↑ Жоғары шығу
18 маусым 2012

СЕЗІМ БІЛДІРУ

№3 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)

~ Махаббаттың құдіреті шексіз, Достым... ~ ©

Махаббат Мені өзгертті! _ Оң қырымды таныттыруға итермеледі_ бірақ, оның кермек дәмін татып көргім келеді-ақ _шіркін-а-а-а-а-ай,
алайда…
… алайда. Амалсыз...
ал амалсыздықтың күйін кешу ерте Бізгеее, сондықтан сезімімді жайып салуға бел будым. (^_^)

________________ Ақнұр, Мен көрген Қыздардың ішінде сымбаттысы да, ақылдысы да Сенсің. Көргенде-е-е-е, виртуалды әлемді аралап, өзіндік таңбаңды қалдыра білген сәтіңде ғана. Сол сәттің тәттілігінде шек жоқ!

Қолданушы, «Жоқтан барын жасап не айтқалы отыр мынау ?!..», — деген ойда болсаңыз, күмәніңізді түсінемін. Бірақ, Ішімдегі сезім бытыраңқылығын, аяқ астынан пайда болған шабытым мен жүрек дүрсілін, ғашықтық дертіне ұшырай бастаған болмысымды сезіп отырған Сіз жоқ... үндемеңіз… түш.ш.ш.ш… Ақнұрды сүйетін жігіттердің барлығы басынан кешіп үлгерді. Сондықтан мұнда «Махаббаттан шатыры кеткен» атты коммент. артық болады.. .

Әдемі есімге ие Қазақтың, Қызылорданың, Айтабердің қызы – Ақнұр, Айтабердегі іс-әрекеттеріңе алғаш көз жүгірткенімде: қарапайымдылық, турашылдық, имандылық, сауаттылық, жан- жақтылық сынды қасиеттеріңді байқап ем. Сүп-сүйкімді, тілің бал баладай, пәк, жайдары, жарқын мінезіңді көрсеткеніңде,: жібідім: _ Жүрекпен сөйлей білген Сені фотодан көргенімде – ғашық болдым. Ғашықпын!… бұрымды, көңілді, күтіне білетін, жаны игі жан екеніңе көзім жетті. Міне, осыдан кейін терең ойға шомылдым, алауыртқан таңдарда тылсым дүниенің періштесіндей есіме келе бердің, келе бердің. Сайтта әрбір виртуалды тіл қатқаныңа жаным елжіреп, кәусәр саусақтарыңмен пернетақтада жазған « ((((», « :( » смайлдарыңа күйзелетінмін. Қуанышыңа өзімше бір леппен ортақтасатынмын. Алладан әрқашан деніңе саулық тіледім. Әлі де тілеп өтем.

_ Балабақшалық махаббат – білместік, мектептегі махаббат –сенбестік, Алғашқы махаббатым Сенсің,Ақнұр _!



Таусылмайтын бірақтардан тұратын бүгінгі күнде кеудемдегі ұшқындаған шоқ сезімді жандыра білген неткен жан едің, көркем мінездім? …



Сезімімнің боямасыз екенін ұғынуыңды қалаймын, жаным… ұғынуыңды…

Қазіргі күйімде біртекті бақыттымын, неге десең, әдемі мүсінді көздеріңмен жүректен шыққан сөздерімді оқудасың, Сұлуым. Ерлік танытып, алғашқы қадамымды орындап, ару ~ Өзіңмен кездескім-ақ келеді, бірақ амалсыз ____ Ақ тұлпардағы ханзадаң бола алмаймын, сірә… анонимділіктің мәңгілік қақпанына түсіп, сыр ашпаудамын. Ендігі күндеріңде Тәтті өмір кешуіңді қалаймын. Бақытты бол, Ақнұр... мәңгі жүрегімдесің, ақ құсым!



Жүрегімді Сен менің сақтап тұрсың-ау.. .©

Мейлі, сөзімді құлақтан өткіз, мейлі, менсінбе… Мен үшін идеалды боп қала бермексің!
?

