Жаза бергім келеді, жаза бергім...

№1 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)

Қазір түн, жаздың түні маужырап тұр, — деп ақындар жырлап кетіпті. Жүрегіме әмір жүрмейді, мен бір адамға ғашықпын! Мен оған ғашық болып қалдым. Ай… осы жерде мен "әттең" деймін. Мен өмірге қыз бала болып келдім. Сезімімді жігітке айту дұрыс емес. Кей кездері «неге ұл болып келмедім?» деп ойлаймын. Әйтсе, де ата-анама алғысым шексіз. Мен кім болсам да жарық дүниеге келдім ғой. Ана әлдиін, әке мейірімін, әже шуағын, отбасы шапағатын, бауырларымды көрдім. Не деген бақыт десеңізші?!

Шіркін, қандай бақытты жанмын! Мені бақытқа бөлеп жүрген жан — қандай бақытты! Осындай бақытты кездерде анама, әкеме: — «АНАШЫМ-ӘКЕШІМ, МЕН БАҚЫТТЫМЫН!», — деп кең жазық айдалада жүріп айқайлағым келеді. Кейде ойлаймын, «бұл менің түсім емес пе екен?!», — деймін. Қойшы, қорқамын… оянғым келмейді.

Бала кезде ойлаушы едім, армандаушы едім, махаббатым кіршіксіз таза, періштедей болсам екен деп. Әлі де сондаймын, соны армандаймын, соны қиялдаймын.

Мен сізді сүймеймін. Неге дейсіз ғой? Заңды сұрақ. Себебі сіз мен қиналғанда қасымда болып, қуанғанда бөліспедіңіз, суығыма тоңып, ыстығыма күймедіңіз. Есесіне сізді жанымдай жақсы көрем. Тағы неге дейсі ғой? Себебі сіз мені ешқашанда жалғыз тастаған емессіз. Жанымды кереметтей түсінесіз. Өзгелердей жанымды жаралаған кезіңіз болған емес. Әрдайым сабыр сақтайсыз, ашуланбайсыз. Сізге ҒАШЫҚПЫН мен! Білмейсіз ғой бірақ.
Білемін, сіз де мені жақсы көресіз. Бірақ, бірақ…

Адам деген қанағатсыз, тоймайды екен. Мен де ойымдағыны айта беремін. Жаза бергім келеді… жаза бергім…

36 пікір

Korkem
Пост ашық жазылмаған және жүлдеге ілігетініне күмәнім бар. Ең алғашқысы болғандықтан жарияланды. Қабыл алыңыздар, үлгі алыңыздар.
zhurttyn_balasy
Қалай бағалауға болады? Дауысымызды қайда жібереміз?
Korkem
мұны жұрттың баласының білмейтініне таңым бар)
zhurttyn_balasy
пілус минус тіке жазбаға ма?
Korkem
маған жекеге нөмірі бірінші қатысушыға «пілус» деп жазжжівер)))
Togzhan
Ашық жазылғанда қалай? Есімін де жазуымыз шарт па, әлде қалай?)
Korkem
Димаштың постын оқышиш)))
Korkem
Байқау сұрағына да жауабы жоқ екен да…
kuka097
Не туралы жазған? түсінбедім
qyrmyzy
ойы біраз шашыраңқы, қыз екені көрініп тұр, сезімін қайтсе де жасырып қапты. Дегенмен алғашқылардың бірі болғандықтан РЫСБЕК дей самайсыңдар ма түнімен отырып жаздым ғой:(
Korkem
ық-ық жүрегінде түгі бар қыз, жігіттерді шаң қаптырып кетті. Әлгі, Садоктың теориясы…
qyrmyzy
Қамшылай бер:)
Tyerbol94
Натуралға ұқсамайды мынау, қиялдан туған.
Korkem
сондай болса да, ерлігін айт оның!
Tyerbol94
Көмескі, кімнің ерлігін?
Korkem
Ол жағы құпия ұсталады.
Tyerbol94
Өлең түрінде бола ма шығармашылық?
Korkem
Мына сілтемеге өтіп, танысып шықшы.
Tyerbol94
Ұсынысыңа рахмет, оқып шыққан-ды.
Zhassiko
брат, келіп тұр…
Tyerbol94
Желідемін ғо.
ABYLAI0KHAN
бұл не?
qyrmyzy
өздеріңше бомаңдарш
Korkem
Мына сілтемеге барып келсең түсінесің.
Zhassiko
Осы байқаудың әділ қазылары кім? — деп сұрақ қоюға бола ма осы жерге?
Korkem
мына сілтемеде ол жайлы тоқталған сияқты едім.
zhurttyn_balasy
Әділ қаз
Korkem
Жұрттың баласы еу)))) қойшиш
AKA
Немесе былай: Әділ

zhurttyn_balasy
Әділ қазы, қарта, жал, жая? ))
dimash
Білемін, сіз де мені жақсы көресіз. Бірақ, бірақ…

Осындай Бірақ дегендер ұнамайд…
Кім жазса да «Бірақсыз» бақытты болуына тілегім)
Korkem
Оның енді рас. Бұл жарамсыз болғанымен, ең біріншісі болғандықтан шығарылды. Ендігіге қаталмын)))
banzaika1990
онсыз да жүрегі жаралы болып жүрген бір жан екен мына пікірлерден кейін сәпсім түңіліп кетпесе жарар еді
Ais_97
Көптен кірмеп едім байқау болып кетіптіғо романтика болатын шығарда!
followme_alik
Романтикалық постты Сенен күтеміз =)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.