Ең жарық жұлдызымсың

№9 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)

Шекара жоқ сезімде,
Жүрекке әмір жүрмейді.
Сыр тұнып тұр көзіңде,
Махаббат оты сөнбейді. ©

Түн. Далада жаңбыр жауып тұр. Қолымда кружка. Ойлар бей берекет. Жұмыстан шаршап, дем алып отырмын, барлық нәрсені жинастырып тастап. Әрдайым „романтика еріккеннің жұмысы„ дейтін мен, бүгін бір ойға беріліп жазба жазуға тырысып көруді жөн ұйғардым.

Көөп уақыттан бері бір ару қызбен араласамын, көп сөйлесеміз, доспыз. Бірақ осы уақытқа дейін оның мінезінің сырын ұға алмай келемін. Өзі бір ерекше қыз, тіпті танитындарыңыз оны „біртүрлі„ дейтін де шығарсыздар, білмедім, бәлкім солай да болар? Бірақ әр уақыт онымен сөйлескенде, ол қыз онлайнға шыққанда басқаша сезімде боламын. Басқа ешкім менде бұндай денені түршіктірердей, жүректі тез ұрдырар сезімді оята алмаған еді. Бейне бір, құпияға толы қыз. Қызығушылықтары, сөйлеген сөздері, әдебі барлығы ерекше. Бір уақытта кішкентай қыздай бейғам әңгімелер жүгіртсе, бір мезетте байсалды және түсінігі мол бола келеді. Бір сөйлескеніңде орыс мінезділік танытып көңліңді қалдырса, келесі жолы күтпеген жерден, қазақы салт-дәстүрден сен білмейтін нәрселерді айта кетеді. Бір мезетте интернет арқылы телефон шалып, маған итальянша үйренуді ұсынады. Құдай-ау нап-нағыз қазақтың қызы итальяншаны судыратып сөйлей шыға келеді. „Тағы нені жасырған екен бұл қыз өзінің қарапайымдылығы мен наивностінің арқасында„ деп өзімнен сұрап қоямын? „Непредсказуемая„ деген орыстың сөзі дәл осындай жағдайға арналған болар. Қандай болса да, әйтеуір ойымнан кетпейді, „келесі жолы не ойлап табады екен, бұл қыз?„ деген ойда боламын әр уақыт месседжердің терезесін жауып. Әрдайым, берекең қашып, барлық нәрседен шаршап отырғаныңда, онлайнға „чик„ етіп шығып, көңіліңе қуныш пен жарық сыйлайды:))) Түсінбеймін бұл кездейсоқ па, жоқ құдайдың берген маған сыйы ма? Әйтеуір, менің ешкім білмес, құпия қуанышым ол.

Көп уақыттан бері ойланамын, бұл сезім не, ғашықтық па, жоқ уақытша бір құбылыс па, жоқ әншейін менің ойдан шығарған уасуасам ба? Мұны анық айта алмаймын, бірақ бір нәрсені мен анық білемін, ол қыз менің жұлдызым сынды, түнгі уақытта ешқандай жарық жоқта жол меңзеп тұратын, әрдайым бір жаңа жерге, жаңа приключенияларға елтетін, аспандағы қимылсыз „Темірқазығым„. Менің Айнурам.

29 пікір

akil_kalta01
Сезімнің аты сезім ғой не жазса да жарасады. Бірақ айтаберде бәрі бір-біріне ғашық болып бара жатқан сияқты.
Темірқазығыңмен бақытты да баянды өмір сүруңе шын жүректен тілектеспін бауырым ПӘЛЕНШЕ! :)))Менің қолымнан келетіні тек қана + тау :)))))
Korkem
ПӘЛЕНШЕ
муахахах
qyrmyzy
ахаха, Рысбек!
Korkem
огоооо, неге тәжирибеңізді дәлел етіп, сезіміңізді паш етіп жівермеске?
Manas
Ах, виртуал ғашық қылдың талайды
Екі ник махаббатты құрайды…
pana
мына жазба да ұнады! фавориттерім көбейіп кеткен сияқты))
Erzhan
8-ші қатысушы бар ма?
Korkem
Ол жүрегінде түгі бар жігіттің посты))))
Erzhan
қыздардың сезімдерін ашық, жабық білдіріп жатқандарын оқып, біраз іштей қиялдап кеттім… :) бәрі осал емес, жұптарың жазылмасын…
Korkem
өләәә, рас па?
asetatabalasu
менімде жарық жұлдызым бар
banzaika1990
Жарық жұлдызыңызды қаншалықты бағалайтыныңызды жазып жіберсеңізші, әлде жазып қойдыңыз ба?!
ZevsKO
Хм ХМММ! түсінбедім? кім кімге ғашық? Дегенмен Рысбек!
dimash
Бір деммен оқып шықтым, ұнады ;)
Korkem
муахахахах
AKA
Әлгі шегіртке, тойыс кузнечик… ішіндегісін жайып салыпты ә?! :) Мәләдес!
Korkem
әй, әй жәйірақ
followme_alik
бзр нт. Қыздар үшін тартымды жігіт. ал екеуің бақытты болыңддар :)
qyrmyzy
Кім қайсы? На жігіт ана кім ба, анау, мейірімді, симпотяк Ерлан???
AKA
Уааа-чааа-чааа :)))
MSHERIMBEK
Айнура, сен? Біздің kozy мен???
Срошны Айтаберді Маһаббат мекені деп ауыстырамыз:)
Jako
Қозы не қошқар болмай ма?..
MSHERIMBEK
Қошақаннан Қозы болғаны енді ғана ғой:)
AKA
Ойбай-ааай :)))
m170785
міне міне үстіп құртады енді
m170785
шама шарқына жазғанға ұқсайды
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.