Cезімдердің сандығы - сөз бен саз

№2 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)

Менің сезімдер сандығымның сөзі мен сазына назар салыңыздар!

Балапаным, мен сені жақсы көремін!

Ғашық еттің өзіңе
Айдай ашық жүзіңе
Сені көргенше асықпын
Саған неге ғашықпын
Ғашық болу сезімін
Сені көріп сеземін
Айта алмадым сөзімді
Сол қынжылтар сезімді
Соны өзіңе жеткізгенде
Сен маған не дер едің
«Жоқ» деген жылатар жүрегімді
«Иә» дегенің жұбатар жүрегімді
Өлеңменен сусындаттым
Саған деген сезімді

Сенімен таныстырған жанға алғысым шексіз, өзіңнің менің жүрегімді баурап алған қайсар, батыл, ерке мінезіңе тәнтімін.

Сенімен әр уақытта бірге болуды қалаймын, қиындықта да қуанышта да сенімен бірге болуды аңсаймын, сенің менің өмірлік жарым болуыңды армандаймын.
Сенің жүзіңнен күлкі кетпеуін қалаймын, өзіңнен сүп-сүйкімді қошақандар сүюді аңсаймын, сенімен бірге бір жастықта қартаюды армандаймын.


Екеуміздің екі қалада болуымыз жаман, сені күнде көре алмайтыныма ызаланамын, Алла қаласа әлі бірге бір қалада болатынымызға сенемін.

Жүрек сені іздейді,
Сенсіз гүл де солады.
Күндей мәңгі біздегі,
Махаббаттың одағы.

Мен Шығыс Қазақстандамын, ол қыз Астанада. Оған күнде гүл бере алмаймын ғой, алыстан берген күннің өзінде де ол гүл жеткенше қурап қалады. Мен соны ойлап, оған осыдан бір ай бұрын сыйлық жасадым. Күнде мені есіне алып жүру үшін фото салатын рамкаға әдемі вазада тұрған ақ раушан гүлін фото қылып шығарып алдым да, сол рамкаға салып «Ардақты да аяулы МАХАББАТЫМ менің» деп жаздым. Ол рамка оның жұмыс столында тұр мені есіне түсіріп.

Қайыспай дауылдарға, жауындарға,
Сыр шертіп мәңгі бақи сағымдарға.
Махаббатты өтермін жырлауменен,
Өртке толы кеудемде жаным барда.


37 пікір

Korkem
Сезімдер алдамайды… ©
сындым мына жазбаға.
pana
жылап отыр өзім бір романға, неге мені аямайсыңдар))) күшті!!!
AKA
Мәәә, прям оқып отырған адамға арналғандай әсер болады екендаЧы. Жаза түсіңдер, ризаааа боп оқып отырайық. :))
qyrmyzy
Мынадай пост саған ұнаған болса.......ішіп кетем©
AKA
Ұнағанда… сезімнің алдында әлсізбін, оның үстіне ағынан жарылып жазып отырса…
AKA
Ән джынды таңдалған, "Қасымда бол!".
qyrmyzy
жіләдім:(
Zhanat
қой жыламаныз)
qyrmyzy
сезім бар жерде көз жасы бірге жүреді©
m170785
мен де жіііііләәәәәәйін деп, жіләмәдім, ұстап тұрмын өзімді
qyrmyzy
ахаха, жіләвалайық
followme_alik
Романтик) _Керемет =)
Korkem
Жұрттар жазыватыр, қарап қаламыз ба?! ))
followme_alik
НамЁк түсінілді және оны орындау барысы ертең жүзеге асады да бүрсігүні жеке хат ретінде жіберіледі. =)
Korkem
не деген ұзааақ еді :))
followme_alik
Тағы екі күн берш, уақытым болмайатр _ жарай ма, Көркем?
qyrmyzy
оқитын түк жоқ, жазыңдаршы, пост жазыңдаршы
pari
қошақандар сүюді аңсаймын
не деген романтик, Не деген теңеу! Меніңше мынаны жігіт жазған сияқты, сөздеріне қарағанда.
followme_alik
Мен Шығыс Қазақстандамын, ол қыз Астанада
Енді ше)) _қайырлы таң.
pari
Қайырлы таң Әбөөкк!Қалайсың?
followme_alik
Әбөөкк

деген Абылай _)
Кереметпін. Өздерің? ©
pari
Мен Абылай ағамды Әбеке деймін.
Zhassiko
Ғажап-ақ...Ғашық болудың өзі бір бақыт. Келесі пост қашан келеді екен а??? кереме-е-е-т
Korkem
осы сіз ат салыссаңыз қайтеді а?
Zhassiko
үйбәйі, ондай болмайды ғой ии, секрет болсын да! Мүмкін, ат салысып жатқандардың бірі мен шығармын…
VVVWWW
Мынау үрлық өлең ғой… авторына сілтеме қалдырсын, тым болмаса
Korkem
Ол енді белгілі жағдай, бастысы батылданып сезімін айтқанын айтыңыз)))
VVVWWW
Қызық сонда, біреудікін көшіріп алып жазсам да өз сезімім бола ма?
Мына постыны құрту керек
Korkem
Ендеше сезімді қалай жеткізу керек екенін жастарға үлгі етжжіверсеңіз қалай болады?
qyrmyzy
қарап қалма, жаз!
VVVWWW
Баяғы адамдар екі ағашты үйкелеп от жағады дегенді тарихтан оқып едік (немесе тасты тасқа үрып), одан кейін спичка, зажигалка шықты… қазір тіптен рахат болды ғой
qyrmyzy
ахаха, енД сенде күчт мүмкіндік болып тұр ғой:) От жағатын тағы бір құрал бар. Соны ұмыттың
AKA
Жан дүниеңмен сезінбей, әдемі сөздерді әкеп қоя салған да ұяттау енді. Шынайы шықпай қалатындай ғҰә :))
duman
Астанадағы ол қыз шынымен бақытты!!!
Araika
Бұл қатысушыны танып үлгердім :)
konvict
Қарапайым екен, анша ната алмадым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.