Сен дегенде сезімім серпіледі

№4 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)

Сөздің басын Мұқағали ағамыздың мына бір жыр шумақтарымен бастағанды жөн көріп отырмын.
Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені,
Көрмейсің ғой, кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсан болған пендені,
Түсінсеңші ақыл ойың кембе еді...
Өмір маған өзінің жана парағын ашқандай көрінеді, жас жүрегім кереметтей сезімге бөленіп, өзімді өмірдегі ең бақытты адамша сезінуші едім. Терең ойлап қарасам, нағыз ақымақтың өзі екенмін…
Неге алдадың сен мені, неге алдадың?
Күйреді бүгін менің бар арманым.
Жолым болмасың біліп ем мен әуелден,
Ендігі еш мәні жоқ бұл жалғанның.


Неге? Неге?, — деген сұрақ кеудемде қыстырылып, тұншығып, тұтығып демім жетпей отқандай. Белгісіз бір бөгде әлемге аяқ баспаған жерге кетіп қалғым келеді… Жалғыздық… Бәрінен шаршадым! Сізді ұмытамын ғой деп батыл ойлап едім, шынайы бақытымды таптым деп сезінген едім, бірақ та ұмытқанмен не пайда? Қатты қателесіппін, сізді ұмытамын деп, сізді есіме алмаймын деп жүріп, бар қайғыны басыма үйірілтіп алғандаймын. Сізді қатты қатты сағынам. Күні-түні ойлаймын. Бірақ, ойлаудан да, армандаудан да шаршадым, бар дүние көз алдымда сағымдай бұлдырап бара жатқандай көрінеді. Өзіңізді көргенде керемет бір әсем сезімге бөленуші едім… Қайда? Қайда? — сол бір ыстық, судың сылдырындай, күн нұрыңа малынған сіздің жанарыңыз, оны неге менен сонша жасырасыз? Әлде сіздің де бір сүйгеніңіз бар ма?
Неге өмір қатыгез,
Неге адам жылайды,
Неге сүйген адамың,
Сені сүйе алмайды?!
Тағдырдың қаталдығы рас! Бірақ мен оған ешқашан күнә тақпаймын! Өмірдің заңдылығы солай шығар мүмкін… Қайтейін қинадыңыз-ау! Неге мен сізді сүйемін?… Жаралымын… Жазығым не сонда?! Әлде сізді шынайы сүйгеніме кінәлімін ба? Сіз қалайша мені осылай тез ұмытып кеттіңіз? Сіздің сол бір бақытқа толы көктемнің сезімге толы кешін ұмытуыңыз мүмкін емес… Жо-жоқ, мен сенбеймін! Неге мені бақытқа бөлеп, ессіз ғашық етіп, кетіп қалдыңыз? Өмірім жаңа ғана басталып, бақытты күндерді кешіп жүрген кезімде, көзіме жас, көңіліме қаяу, жүрегіме жара салып, қалай ғана үнсіз кете бардыңыз?! Қалай ғана мені жалғыз тастадыңыз? Сізді шексіз сүйем, жаным! Бәрінен шаршадым! Мына бір қиындығы көп дүниеден жырақ кетіп, тек сіздің қасыңызда ғана болсам, шіркін! Неге сол бір бақытқа толы көктемнің кешінде мәңгілікке қалып қоймадық екен? Өтінем сізден, жаным, маған қайта күлімдеп оралыңызшы, менің бақытты күндерімді, қайтарыңызшы. Мен қатты өкінем, сол кезде неге сіздің ыстық алақаныңызды қысып тұрып, шын сүйетінімді ашып айтпадым екен? Бәлкім сізде сезіміңізді айта алмай, жүрегіңізде сақтап қойған боларсыз?! Кім біледі? Сіз де мені сүйетін шығарсыз. Сезімімді айтсам махаббатымды жоғалтып алам деп қорқатын боларсыз, мәңгілік жүрегіңізде маған деген кіршіксіз махаббатыңызды сақтап қойған шығарсыз?! Еңдеше мен де сол бір пәк сезімге толы, сізге деген аяулы махаббатымды жүрегімнің төрінде мәңгілікке сақтаймын… Жаным, өзіңізді өмір бойы күтіп өтем. Мен үшін ешкімде дәл өзіңіздей бола алмайды. Тұла бойым өртеніп бара жатқандай. Сіз есіме түскенде менің жалғыз серігім — алдымдағы ақ қағаз бен қаламым болды. Түсініксіз бір әлемге еніп, қалғып кеткендеймін. Кенет тырс еткен бір дауыс естілді, оянып кетсем, алдымдағы ақ параққа осы бір дүниені шимайлап отыр екенмін, көзімнен аққан жастан ақ парақ суалыпты. Жылап отыр екенмін. Сүйдім, мәңгілікке сүйіп өтем сізді…… Жаным!!!!


