↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
07 маусым 2012

Өзім жайлы қысқа да нұсқа 30 факт.

Сәлем бердік.
Неден бастарымды білмей, ары ойланып, бері ойланып, бір парақты шимақтап, басым қатып кетті. Сосын басынан бастайын деп шештім.
1.) Менің атым — Жақсыгүл, Куәлікте — Яхщигул, Үйде — Тоска, СЖС-да — Жәси.
2.) Әжем мені қыстың қарлы күнінде күлге аунап, тауып алдым дейді. Хехе, бәрі солай көбейетін болса, Қытайды баяғыда жаулап алған болар едік ғой.
3.) Нақты қайда туылдың? Жеті атаңды білесің ба? Әке-шешеңнің нақты руы не? Кіндік шешең кім? Кімге тартқансың? — деген, сансыз сұрақтарға ойланып та, ойланбай да жауап бере алмаймын. Түсінгендер, түсінер…
4.) Айтывотрым ғой, архивімде мәліметтер аз деп.)
5.) Өмірімде ең жақын екі адамнан айырылдым. Ол кісілердің біреуі тірі, бірақ із-түссіз. Қалай болған күнде іздеп табармын. Екіншісі, көз алдымда дүниеден өтті. (Жәні жаннатта болсын, топырағы торқа болсын)
6.) Көзге түсу мақсатында, жанашыр бола қалып, жасаған жақсылығын жұртқа жария етіп, істеген ісін міндет қылатын адамдар Не_В_Моих_Правилах.)
7.) Өтірік сөйлемеймін деген адамның өзі өтірік сөйлейді. Егер, ол шынымен де өтірік сөйлемейтін болса, онда ол адамды қатыгез деп есептеймін.
8.) Менің жазғаным публицистикалық стильде емес, жалпыға ортақ, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін түсінетін ауызекі стильде болса екен деймін.
9.) Құдай бұйыртса, осы жылы студент болмақпын. Енді, балалық шағымның парақтарын қырқып, сыр сандығымның түбінде сақтаймын.
10.) Менің ендігі мақсатым: Универді қызылмен бітіріп, математика мұғалімі болу. (ауызбен орақ ору оңай.)
11.) Айтпақшы, менің ешқандай өнерім жоқ. Сіздер секілді, пианино тартып, домбыраның құлағында ойнаған емеспін. Бірақ, қызығамын. Егер, үйреткісі келетін, жүрегі кең адам бар болса, қуана-қуана келісемін.
12.) Мен «С»-дан басталатын нәрселерді ұнатпаймын, … сатқындық, салқынқандылық, санасыздық,… сосын, «С»-дан басталатын нәрселерді жақсы көремін, … сабырлылық, сағынысу, сосын сүйгенімді...Қайран қазақтың көпәріпі!!! Ойыма келген алғашқы 3 сөз осы.
13.) Адамды дініне, ұлтына, нәсіліне, түріне,… бла-бла-бла… қарап бөлектеп, көп талқылай беретін болсақ, онда бүкіл адамзат баласын сүюге уақытымыз жетпей қалатын сияқты.
14.) Жұлдызнамада — Тауешкімін. Хехе, жұлдызнамадағы характеристика маған 80 пайыз сәйкес келеді. Өлтіріп, майын шығарып мақтаған ғой.
15.) Бір істі бастап, соңына дейін жеткізбесем, бақытты бола алмаймын. Бірақ, мына жазбам соңына дейін бітпей қалатын сияқты.
16.) Жеңілойлылықты су қаным сүймейді және маған тағылған критиканы оңай көтере аламын.
17.) Аз ұйықтаймын, түннің бір уақыты ауғанда ұйқым келіп, әтештен бұрын оянып кетемін кейде. Не істейсің соншама дейсіздер ғой ?! Бұрын қиналеееп сабақ оқитын едім, қазір көзім бақырайып агентте отырамын. (Не намекаю)
18.) Көшеде кетіп бара жатқанда, бойы 172 см, салмағы 60-65 кг аралығындағы, бидай өңді, шашы қара, бірақ ара-арасында қоңыр шаштары бар, алыстан көзінің қарашығы қара дөңгелек, жақыннан қара қоңыр араласқан (қап-қарақарашығы адамды кездестірмедім әлі, линза тақпаса гер де) қасы қиылған, үстіңгі ерні жіңішке (ұрысқақ емеспін) астыңғы ерні жуандау, мұрны қыр мұрынға ұқсап кетеін қызды көрсеңіздер, таң қалмаңыздар, ол — МЕН немесе маған ұқсайтын бір қыз.