Пікірлер:72

Жазба иесі Менен жазбасын көркемдеп беруді сұрады. Ескертіп қояйын, аптыры Басқа АЙТАБЕРЛІК жігіт. Ойына тәнті болдым =)
avatar
~~~ Жазбасын көркемдедіңіз ба әлде түгелдей жазып шықтыңыз ба? Жазу стильі қатты ұқсайды_ екен ~~~
тек сәндедім =)
менде жазу стиліне қарап, ойша нетіп қойып едім...қап
avatar
неткенің дұрыс шығыпты ғо..))
  • qyrmyzy
  • 18 маусым 2012, 23:48
  • +2
хмммммм, санам сан саққа жүгіріп кетті
avatar
Жазба иесі Менен жазбасын көркемдеп беруді сұрады. Ескертіп қояйын, аптырыБасқа АЙТАБЕРЛІК жігіт.
followme_alik сәндеп жатып тоқтай алмай толықтай жазып шыққан екенсің ғой :)
Ойына тәнті болдым =)
Өзіңіздің ойыңызға тәнті болғаныңызға, тәнті болмасқа шара жоқ.
  • AKA
  • 02 шілде 2012, 08:15
  • 0
И не?! Не и?! ©
  • Korkem
  • 18 маусым 2012, 13:09
  • +2
Не деген ғажап сезім еді… елжіредім…
Қарап жүрмей, сындырып жүргенін қараш)))
Жігіт басыммен Маған елжіреп не жоқ десей ))))
АКА үндемей қалмас деген үміттемін =)
  • qyrmyzy
  • 18 маусым 2012, 23:38
  • +2
Үндей алмайды
  • qyrmyzy
  • 19 маусым 2012, 12:29
  • 0
кәмптің қайда жүр өзі? ай қарап жүр ма, жұлдыз санап жүр ма? Жұрттың жігіттері сезімін білдіріп жатқанда…
avatar
  • Zhanat
  • 18 маусым 2012, 13:11
  • +3
Ақнұр деген қандай қыз менде көрейінші
Ақнұр есімінде — «сілтеме» =)
  • Korkem
  • 18 маусым 2012, 13:21
  • +1
Міне, мынау ))))
avatar
  • Zhanat
  • 18 маусым 2012, 13:24
  • +4
рахмет сүйкімді екен
avatar
  • pari
  • 18 маусым 2012, 13:17
  • +3
Па шіркін! Не деген романтик жігіт өзіі.Керемет жазылған.Датым жоқ, сөзім жоқ, базар жоқ!Ғажап.Мынаны оқып Ақнұр апамның төбесі көкке екі елі жетпей қалатын болды.Та-МА-Ша!!!
avatar
  • Zhanat
  • 18 маусым 2012, 13:25
  • +3
қандай ғажап қыз екен жігіттің жүрегін елжіреткен
Ооооооооооо, Көк Тәңір, Көкбөрі, Ұмай ана, Зевс, Афродита, Пассейдон, Афина, Будда, Брахма, Рама жар болмаңдар.
Яяяяяяяяяя, Жаратушы Алла өзің жар бола гөөөөөөөөр) Неткен жаңалық мынау:) Тойды бастап жібере берейік пе?:)))
avatar
  • Zhassiko
  • 18 маусым 2012, 16:27
  • +6
Түүй, мына жазылған сезімдерге ғашық болдым… Керемет, сөзбен жеткіліксіз!
  • qyrmyzy
  • 19 маусым 2012, 12:27
  • 0
ахаха, сезімге ғашық бола ма адам?
avatar
  • dimash
  • 18 маусым 2012, 18:47
  • +2
Сөз жоқ қо)))
Ұнады, Менде баста Алик екен десем)) Пікірлерді оқып барып білдім, бәсе, мен білуімші Әлішер мектеп оқушысы ғой, тойыс жасы кіші еді ғой)
Кім екені ҚААААТТТТЫЫЫ қызықтырып тұрРрРррРрРр… ЫЫЫЫ енді осыны білмеййінше ойымнан кетпииииид…
Аптыр, плиз, кім екеніңді маған жекеге айтшы, менде чуть болжам бар, бірақ сенімді болғым келеді. Или подсказка, майл ру агентте менің контактімде бар адамсын ба әлді мен танымайтын жансыз ба?.. мм??? мммм!!!???
