Сайттағы өзгерістер мен толықтырулар

Құрметті қолданушылар! Кіріп келген ақпан яғни қыстың соңғы айы құтты болсын!

Айтып өткеніміздей сайтымызға қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді! Алдын-ала танысып алыңыздар!

1) Пікірді түзету. Бұл функция арқылы сіз пікір жазғанда жіберілген қателерді түзей аласыз. Ескі пікірлерді түзету мүмкін емес.

2) Информер. Кез-келген қолданушының немесе блог атының үстіне тінтуірді (мышка) апарып 2 секунд күтсеңіз, сізге сол туралы мини ақпарат шығарып береді. Пост немесе пікір жазған қолданушы туралы жылдам ақпараттану үшін өте қолайлы.

3) Жеке блог жазу функциясы жабылды. Сайтымыздың мақсаты танымдық блогтұғыр болғандықтан, ақпаратты іздеу және топтастыру ыңғайлылығы үшін тек қана Блогтар (Ұжымдық блогтар) қалдырылды. Жазба жазу үшін әуелі өзіңіздің жазбаңыздың мәніне сай блогқа қосылып, содан соң жазбаңызды жариялай алатын боласыз. Егер, өз жазбаңыздың тақырыбына сай Блог таппасаңыз, онда жаңа блог ашуыңызға болады.

Құрметті сайт қолданушылары! «Айтабер!» сайтының администрациясы өз қолданушыларын барынша ыңғайлы да қызықты ортамен қамтамасыз ету үшін еңбек етуде. Барлығыңызға қызықты да пайдалы жазбалар және сәттілік!

17 пікір

rauan
ООО керемет функциялар енгізіпсіздер, бірақ әттең онлайн модульін қоймапсыздар
beko
Онлайнда яғни дәл қәзір, сайтта отырған адамдар жайлы келесі жаңартылуында қарастырылмақ!
Meirzhan
Екінші фунция керемет екен.
AKA
«Жеке блог жазу функциясы жабылды.» не себепті? Мәселен, менің жазбам аталмыш блогтарға қосуға келмейтін болып қалды?! Оны қайда қоямын сонда, әлде тек блогқа салуға болатын дүниелерді жазу керек пе?
AKA
Өзіңе жеке блог ашып ал! Соған жазбаларыңды қосасың. Мәселен, «АКА-ның блогы».
Qarakerey
кім кімге жауап беріп кетті?
Meirzhan
Мәселен, менің жазбам аталмыш блогтарға қосуға келмейтін болып қалды?! Оны қайда қоямын сонда
Жеке блог емес, өз тақырыбыңа сай болатын тақырыптық блог ашуға болады.
AKA
Оны түсініп отырмын ғой, керісінше, тақырыптық блогтарымды осындағы блогтарға қосамын. Мен мысалы, өз универім, қызықтарым, балалық шағым т.с.с. жеке өзімнің жазбаларымды арнайы өзім ашқан блогқа салайын деген тұжырымға келдім дейм да.
Armanjan
мынау почтаға келіп жатқан хаттарды тоқтатын настройканы қосып қойшы админ, әлде ол бармеді, мен көрмей отырмын ба?
aitaber
aitaber.kz/settings/tuning/ Осы адрес бойынша керек еместерін алып тастасаңыз болды!
KILYZAMAN
Пікірді түзету мүкіншілігі пайда болыпты. Керек нәрсе өзі… Мүмкіншілікке қойлған шектеулерді ескермегенде.
qwenchi
Информерлерің өте ұнады. Жазбалары мен пікірлеріне сілтеме де болса информерде, тіпті қатып кететін сияқты. Молодцы жігіттер
Kokbori
Пікірді түзету бұл ұшін шексіз рақмет!!!Өз басым сауатымын дей алмаймын сауатсызбын деп тағы тыш отыра аламимын.
Информер үнады
Жарайсың жігіттер.
гер, өз жазбаңыздың тақырыбына сай Блог таппасаңыз, онда жаңа блог ашуыңызға болады.Жазбаны тіркеп ап сол жерден блогқа жоқ тақырыпты жазыуға болама?
beko
Мына сұрағыңызға түсінбегенімді қараш((
erke_ky3
Админ мырзалар! Менде бір сұрақ бар сіздерге :) Жазбалардағы сілтемені бассаң сол бет (сілтеме көрсеткен сайт) ашылады да АЙТАБЕР жоқ болып кетеді. Соны сілтемені басқанда ол өзге парақшада ашылатындай етіп істеуге болады ма?
beko
Әрине. Ол үшін target="_blank" қосу керек.
<a href="http://aitaber.kz/blog/24.html" target="_blank">Cілтемесі мұнда</a> 
followme_alik
информер. :/ Тінтуірді апарғанда мини-ақпарат Менде ғана шықпай ма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.