19.) Куәлігімде маған 1-ақ адам ұқсайды екен, позор.
20.) Оппа, 20-ға да жетіп қалыппыз ғой. Тәәк, Айтаберге мені тіркеп берген жанға алғысым шексіз!!! рахмет.)
21.) Бұл — менің алғашқы жазбам. Бір түрлі, адасып жүрген маймыл сияқты сезімдемін. Ненің қайда орналасқанын білмей отырмын.
22.) Сіздер мені ештеңеге икемі жоқ қыз екен деп қалған шығарсыздар?! Құдайға шүкір, саусақтарымның икемі бар. Өзі қыз секілді тым майысқақ, кейде түсінбей қаламын, саусақтарым буынсыз сияқты мааа деп, мостикке тұрып, қиналмай шпагатқа отырады ғоо.
23.) Көбі факт жазған кезде мышығы мен итін міндетті түрде қосып қояды ғой, мен де қосып қояйын, ұят болмасын, итім бір аунап түсетін болды. Менің тепсе темір үзетін дәәу итім болған тұғын. Аты — Барбос. Кішкентайынан өзім өсірдім. Красавчик десе красавчик еді ғой өзі. Төбелескенде, бәрін жыртатын, еш жеңілмейтін. Көшедегі кез-келген ұрғашы ит итімді көрсе, аузынан сілекейі ағып, артынан жүгіріп қоймайтын. Осылай жүріп біреуге өліп ғашық болып қалды. Үнемі екеуі көшеде встречада тұрады. Ой, жарықтық, көшедегі адамдарға тарлық қылды ма, бір аптадан соң үйге бір жәшік көшенің иттерінен заявление түсті. Амал не, Барбосымды үйшігіндегі шынжырға байлап қойдым. Итім махаббаттан басы айналып, түнімен үріп қоймады. Болмаған соң, алыс туысқанымызға беріп жібердік. Бітті, Фильмнің соңы.) Көше демекші, жер үйде тұрамын.
24.) Енді мышығымды айтайын, мышығымның аты — Мяу, оның да историясы Барбосқа ұқсайды. Жазып берейін бе, бірақ еренеееп отырмын. Жамаан, сағынеееп жүрмін екеуін.
25.) Өзің жайлы жазған күчтііі ғоОо, деп жазбасам да бәрі білетін шығар?!
26.) Маған көп сөйлейтін, аз сөйлейтін адамдар ұнайды деп те айта алмайм, жарықтеееқ, табиғаты солай жаратылса, қайтерсің енді?!
27.) Ең алғаш кірген және күнделікті кіріп жүрген сайтым Мой Мирден кейінгі, СЖС болмақ, одан кейін Айтабер. СЖС-да соңғы кезде тым белсенді болып кеттім ба, адамдардың нервісіне тиіп жүр екенмін, кешірім сұраймыз.)
28.) Киноға келер болсақ, «Любовь невозможна», «Меня зовут Кхан» ұнайд.
29.) Актерлерден Марио Касос ұнайды.
30.) Ойым жиналмай, шашыраңқы шықты. Аз да болса, көптей көріңіздер. Назарларыңызға рахмет.
?

Пікірлер:41

avatar
  • yerbol89
  • 08 маусым 2012, 00:02
  • +2
Мен «С»-дан басталатын нәрселерді ұнатпаймын,… сатқындық, салқынқандылық, санасыздық,… сосын, «С»-дан басталатын нәрселерді жақсы көремін,… сабырлылық, сағынысу, сосын сүйгенімді...Қайран қазақтың көпәріпі!!!