Сізге деген ақ тілегімді төрт жол жыр шумақпен жолдаймын
Аққу құстай ақ бол,
Махаббатқа сақ бол,
Көрінгенге көз салмай,
Сүйгеніңе тап бол!

68 пікір

Korkem
Мына байқау біраз адамның сезімін серпілтіп-ақ тастады. Жазыңдар, жаза түсіңдер…
qyrmyzy
айтпааа, күнде жылайтын болдық:(
qyrmyzy
Қыздар, қиналмаңдаршы!
AKA
Мүмкін жігіт?
qyrmyzy
Жігіттерге бәрібір емес пе?
AKA
Білмеймін, бәріне топырақ шашу қиын. Себебі, бәрібір емес жағдайды да өзім көргем. Тікелей өзіме келетін болсақ, мен көп кінәні қыздардан табамын.
Korkem
өзіңіздің де қыз екеніңізді ұмытпаңыз
AKA
Оған қарамайды, қателіктен сабақ алатындар бар, алмайтындар бар. Санасына қарай бәрі де, мен барлығын кінәлап отырғаным жоқ, бірақ мен көрген жағдайлардың көбінде солай… Екі жақтан да қателік болады.
Korkem
Міне, енді дұрыс. «Таяқтың екі ұшы бар» демекші екеуі де кінәлі. Немесе «екеудің арасына есі кеткен түседі» үшінші адамның да кінәлі болуы ғажап емес)
AKA
Сонда да, балалы-шағалы болғанда, кішкентай кикілжіңді үлкен дауға айналдырмас үшін әйел қауымы шыдамды, кейде тіпті қарсы жауап бермей, үнсіз қалғаны да дұрыс. Хадисте де айтылады: «Жалған дүние мен әйел қауымынан (олардың арбап-азғыруынан) сақ болыңдар!» деп. Ерінен төмен екендігін біліп, бойынсынған әйелден мықты адам жоқ. Өзі де, ері де бақытты болады деп есептеймін.
Korkem
Оған айтар дауым жоқ, жақсы айттыңыз! Дегенімен, біз үйленгенге дейінгі екі жастың арасын айтып жатыр едік.
AKA
Сонда үйленгенге дейін бір-біріңмен ұрсысып, сөз қайтарып жүрсеңдер, сол қарым-қатынас үйленгеннен кейін өзгереді деп ойлаймысыз?! Дейін де ойлану керек, болашағы бар қарым-қатынас болса. Уақыт өткізу үшін қарым-қатынас құрылса, ондайға айтарым жоқ, қолдамаймын да.
Korkem
cөзді бұрмалап кеттіңіз. Әңгіменің төркіні қыз бен жігіттің арасындағы жауапсыздыққа екудің де кінәлі екені жайлы. Ал арадағы ұрыс-керісті әркімнің сана-сезімі білсін.
AKA
Бұрмалағаным жоқ, қыз бен жігіт болашақта ерлі-зайыпты болуы да мүмкін ғой?! Сондықтан отау құрмай тұрып-ақ бір-біріне кешірімшіл, түсіністікпен қарау керек. Жалпы, болашағы бар қарым-қатынасты ғана құптаймын және сол туралы ғана айтып отырмын. Бүгін бір жігітпен/қызбен, 2-3 айдан кейін басқамен жүруді құптаған емеспін. Осындай қатынастарда ұрыс, ретсіз қызғаныш, салыстыру жиі болады. Қорытынды: сүйген адамыңа ертеңгі күні отағасы/отанасы болады деген сеніммен қарау керек. (менің пікірім)
Korkem
Демек, кінә қызда ғана емес жігітке де тиесілі деген сөз ғой? ммм…
AKA
Ошым сіздің жағдай түсінікті.
Zhanat
жігіттерге бәрібір емес
followme_alik
Әсерлі, Сахнадағы махаббат жайлы қойылымда отырғандаймын. Жақсы. =)
qyrmyzy
жәнем ашып кетті:((( Қыздардікі осы ғой(((
beko
АЛ, ұзын пікірімді бастайын))
Өз ойымды білдіртсем бол ма?
qyrmyzy: Жігіттерге бәрібір емес пе?
Көбісіне иә!(есеп және нәпсі қуғандарға). Ол табиғаты заңы егер, жүрекпен шығарған нарсе жүрекке енуі, бірақ "қыздардың тағы бір қулық ісі ғой" деп ойлауда ғажап емес, одан қалса, «тез ұмытылып кетіледі».
Сонда кім үн қатар ол қыздар, балдарға?
Жауап: Жүректерінде ол адамға деген жылуы бар және жүректерін тыңдап, сол жүректің әмірімен жүргісі келетін адамдар…