Пікір 2021-06-18 18:48:10 күні dimash тарапынан түзетілді
мектеп? жо, жоқ, естімедім. ©
Колледж. =)

өңкей сенсация іздегендер )) ©
Аптырларын байқау аяқталғаннан кейін… жария. қызық болмай кетет. =)
Пікір 2021-06-18 18:51:09 күні followme_alik тарапынан түзетілді
  • qyrmyzy
  • 19 маусым 2012, 12:27
  • 0
ахаха, отырайын сол бетім қызарып, экранға қарап…
avatar
  • sandibek
  • 18 маусым 2012, 21:25
  • +2
Базар жоқ, тамаша жазылған. Шын жүрекпен жазғаны көрініп тұр.
avatar
  • pana
  • 18 маусым 2012, 22:49
  • +2
әдемі!!!
  • qyrmyzy
  • 18 маусым 2012, 23:42
  • +3
жіләдім, күрсіндім! Керемет пост! Неткен батылдық!
  • AKA
  • 18 маусым 2012, 23:51
  • +1
Екінші әуенді тыңдап отырып оқыған тіпті керемет! Әр сөзінен жылылық, мейірім еседі. Рахмет, АРБ!
П.С. Байқауға қатысқан қолданушылардың аты-жөні соңында айтылатын болды ма, әлде құпия сақтала ма?
Байқауға посттарды қабылдап жатқан кісі өзіңіздің әпшедұшпаныңыз екенін ескеретін болсақ, одан әлдеқайда алдын біле салу мүмкіндігіңіз жоқ емес:)))
Пікір 2021-06-19 00:12:25 күні QARASAQAL тарапынан түзетілді
  • qyrmyzy
  • 19 маусым 2012, 00:14
  • +2
әпшедұшпан
ахахахахаааа
  • AKA
  • 19 маусым 2012, 09:15
  • +1
Иә, кім болса да ризамын, қуантып тастады. :))
  • qyrmyzy
  • 19 маусым 2012, 12:25
  • +2
ахаха, қандай сезімде болдың оқығанда?
  • qyrmyzy
  • 19 маусым 2012, 13:45
  • +2
не го, +тар қоржыныңда көп екен, байқадық:)
НАғыз батыл жігіт екен! Сондай жігіттер көп болғай!
  • AKA
  • 25 маусым 2012, 23:24
  • +1
Бірақ… бұл батыл жігіт өзіме жазған жоқ әлі ((
Жекеге шығатын түрі жоқ па екен?
  • AKA
  • 27 маусым 2012, 22:18
  • 0
Жекеге шықты, бақыттымыз! :))
  • Korkem
  • 27 маусым 2012, 22:19
  • +1
менің байқауымның көөөп адамдарды бақытқа бөлеп жатқаны қуантады)))
  • AKA
  • 27 маусым 2012, 22:20
  • 0
Айтпа, төбем көкке 2 см 8 мм жетпей қалды ғой.
күлкілі емес... сөздеріңнен кейін өмірдің мәнін кетіріп алғандаймын... (((((
  • AKA
  • 27 маусым 2012, 22:27
  • 0
Кешірші, былай шығып сөйлесейік.
  • Korkem
  • 27 маусым 2012, 22:29
  • 0
өләәә, міне, нағыз махаббат! Куә болыңдар, уа, жұртым!
… ((
avatar
  • Zhassiko
  • 28 маусым 2012, 00:57
  • +1
куәміз..)) Енді былай-былай әйиии көйлегімді дайындай берейін ба?!
Пікір 2021-06-28 01:00:38 күні Zhassiko тарапынан түзетілді
анонимділіктің мәңгілік қақпанына түсіп, сыр ашпаудамын.

Қайда дайындамақшысың? ))
avatar
  • Zhassiko
  • 28 маусым 2012, 01:14
  • 0
мен де анонимділіктің мәңгілік қақпанына түсіп, 
сыр ашпаудамын.
ойымыз бір жерден шықты.
  • Abylai
  • 28 маусым 2012, 01:23
  • 0
сыр ашпаудамын.