Маған осы көзқарасың ұнады. СЖ-ның белсенді қолданушысы Жаси :) Жазған өзің туралы фактіңе қарағанда өте жақсы өз ойыңды жеткізе алады екенсің. Мүмкін журналист маманының иесі атанып көрерсің. Жазу стильің ұнады!
  • Zhassiko
  • 08 маусым 2012, 09:28
  • 0
Рахмет көп-көп, Ербол сіз ренжімеңіз, кезінде мен де сол Журналистика мамандығына түскім келген, бірақ әдебиеттен жаным алыс.
  • AL-ASTER
  • 08 маусым 2012, 01:14
  • +3
6.) Көзге түсу мақсатында, жанашыр бола қалып, жасаған жақсылығын жұртқа жария етіп, істеген ісін міндет қылатын адамдар
Қиналған шақта, орынсыз бірінші болып көмекке келген адамнан күдіктен деген цитата бар көрінеді. Көңілі пәк адамдарға сөз тимесін, бірақ көп жағдайда осындай фейк болып жататын сияқты.

9.) Құдай бұйыртса, осы жылы студент болмақпын. Енді, балалық шағымның парақтарын қырқып, сыр сандығымның түбінде сақтаймын.
Қырыққаны нес? Ох, аспан әміршілері… Менің бірнеше жылдық қана ересек дейтін «студенттік» шақтарым, кейде баланың ақымақ тірліктерін елестетіп, еріксіз күлдіред. Айырмашылық тек жаста ғана сияқты болад)))

Әне, Ереке қарсы алып жатыр. Хош келдің дегеннен басқа айтар жоқ. :-)
Пікір 2021-06-08 01:19:08 күні AL-ASTER тарапынан түзетілді
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 01:32
  • -1
Буддажарболғыр амиго, сенің ондай қасиетіңді білмедік қой! Әйтпесе, отырғызып алып, әңгіме айтатын едім ғҮә?!
Үнді фильмдері маған да ұнайды:)
Оооооооу, Шымкеееент:) Көркееееееем, срошны кездесу ұйымдастыыыр:)
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 01:31
  • +1
ой, епті, орамал қушақтап бара сал! Неке сарайына жақын жерде кездесіңдер енД
  • Ayala
  • 08 маусым 2012, 02:56
  • 0
Шымкентке баратындардың, барғандардың баріне орамалдарың дайын екен тееек,ужжжыс...
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 02:59
  • +1
Қызғанба болды, қызғанба! Бәрібір сені келін қып түсірмейміз:)))))))))))
  • Ayala
  • 08 маусым 2012, 03:00
  • +1
оййй, қызғанып жатр едім қатты,қайдан ғана біле қалдың, әәәәә…
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 03:01
  • +1
өзің кемесең, батысқа 3күн жүріп, саған құда түсуге бара алмаймыз. Ық ық, пікірлеріңнен көрініп тұр ше:))))))))
  • Ayala
  • 08 маусым 2012, 03:05
  • 0
Ойй, сенде айтасынғғоо, Шымкентке келін болу тіптен ойда жооқ...
саған құда түсуге бара алмаймыз.
тек келгендерді ап қаламыз дисей, жол шығынын шығармаййй… мамааая, ұжжжыс…
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 03:07
  • 0
неееет, шығын емес. Пыроста 3 күн жүру деген сұмдық қо!
  • Ayala
  • 08 маусым 2012, 03:11
  • 0
3күн деген сылтауғооо, 3күн деген, 3 секундтай өтедіғғоо,сүйген адамға
Пікір 2021-06-08 03:11:33 күні Ayala тарапынан түзетілді
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 03:19
  • +1
охх, Сақалға қола сырға
  • Ayala
  • 08 маусым 2012, 03:20
  • 0
Ой, сенде КеТчІвАр…
  • kozy
  • 08 маусым 2012, 17:27
  • 0
Менің жаңа жеңгелерім пайда бола бастаған ба?))))))))
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 20:50
  • 0
оййй, жаңа?? Ескі жеңгелерің бар ма еді? толығырақ, толығырақ(с(
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 01:30
  • +2
Көпәріп!