Егер жоғарыда түсінбесеңіз, толықтыра кетейін:
"қыздардың тағы бір қулық ісі ғой"

Кейбір қыздар осындай жағдайды айла ретінде жігіттеріне қолдануы. Алдамшы, жүректен емес, сол жағдайда өтірігіне түсіп қалмайын деген жігіттердің ойы.
«тез ұмытылып кетіледі»
Бұл дегенің, мән бермеген адамның сөзі, немесе мән берсе де, тез ұмытқанын қалайтын адамның сөзі.
Жауап: Жүректерінде ол адамға деген жылуы бар және жүректерін тыңдап, сол жүректің әмірімен жүргісі келетін адамдар...
Кейбіреулер жүректерін тыңдап, сонымен жүргісі келеді, ал кейбіреуі керісінше(есеп). Қайсысы бақытты болады деп ойлайсыздар ғой, меніңше екеуінде ұмытпаған жөн...(мүмкін мен қателесемін, мүмкін жоқ, бұл тек 30минуттық уақыт арасында ойлаған ой болатын)
Осы жағдайда, осы постқа Сая, әу деп жіберсе екен ғой…
qyrmyzy
Саяның мына постқа не қатысы бар? м? Пікіріңді үйге барған соң тағы бір оқып шығу керек болып тұр:)
beko
Жақсы психолог емес пе? Мен айтаберде өкінішке орай психолог мамандығынан сол бикешті ғана біледі екенмін.
qyrmyzy
Көркем де психологтың ар жақ, бер жағы…
beko
Көркем, Сая және де басқа психологтар, микрофон сіздер де?
Көп жастардың білгісі келетін жауаптары және оған тиісінше сұрақтары:
НЕГЕ ОЛАЙ?
Мен ұнатсам ол ұнатпайды, ол ұнатса мен ұнатпаймын?
Кейбір кезде жалығу, ол кезде қарсы не амал қолданған жөн, әлде басында жұп дүрыс таңдамағаннан ба?
(Тағы сұрағыңыз болса, қойып көрсеңіздер әбдеен болады(деп ойлаймын))
qyrmyzy
ахаха, меніңше, тек батылдық пен төзім керек! БОЛДЫ.
pana
біреуді өзіңізге арналған адам деп сезсеңіз, сіз соған арналған адамдай болсаңыз екеуге ғана мәлім келісім орнайды. жалығуды, жалықпауды, төзімді, т.б. әңгімелесіп шешіп алуға болады. жұптардың қиындықтарының көбі әңгімелеспей, әркім өз шырынында қайнап, болмаған нәрсені ойлап табатынында.сонымен бірге конфликт көп жағдайда екі адамның сенімі(убеждение) сәйкес келмегенде болады. адамның ойына иелік ету мүмкін емес, демек адамға да.өзіміздің ойдан басқа ойды құрметтеу керек.
Karakulov
лично мен, мына мен))) ***** ханымға бара жатқанда ұрысатынымызды, ал ұрысып қайтып бара жатып кешке таман аулада жақсылап серуендеп қайтанымызды ойлап келе жатамын.
норм сөйлесу керек ед деп ойлайсың… бірақ, шықпайд шоты)
pana
ееее,әлгі посттың авторы сіз болдыңыз ғой?)
Karakulov
жоқ, менің бұл постқа мүлде қатысым жоқ.
Karakulov
Ақталайыншы))) мен емес афторррррррр!
Korkem
Сұрағың орынды-ақ. Сен ұнатсаң ол ұнатпайды, ол ұнатса сен ұнатпайсың, яғни жауапсыздық. Жауапсыз сезімге тап болмай алдын алу үшін, өзің ұнатқан жанға бірден жүрегіңді ала жүгірмей оның да өзіңді ұнатуға ұмтылу керек. Ол да сені ұнатқан соң тамаша жұп шығар еді, яғни ортақ әңгімелерің көп болар еді. Мұндай кезде «жалығу» деген ұғым атымен болмайды. Сезім алдамайды, сезімнен туған пікір алдайды.
qyrmyzy
әй, Беко, тағы екі метр пікір жазватсың ба? Тез жазшы, оқығым кеп отыр:)
Korkem
Өз ойымды білдіртсем бол ма?
болады!
qyrmyzy: Жігіттерге бәрібір емес пе?
Жігіттерге бәрібір болса бәрібір шығар, дегенімен мына байқауға оның қатысы жоқ, себебі осыны пайдаланып шынайы сезімдерін білдіріп жатқандар да баршылық.
"қыздардың тағы бір қулық ісі ғой" деп ойлауда ғажап емес,
Қыздар да дәл осы ойды ойлай алады. Себебі қыз да, жігіт те періште емес.
«тез ұмытылып кетіледі»
әккі адамның ой, көресіні көріп, махаббат пен сезімнің дәмін татып үлгеріп, шекесі тасқа тигендердің немесе өмірден күдерін үзгендердің ойы.
Жүректерінде ол адамға деген жылуы бар және жүректерін тыңдап, сол жүректің әмірімен жүргісі келетін адамдар
бірінің екіншісіне тәуелді болуы, онсыз өмір сүре алмау.
Кейбіреулер жүректерін тыңдап, сонымен жүргісі келеді, ал кейбіреуі керісінше(есеп)
жүрегін ол тыңдағанымен екіншісі есеппен жүруі мүмкін, сонда бақытты болады ма? Болады! Себебі екеуінің де көздегені бір нәрсе: бақытты болу ғана. Ал екеуі де есеппен қосылса ұзаққа созыларына күмәнім бар.
AKA
«Бәрі адам жанының мамандары әйтеуір...» © :))))
Karakulov
Әсерлі, Сахнадағы махаббат жайлы қойылымда отырғандаймын. Жақсы. =)
Көркем мен АКА қойылым арасында шығып тұрған жүргізушілер ме сонда?)))
AKA
Менің қатысым?!
Karakulov
ну енді… жоғарғы жақта Көркем екеуіңіз осы тақырыпта біраз сөз сөйледіңіздер ғой.:)
qyrmyzy
әй, келесілерді салшиш, флудтайық, ой оқып, пікірлейік!
Zhanat
ақ қағазбен ақ қаламды серік еткен жанға ақ махаббаты оралып келсін деп тілейік
dimash
<u>Жаным!!!!</u>

