Өткенге күле қарау

№6 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)

Әбілдің, сонау үш аяқты «балдырған» теуіп жүрген кездері, менің махаббатым, көрші Яцынның өзімнен үлкен қызы болған көрінеді. Кейін көңіл әкемнің Ардақ деген досының қызына ауыпты. Ол қыздың түр-келбеті есте мүлде қалмаса да, әкесінің түрі айқын есте. Қонақтап кеп жүргенде, қызыңды алам деген әңгіме айтатын көрінеді, мына автор. Жә, қойшы соны да. Аңқау балалық деп жаба салайық.
Одан кейінгі қыз үшін кәдімгі жүрек ауырып, түнімен ұйықтамай дөңбекшіп шығатын түндер, өзінше бір өткеннің қызығы екен. Жұрт қызды арманға балап, жұлдыздарды санап, аспандағы айды алып берем деп, нақтысы балмұздақ әперіп қана жүрген кезде, жұлдыз туралы айтуға пантазиям жетпей, сөз арасында балмұздақ әперем деп қораға кіріп, оны да орындамай кеткен кездер болыпты.

Өте кішкентай баланың жүрегі үлкееен еді, жас ұлғайған сайын, ол жүрек кішірейіп бара жатқаны, айзберг мұздықтарының глобалдық проблемаға дейін көтеріле бас ауырта ойландырғанындай әсер сыйлап жатқан жайы бар.
Қыстың ызғарлы бораны есіп тұрған аязды кеші. Антиаязды қағып алып, әлгінің общагісіне тарттым. Бекерде терезесіне қол бұлғай қарайтын үшінші этажды нысанаға алып, өрмелеп шықтым да… Шыға беріп ем, алдымнан коммендантка коммендантсымақ шыға келіп, құрына деді. Алға қарай жібермейді, қалай келдің, солай кет деп тұр. Артымда есігі сынған балкон тұр. Махаббат — көзсіз дегенді, тіпті сол эпизод 3д аимациялық мультик етіп айқын көрсетіп берді. Оның жанында Мадагаскар 3-тің берер әсері қол бұлғап қалған еді. Махаббатарыңыз көзге көрінбесе де (жақсы емес пе?), көңілге қонымды болсын дегеннен басқа айтар жоқ. Мына өткен оқиғаларды болашақ жеңгелерің біліп қоймасын, кім білсін, балалық қылықтар үшін оқтаулап сабамаса болды да.

27 пікір

Togzhan
Құдайым-ау, қандай сөздермен қалай ғана жазылған))
Бір сөзінен кім екенін жобалаған секілдімін)
followme_alik
Қандай сөзінен? кім екен? ))
Togzhan
Мемлекеттік құпия!
Korkem
Өте сауатты жазылған, иә? )))
Togzhan
Мяя, мынаның суретін жаңа көріп тұрмын! Жүректі мусорға салғаны нес((
Korkem
ибәй, оны мен қойып едім негізі))
Korkem
аптыр, жекеге жазжжіверш, неге үндемейсің?
Togzhan
Маған айтамысың?
Togzhan
Кім қойса да біртүрлі екен...)
AL-ASTER
Ну енД, жүректе де қоқыс урносы болад дегеннен басқа айтар жоқ)
MSHERIMBEK
Ойыбаааааай, таныс, өте таныс стайл:)))
Korkem
Дауай6 бәстесіңдер онда)
alikona
Абылай сияқты ай)))юморы, фантазиясы бәрі ұқсайт))
Korkem
Абылай қара сөзге нөл)))
alikona
тошна демим, жай болжау ғой)
qyrmyzy
Ішкі түйсігім екі адамды нысанаға алып отыр. Базар жоқ теңеулер
AKA
Таптым, өзі ғана айтатын сөзі бар ішінде. :))
Махаббат — көзсіз дегенді, тіпті сол эпизод 3д аимациялық мультик етіп айқын көрсетіп берді.
Муахахаха :)))
pari
Әңгімені бастамай жатып кім екенін ашып тастаптығой.
Әбілдің, сонау үш аяқты «балдырған» теуіп жүрген кездері
Әбілі-******! Әбіл муахааа шындықтың арты ашылып қалды!
Korkem
Сабыр сақтай білу де ерлікке жатады
konvict
Мына постта ерекшелік бар екен. Ұнады
Karakulov
Барлық посттарды оқып келе жатыр едім 18-ден төмен қарай. Көп сөздерді қайталап-қайталап оқысам да толық түсіне алмадым. ал мына автордың мақаласы + пікірлер болса ващщее...әлі «0» екенімді көрсетіп қойды. Жыным кеп тұр
m170785
бір ерекше сезім сезіліп тұрады осы қанша оқысам да, тағы бір деңе жетпей тұрған секілді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.