Қалай болған күнде іздеп табармын.
Қарағееем, керек адам өзі іздеп табады. Сізге керек адамды «Бәрінен де жоғары жақ» өзі жолықтырады. Таксиде, автобуста болсын. Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді© Іздемей-ақ қойшы! Сені іздемесе, сен оған керек емессін. Ұмытпа!
  • Ayala
  • 08 маусым 2012, 02:54
  • 0
19.Куәлігімде маған 1-ақ адам ұқсайды екен,позор.
Хех, мендеде дал солай
  • qyrmyzy
  • 08 маусым 2012, 02:58
  • 0
туй, ол өтірік!
  • Ayala
  • 08 маусым 2012, 03:02
  • 0
солай деп айтып жүрғоо барі… мүмкін өтірікте шығар…
Өзгешелік байқалады бойыңнан ©
Жақсы жазылған.
avatar
Қош келдіңіз! Жазба жақсы шығыпты.
менде тауешкімін, бірақ жұлдызнамама сәйкес келемін бе екен деп ешқашан жұлдызнама оқып көрмеппін. Сонда тауешкілер қандай болу керек екен ааааааааа? ойланып қалдым ғой
Бұл — менің алғашқы жазбам. Бір түрлі, адасып жүрген маймыл сияқты сезімдемін
— сол маймыл қалпынан Адам қалпына айлап жүріп әрең өттім ғой өз басым )))))))))))
мыналарың факт емес, тұнып тұрған отыз эмоция ғой :)
  • Zhassiko
  • 08 маусым 2012, 13:28
  • +1
Рахмет.) Осы сөзді күтіп едім. Ни че, Көркемнің Календулаға айтқанындай, Все пройдет с опытом.
Көркем ол сөзді мені әлі танымай тұрған кезде айтқан еді. Негізі, ол пост менің алғашқы постым емес еді. Біле жүргін.
  • Zhassiko
  • 08 маусым 2012, 16:20
  • 0
ол пост менің алғашқы постым емес еді. Біле жүргін.
жоқ, мен оны алғашқы постың деп қабылдадым, бірінші пост Мұқағали Мақатаевтікі.
Осы сайттағы ғана ғой бұлар. Басқа сайттарда жазған блогтарым бар болатын…
avatar
  • VVVWWW
  • 08 маусым 2012, 13:59
  • +1
Жақсы, жазу стилің ерекше, жақсы-жақсы посттар күтеміз, жаза түс
Біртүрлі екенсің.
  • Zhassiko
  • 08 маусым 2012, 16:21
  • 0
Рахмет.) 1,2,3 түрлі де бола аламын.
Көрініп тұр)
  • Zhassiko
  • 08 маусым 2012, 20:11
  • 0
Бір неғылғаннан бір түрлі, жағымсыз әсер қалдырдың.
Бір неғылғаннан барлық адам жағымсыз әсер алады, себебі мені ешқашан танып болмассыңдар)
  • Zhassiko
  • 09 маусым 2012, 13:20
  • 0
оны алдағы уақытта көре жатармыз.)))
  • saya
  • 08 маусым 2012, 17:21
  • +1
26.) Маған көп сөйлейтін, аз сөйлейтін адамдар ұнайды деп те айта алмайм, жарықтеееқ, табиғаты солай жаратылса, қайтерсің енді?!
ұнап кеттің!!! сенің посттарыңды күтіп жүретін болам!
14.Екеуміз СЖ-да жұлдыз жорамалға бола сөз таластырып қалып едік қой.
  • Zhassiko
  • 09 маусым 2012, 18:12
  • 0
Мына сөзіңді оқып, СЖ-дағы жауап берген барлық беттерімді ақтарып шықтым. Таппадым.
Есімде жоқ.
Өшіп қалған болу керек.Ол кезде мен Жұмбақ жан — X man болғанмын.:)))))))
avatar
  • Togzhan
  • 09 маусым 2012, 21:51
  • +1
Оооо, болашақ коллега)))
Жақсы жазылған!
Қалаған мамандығыңа түсіп кетуіңе тілектеспін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.