Жаным, мен сені сүйемін! Мәңгі сүйем...
Байқау жариялаймын, Байқау!
(Байқау ҚОРЫТЫНДЫСЫ)
~~~ Бұрынғылар айтушы еді: «Шын ғашық бұл дүниеде қосылмайды» деп, мүмкін сол рас шығар. Баяғы зар заманда қосыла алмағаны түсінікті, ал қазір ше, қазіргі жастарға не жетпейді? ~~~Оралхан Бөкей
followme_alik тің постынан алынды.
Алдыңғы байқауым әлі нақты жауабын таппай келеді. Шынымды айтсам, ол байқауды жариялаған себебім кезінде оқып, енді қайта оқығым келген, бірақ авторын да, тақырыбын да білмейтін бір повестті табуым үшін еді. Өкінішке орай, әлі таба алмай жатырмын.
Бұйыртса, әлі де үміттімін.
Тақырыптан ауытқымайын. Мына байқауға түрткі болған Димаштың "Жаным менің Ақкенже, сүйемін ғой сені!" атты посты.
Сонымен, бұл байқауға жүрегінде түгі бар кез-келген Айтаберлік қатыса алады.
Байқау шарты:
Димаштың постындай сезімдеріңізді ашық түрде, тамаша жеткізе білу. Өлең құрайсыз ба, басқа қыласыз ба жүдә жұмысым жоқ, өз еркіңізде. Бастысы, шынайы болсын.
Егер сіздің сүйіктіңіз болмаса, онда сырттай ғашық адамыңызға сезіміңізді осында жазсаңыз болады.
Байқау міндеті:
1. Тақырыбы келісті болатын болсын, оған баса назар аударылады.
2. Қатесіз, тиянақты болатын болсын. Мынаны және мынаны да оқып алсаңыздар артықтық етпейді
3. Бірге түскен суреттеріңіз болса, «нұр үстіне нұр, құмшекер үстіне құмшекер» © болар еді.
Байқау сұрағы:
Сүйіктіңіз үшін жасаған ерлігіңіз?
Байқау мерзімі:
Екі апта, егер көп немесе аз көрінсе өтініштеріңіз қабылданады.
Байқау өтініші:
1. Пост жазған кезде өзгенің ар-намысына, ұлттық, діни ерекшелігіне тиіспеуіңізді;
2. Боғауыз, балағат сөздер, жанжал туғызатын ойлар жазбауыңызды;
3. Осы байқауға ұқсас тағы бір байқауды қылтитпауыңызды өтінемін.
Сондай-ақ, сезімдеріңізді мұнда пікір ретінде емес, маған Korkem осында жеке хат ретінде жіберуіңіз керек, мен оны бөлек пост етіп жазамын.
Байқау сыйлығы:
Байқауды әділ қазылар талқылайтын болады.
"Өте тамаша" деп танылған пост иесі 500 бірлікке ие болады.
"Өте жақсы" деп танылған пост иесіне 400 бірлік;
«Тамаша» деп танылған пост иесіне 300 бірлік;
«Жақсы» деп танылған пост иесіне 200 бірлік;
«Мақтауға тұрарлық» деп танылған пост иесіне 100 бірлік жолданады;
Ат салысыңыздар! Сәттілік тілеймін!
Пы/сы: Алдыңғы байқауымдағы қара тізімге енген
86 пікір
ерлік дегенде, енді ол үшін жасаған бір жақсылығың дегендей, өзің білесің ғо енД)))
5-қауымдастық жасасынНе го, басым бос емесзынданда жатқандардыәй-шайға қарамай бәйгеге қосып, анау-мынау емес жүлде қоры «1050» бірлікті құрайтын аламан додаға қатысуға мүмкіндік жасадың! :)болды деп айтуға да болады! :))
Осы апта қызық болайын деп тұр,
Маған екінші рет жазуыма болады ма толықтырып?
Басқалардың жазбаларын оқып, жаттаған сөздерімді Ақкенжеме айтайын :))
Уақыты екі аптадан кем болмасыншы, Көркем.
бола ма?Қайда жүрсің Кәмила? деген барама?)))
болмаса оннан астам болғанша мерзімі ұзарып кетет
вайымдамаиииисенің күнің де қарап қалмайды деп ойлаймынол да ескерілетін боладымүмкінқызымжоқболсаДереу ғашық болу керек болды ғой..Жо-жоқ)
Қыздарға ғашық болатын әдетім жоқ еді…
Егер, апторы белгіленіп, кейін Жарқ етіп кімнің жазғаны көрінетін болса, жабулы қазан жабулы қала берсе, соңынан шұбыртып сөз ермесе жақсы болар еді.
Байқау сұрағы:
Сүйіктіңіз үшін жасаған ерлігіңіз?
Осы сұраққа толық, әсерлі етіп жауап жазып жатсақ жеткілікті болады ма?
Бір құпия айтайын, қыздар жігіттердің батылдығын ұнатады.
Ендеше, сәттілік! Маған жекеге пихать етжжіверіңіз. Құпия ұстаймын))