5 маусым - Айтаберде азалы күн

Құрметті сайтымыздың қолданушылары!
Өздеріңіз білетіндей «Арқанкерген» шекара бекетінде білдей 15 азаматымыз қайғылы жағдайда қаза тапқан еді. Аталған азаматтардың отбасылары мен туыстарына қолдау ретінде 5-маусымды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аза тұту күні деп белгілеп отыр:
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен шекарашылардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Арқанкерген» шекара бекетінде қазақстандық шекарашылардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2012 жылғы 5 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын.
Осыған орай ертең көптеген телеарналар мен ақпарат тарату құралдарындағы ойын-сауықтық бағдарламалар тоқтатылмақ. Осы күнді өзімізді қоғамымыздың бір бөлігі екенімізді ескере отырып, ел тыныштығы жолында жүріп жандары беймезгіл ажалдың құрығына іліккен азаматтарымызға шын жанашырлық танытқан күйде, сабыр сақтап өткізсек. Қаза болғандардың иманы саламат болсын! Қалған өмірін арттарында қалған ұрпақтарына берсін!
Өтінішіміз жерде қалмас деген үміттеміз. Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

7 пікір

qyrmyzy
Арты қайырлы болсын! Отбасылы азаматтар да бар екен арасында. Балаларына обал болды.
Argyn
Алла Жәннатты сыйласын оларға… Осы күнді ескерген айтабер админіне аспандай алғас білдіремін…
pari
Әттең қазағымның жігіттері...өкінішті...Қайырлы болсын, топырақтар торқа болсын.
Сәке сізгее үлкен рахмет, осыдай жағдайда бізге де ескертіп қамданып жатқаныңызға! Ризамын! Достар 5-маусымда Айтаберде ұрысысу,қырылысу, сөзталастыру дегендер атымен болмасын!
balgalym
қытайдың әскері!
dutov
Сол 15-шы адамнан корип жатыр
AKA
Ауыр, өте ауыр жағдай… Қайырлы болсын!
m170785
Әлей болсын, қайырлы болсын, өкінішті
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.