмын.
Abylai
АКАу сәлем.
1.Берілген 7 суреттің ішінен шарт бойынша 6 сурет таңдау.
дейді
AKA
Бәсе, онда дұрыс. Кешірім сұраймын. :)
Delfina
Сотканың ішіне салғаны артық бопты.
pari
мынау ережеге сай емес, ережеде
1.Берілген 7 суреттің ішінен шарт бойынша 6 сурет таңдау.
2.Өзіңіз төмендегі суреттерден тыс қосымша тағы бір сурет таңдап, қоса алу.
3.Photoshop бағдарламасын пайдалану арқылы таңдаған 6 суретіңізді және қосымша өзіңіз таңдаған 1 суретті қосып, тақырыпқа сай 1 сурет шығару.
делінген.мына суретте қатарынан 2 сурет жооқ.Құрметті әділ-қазылар плюстаушы адамдар суреттің ережеге сай немесе сай емес екенін қарап дауыс берсеңәздер жақсы болар еді!
zhurttyn_balasy
Дұрыстап қара, алты сурет қолданылған!
Karlen
№5 туынды
Korkem
ық-ық далбасакен)))
erke_ky3
Көйлегін тема жасап қойыпты ))
Karlen
№7 туынды
ұнамағанды минустауға болама Карлен?
Karlen
Өз меншіктеріңізде болар. Сабыр сақтасаңызда болатын шығар
Abylai
Мына минусты кім қойғанын білетін сияқтымын
qyrmyzy
Қанша дегенмен жасалған жұмысқа минус қойылмауы керек. Жасаған адамға қатты тиеді деп ойламайсыз ба? Жұмыстың аты — жұмыс! Қатыспасақ, тып-тыныш отырып, тамашалайық, ұнағанына + қойып! Өзіңіз бір сәт ойланып көріңіз.
әркім өзі үшін жауап беред, осы жерден тоқта, ары қарай бармайаққо ақылшы
Abylai
Кука өтпелі кезең машахаты мазалап жүрген жоқ па?
qyrmyzy
Қарағеем, сенімен салқыласатын уақыт жоқ!
Karlen
Ай рахмет осыны айта алмай отыр едім
Karlen
№8 туынды
qyrmyzy
Жазда осылай демалсаң ғүә?! Шіркінннің…
AKA
Мұнда да екінші мәшине жоқ екен.
Abylai
тағы тағы
Karlen
Ай жиенжан қатысқандар осы ғана болды. Тапсырғандар болып салмай қалсам айтарсыңдар.
qyrmyzy
спам папкасын қараңыз, менде сол папкада біраз еңбектер қалып қойған екен. Бір айдан соң байқадым:)
Karlen
ок қарармын))) Жарияланбай қалғандарды айтарсыздар іздеп тауып ертеңдері жариялармын.
онда жеңіс екіншінкі деп ойлаймын)
Karlen
Көптің сұрауы бойынша үдгермегендер туындысын 2 күннің ішінде тапсырса болады деп шештік. Абылай сенің туындың көргісі келетін адамдар бар шығар.
Abylai
Негізі бақыттымын, қатысушылар біршама екен. тап осы жерде нетіп кетсем де өкпем жоқ ))) кешке жіберем )))
Karlen
№9 туынды
qyrmyzy
Нау біреудікі, ішім сезіп отыр…
Korkem
нау джындкен))) нады))
rauan
Қарасақал хехе ))
qarasaqal
муахахаха:) ат екен мынаусы:) мынадай жерде болғаныма өзімді сендіре бастадым ғо:)
Abylai
Суреттегі объектілердің көлеңкелері куып кеткен екен :)
followme_alik
фаворит pictures ) жақсы.
AKA
Өте сапалы, бірақ екінші мәшине мұнда да жоқ.
Zhassiko
мынау әдемі екен, жағажайда жүргендей сезіне алдым…
Karlen
№10 туынды
VVVWWW
Мынауыңа жаттым, ық, ық.
«Ия, армандапсын!»,-дегің келіп кетеді екен
(өлдім күлкіден)Мынаны Абылай болар жасаған (кім де болса әзілқой адам)
Abylai
Мен әзілқой емеспін ықық
Abylai
Бәріміз дауыс береміз ағаэн, айтаберде демократия бар екенін тағы бір мәрте дәлелдейік.
Karlen
Байқаудың қорытындысы осы айдың 18-19 жұлдыздар аралығында жаңа пост болып жарияланады.
zhurttyn_balasy
Мына жазбаны сайттың көрінетін басты бетіне шығарып қойған дұрыс шығар, әйтпесе байқамай жатыр көбісі. Садық сүйтші, қорытындысы шыққанша жазбаны "үздік жазбалар" қатарына қоса тұрасың ба?
pari
неғой жеңістің келуі тікелей әділ қазыларға байланысты ма әлде суретке берілген дауысқа ма? тиімдісі қайсысы сіздер ше?әділ қазы ма? немесе жоғарғы дауыс па? сіздер қай нұсқаларымен келісер едіңіздер?
Zhassiko
Мменіңше, әділ қазылар шешкен жақсы сияқты, Қырмызы айтқандай таныс паныс болып кете ме? БІрақ, жиналған баллды да ескерген жақсы сияқты, сосын астына жиналған пікірлерге қарап, қанша адамға шын көңілмен ұнағанын білуге болатын сияқты…
pari
иәә жәмән емес сияқты
Delfina
Менде жасап қойып едім, саламын қазір.
Manas
Ойбуууууу, суреттер тамаша.Бірінен бірі өтеді екен.Соңғы кезде қолым босамай жүр.Қатысам ба деп ойлағам.Суретті тапссыру уақыты қашан бітеді.
менім жай естіп қалғанымаааайййййй
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.