гиперссылка екен деп қалып едім… Суретін көрем бе деген үмітпен)

Қиялдап отырып тағы бір шығарма жазу керек еді осы байқауға қатысты))

Студентті уйде жіпсіз байлаған,
Келе жатыр алдымызда емтихан.
Түніменен кітаптарды парақтап,
Күндіз бойы, жастығымен ұйқтаған — деп қойсан иа)
pari
үйдәәә шап шап ақын екенсізғой:)))
Jolai
Аялап өмірін, ол гүлін
жүзінен арайлы таң күліп
Бақытты болсыншы ол — бүгін…
Жоқ!
Ертең!
Үнемі! Мәңгілік!
followme_alik
Кімнің тарапынан айтылады, жігіт, қыз?…
Jolai
өлең менікі емес((( бірақ маған жақын осы өлең!
Jolai
Салтанат ҚАЙЫРБЕК авторы қарағандылық жас ақын
followme_alik
Ұнады шумақ. =) т`Ворчествалық табыс Салтанатқа
Jolai
кірмейін деп ем біліп тұрып кіріп қойдым да(((
Jolai
Өзгермес қалпы бұл өмір…
Бұл өмір солай әліде де…
Жанарыңды кейде тіге жүр
Мен жақтан түскен сәулеге!
mairosh
Мені жіләтіп жібердің ғой мынаны оқытып ((( әәәә
mairosh
Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені, 
 Көрмейсің ғой, кереметті мендегі. 
 Түсінсеңші сарсан болған пендені,
 Түсінсеңші ақыл ойың кембе еді...
qyrmyzy
Ал, ақтарылып жазып, байқауға қатыс біз сияқты:)
Erzhan
әсерлі жазылыпты… оқып отырып, есіме топастығым түседі… ащ
qyrmyzy
Кідәй, кідәй, кідәйай!
konvict
Сөздері жатық, ұнады
Ais_97
Сағыныш кімге жазған екен? Жалпы бұны оқып көзіме жас келіп кетті.
AKA
Ais_97
Ақнұр сен осы смайликтерді жақсы көретін сияқтысыңғой хехехехе)
AKA
Аха, смайликтерсіз қиын, көңіл-күйді жеткізу
Manas
Мұнда бір гәп бар))
Ais_97
Қандай гәп сонда?
Manas
Көріпкел АКАдан сұрау керек)
Ais_97
Көріпкелме АКА қайдасың онда? Бізге бал ашшайшы хехе!
Manas
Бал ашпайд, жүрегі сезе ме сондай))
Ais_97
ммммм жүрегі сезсе болдығоо!
Korkem
Көріпкел АКАдан сұрау керек)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.