Елемейсің

№7 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)

Сезім, шіркін, жүректі жиі алдайды,
Шын махаббат ерікті жия алмайды.
Сен басқаны сүйсең сүйе бергін,
Ол сені мен сияқты сүйе алмайды.
Мына байқау шыққалы көп ойландым. Жазсам ба екен, жазбасам ба екен. Ақыры, бел будым!
Айтабер! - танымдық блогтұғыры: ЕлемейсіңСезім… Осы бір ауыз сөз тұла бойымды бірнеше айдан бері билеп келеді. Еріксіз. Еркімнен тыс. Кейде өз – өзімді түсіне алмаймын.
Виртуалды әлем. Осы әлемде жүргеніме біраз айдың жүзі болды. Тіптен осы әлемде өмір сүріп жатқандаймын. Ұйқымнан оянғанда ең бірінші компьютерімді қосамын да, Сені іздеймін. Сені деймін – ау Сізді іздеймін. Мені Сізді Сенге айналдырып алдым. Виртуалды әлемде СЕНің ізіңмен жүремін. СЕНі іздеймін де отырамын. Түрлі сайттарға кіріп, шарқ ұрамын. Алайда «әлеміңе» кіруге жүрегім дауламайды. СЕН жазған пікірлерді қайта – қайта оқып, Сенің табиғатыңның ерекше екеніне көз жеткізе бастаймын. Жазған пікірлерің оны қайта – қайта дәлелдейтіндей…
Сен ерекшесің. Көзге көп түсе бермейтіндігіңмен ерекшесің. Кез келген мәселеге екі жақты көзқараспен қарайтыныңмен ерекшесің. Менің ерекшемсің.
Сіздерге ерсі көрінетін шығар, бірақ мына мақала нағыз шындық. Ғашықпын! Оны өмірімде көрмесем де ғашықпын! Байқамайсың. Байқатпаймын. Байқата алмаймын.
Өмірде осылай да болады екен. Сенбейтін шығарсыз… бірақ Ол маған ұнайды. Кішіпейілдігімен, салмақтылығымен, терең ойлайтындығымен ұнайды. Мені сөге көрмеңіздер. Әсте сөге көрмеңіздер…
Әттең, Сенің дидарың, пікірлерің маған күш беретінін білсең ғой. Кейде сені іздеуден жалығамын. Бәрін жауып тастап, саған іштей ренжіп аламын. Ашуым басылған соң, қайта Сені іздеймін.
Агентте жиі онлайн болмайсың. Өкінішті…
Білемін, менікі болмайтын әңгіме. Өзімді сол үшін де жек көремін. Амал қанша… Мүмкін сүйгенің бар шығар. Мүмкін жоқ. Бізге дидарласу да, тіпті танысу да жазбаған шығар. Бірақ дүниенің бір бұрышында сені демеп жүретін бір жан бар екенін біліп жүргейсің, БЕРІКБОЛ!

Айтабер! - танымдық блогтұғыры: Елемейсің

Сезімімді жайып салғаным – ерлігім!