сен жайлы досье бар менде, ішінде әжептәуір ақпарат бар
пы\сы тек сен жайлы емес Манас та бар тізімде
Досьелерді қайдан жинағаныңды білмеймін, бірақ: жалған: боп шығары анық. вроде ашылған жоқ сияқты едім саған, епті )) _
  • Abylai
  • 28 маусым 2012, 01:27
  • 0
жариялайын ба?
күмәндана бастадым ісіңе
архивіңдее шаң басып жата берсін))
avatar
  • VVVWWW
  • 28 маусым 2012, 01:38
  • +1
«Совешенно секретно» деп, архивке тығып тастаған болар, оны енді болашақ археологтар қазба кезінде тауып алып тарихи жаңалық қалып ашады. 12012 жылы
))) ______ ұрпақтар жалғанды шындыққа балайтын болД ........өкінішті…
  • Abylai
  • 28 маусым 2012, 01:46
  • 0
Оралханов үверенсің ба «жалған» екеніне?
жөнімді білу ерлік екен. ткЦ.ткЦ.ткЦ.ткЦ. уверенмін ал ))
  • Abylai
  • 28 маусым 2012, 01:56
  • 0
Суреттер сөйлесін

епті осыдар басқа суретің жоқ екен
Пікір 2021-06-28 01:56:16 күні Abylai тарапынан түзетілді
сен жайлы досье бар менде, ішінде әжептәуір ақпарат бар
Әжептәуір ақпарат көріп тұрған жоқпын на)) ___Суреттегі студенттер сөйлемесе, не шара?.. әй, сен де...)) _ размері үлкен еді ғо)) _Мені таба алсаң — қуаныш)
  • Abylai
  • 28 маусым 2012, 02:03
  • 0
жұлдыз жорамал бойынша бикеш екенің тағы бар уәқәқә
у ішуіме жол ашып отсың, рахмет
  • qyrmyzy
  • 28 маусым 2012, 02:10
  • 0
Бізге сол нету керек еді, қатысу керек еді дим дә:)
  • AKA
  • 28 маусым 2012, 08:20
  • 0
Әлі жүрмісің, бітетін болды ғой байқау, тездет :))
  • Korkem
  • 28 маусым 2012, 10:08
  • 0
ятсыздар
avatar
  • Zhassiko
  • 27 маусым 2012, 20:27
  • +2
ол батыл жігітті бүгін көрдім.)
  • AKA
  • 27 маусым 2012, 22:17
  • 0
Қайдан ғана көрдіңіз? Сипаттап беріңізші? :))
  • Korkem
  • 27 маусым 2012, 22:18
  • 0
қызғанбаииии
avatar
  • alikona
  • 27 маусым 2012, 21:26
  • +3
Бұндай қызық постты бүгін ғана байқап тұр екем, маладец маладец құпия жігіт!
  • AKA
  • 01 шілде 2012, 23:05
  • +1
Уаа-чааа дедім, Әлішер! Зор алғыс, ана* жақта да айттым ғой өзіңе
Езуіңнен күлкі {XD XD XD} кетпесе болғай
avatar
  • domakov91
  • 04 желтоқсан 2012, 23:55
  • 0
cонымен бітті ме қай тілде жазылған дым түсінбедік Мына жазбалардың бәрі қашан шығып кеткен оқып үлгермедік күніне 16 сағат аптасына 6 күн айтаберде жүрсекте
  • Korkem
  • 05 желтоқсан 2012, 00:53
  • 0
айналайын-ау, бұл сіздер келмей тұрғанда болып ужы бітіп кеткен алдыңғы байқаудың сезоны. Ал қазіргі болып жатқан байқау посттарын бастапқы беттің оң жақ жоғарғы бөлігінде «Жазбалар» деген батырманы басу арқылы көріп тұрасыздар.
Осы желтоқсан айында жарияланып жатырғандар 2-ші сезон ғой менің түсінуімше?
  • Korkem
  • 05 желтоқсан 2012, 01:31
  • 0
дәл солай
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.