59 пікір

qyrmyzy
уаау, уааау, тошна біздің beko ма? ық ық, Көркем, у іш!
AKA
Соны айтам, кеш, тым кеш Көркем…
qyrmyzy
Тәтең қайда? Іздеп көрші, шынымен, у ішіп жүрген жоқ па? Әлде шегіп???
MSHERIMBEK
Охоооооооо, неткен, неткеееен:) Берікбол — жақсы жігіт:)
Korkem
түүү білеміз енД
qyrmyzy
алтыншы сезім іске қосылватыр енді…
pari
беко ағамызға сынып құлап қирап жатқан қай ару екен ә?қызық… білгім кеп тұрғаны?
qyrmyzy
Бірін тағатсыздана күтетін болдық қое!
Бірақ дүниенің бір бұрышында сені демеп жүретін бір жан бар екенін біліп жүргейсің,
ӨРТ!
AKA
Менің ерекшемсің.
Түүүһ, мына байқау болмағанда талай сезім іште кетер еді…
AKA
Авторға ырысбек, Беко жиірек «онлайн» болып тұрса жақсы болар еді. :)
Manas
Міне ерлік! ех, авторын кім екен аа))
beko
Менің атымнан ойдағыдай пікір, тек мына "№7 қатысушының" білдірткені шынайы және рас болған жағдайда жазылады. Ал қазірге, "№7 қатысушыға" мына жекеге жазуды сұранамын.
qyrmyzy
ялтпашиш қызды
beko
НАЗАР АУДАРАЙЫҚ ЖАРАНДАР, шынымен №7 қатысушы өзінің ерлігін маған жекеге жазып дәлелдеді ееееесс! Барлықтарыңыз білгендеріңіз жөн болар дедік, сонымен керемет сезімде болады екенсің естігенде, иә иә, біз кездестік, көрдім, керемет жан екен. Кейнірек те кездесіп тұратын болдық. Бір керемет болды. Оған берген уәдемді бұзбас үшін, осымен тәмәмдайын. Сіздерге бақыт тілейміз, өз қосақтарыңызды тауып, бақытты өмір сүрулеріңізді шын жүректен тілейміз.))
qyrmyzy
Бақытты болыңдар:) Жако ағай батасын беріп жіберсе…
Jako
Ал, Беко,қолыңды жай. "Қораларың қойға,қойындарың балаға толсын,әумин"-дейді Жако ағаң.
beko
Әумииииин! Әп бәрекелді. Рақмет, Жақыпбек аға. ))
konvict
Посттың 23-і күні, ал, Берікбол 25-і күні кездескенін ескерер болсақ қыз Шымкенттік деп ойлай беруге болады. Меніңше қыздың жасы 92-ден жоғары, 96-ға дейінгі аралықта болуы керек. Қателесіп жатсам білетіндер айтатын шығар
Пы.Сы. Егер осы пост арқылы шынайы махаббат басталып жатса дауысымды осыған беремін.
alikona
Мәә мына байқау қызып кетті ғой! менда басқалардың құсап «любопытством»артып баратыр!!!
qyrmyzy
Охх, келісем!
AKA
1-шілдеге дейін уақыт бар, мүмкін басқа да әсерлі жазбалар шығып қалар, күтейік…
Delfina
Мына жазбадан әсерлісің көргем жоқ.
Delfina
Жанымкааа, жарайсың Көркем.
Керемет жазыпсың. Мынаның өзі мықты ерлік. Шыныменде тартқанбыз))))
qyrmyzy
Оххх, сіз өте дұрыс айттыңыз:)
Delfina
Бұл жерде несі белгілі болыпты, қыздың бұлай өз сезімін жазу кез келген адамның қолынын келе бермейді.
AKA
Түсінбей қалдыңыз-ау?! Негізі, Көркем — ұйымдастырушы ғана еді, мына жазбаның иесін таппай отырғанбыз, сіз келіп, «жарайсың, Көркем» дегенге дейін.
Delfina
аааааа, мен қайдан білейін, Көркем өзі жазып отырған болар деп ойладымғо. Қане, қайсын бұл. тез айтыңдаршы.
beko
Білмей айтсаңыз да, сіз қателеспедіңіз! Көркем бикеште де ерлік жетерлік.
Осыны ескере кеткен жөн болар бәрімізге.
(Пікірлеріңізді оқып, көз жұмып кете алмадым...)
AKA
ия, клава ұрарлық ерлік.
qyrmyzy
ахаха, иә, жігіттер мынадайға бара алмай отырғанда… клавасы нес, процессорды ұрарлық ерлік
Karakulov
ааахахахааа — «клава ұрааарлыыық»! қайдан ғана сап ете түсті басыңызға мұндай қалжың?)))
AKA
жарайсың Көркем
Ұсталды деген осы. Көркем, шыға беріңіз енді, ұялмаңыз.
qyrmyzy
Қойыңыздари
Delfina
Бұны Көркем, АКА, Қырмызы үшеуінің бірі жаған болар…
AKA
Бұл тізімнен мені 100 пайыз сенімділікпен өшіре берсеңіз болады. Себебі...
Delfina
Мүмкін сол жазғаның осы сері жігіт болар))) қалжыңғой.
AKA
Берікболды танымай тұрып жазылған жазба менікі. Ал, мына жазбаға еш қатысым жоқ, егер кім екенін айтса нағыз ерлік жасаған болар еді деп есептеймін. :)
qyrmyzy
мамммааа, келініңіз екенімді ұмыттыңыз ба? Ана тізімнен дереу өшіріңіз, ық ық:)
Delfina
еее, жаным-ау, ал сені де алып тастадым. Ай, осы шыныменде Көркемнің өзі болар. Осыны ұйымдастыра отырып, ойыңдағысын жазып қалған болар...)))))))
Korkem
Тәәәк, мына жерде біраз айқай-шу болғанға ұқсайды. Мынадай ой келді: Осы посттың иесін тапқан адамға сыйлығым бар, анау-мынау емес түсіңізге де кірмеген сыйлық болмақ! Кәне, кім табады?
Delfina
Сен- яғни Көркем.
Korkem
Байқауды ұйымдастырушы ретінде мен қатысудан қалыс қаламын))
AKA
Оны несіне талқыға сала бересіздер? Байқау соңында барлығы жарияланады деп келістік емес пе? Отырайық енді, құмалақ тастап, бал ашып…
Korkem
құмалақ тастап, бал ашып…
уақақақақақа
qyrmyzy
пост бар ма тағы?
qyrmyzy
құмалақ теріп келдім, қаз ашжіверин
m170785
Екінші дем ашылған шығар Көркемжан )
mairosh
<code>Алайда «әлеміңе» кіруге жүрегім дауламайды.</code>
жақсы жазылған. дұрыс айтылған.
Түх осы байқау талай адамның жүрегін ауырттау(((( Көзден бұрық- бұрық жас ытқып-ытқып шығардау талайдын
akil_kalta01
Ғажааааааааааааааап! Осы сөзден артығын таппыдым. Сонымен жеңімпазымыздың постын оқып шықтық па? :)))!
Ғашық болып өмір сүру ғажап емес пе?
Korkem
өләәә ат салыспайсыз ба не?
akil_kalta01
«Ат» салысамыз ғой, бірақ «атымыз» шаң арасында қалып қоя ма деген қорқыныш бар. :))) Оның үстіне…
Korkem
Байқау өте әділ өтетінін ескерсем, «атыңыздың» қалып қоймауына өзіңіз кепіл боларсыз. Оның үстіне дайын «атыңыз» болмаса, жүрек түбін қозғауға тура келетін секілді...)))
m170785
құмалақшысымақтар қоя тұрыңыздар, мынау қалай боп жатыр, мына жазбаны қанша оқысам да түсінбедім
qyrmyzy
тағы бір оқып шығыңыыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.