Иесіне жетпеген хат

№11 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)


Сәлем! Қалың қалай? Денсаулығың жақсы ма? Естідім, жұмысың біраз тоқтап қалыпты. Ештеңе етпейді, кішкене демаласың

Менің жағдайым – тәуір. Сабағым да.

Біраз өзгергендеймін. Айтушы ең ғой, көздеріңе қарап, қайғы-мұңы жоқ адам сияқтысың деп. Бірақ бір кездері солай еді. Солай болған. Өкініштісі – болған.

Сол, саған хат жазғым келіп жүрген. Сенен жауап келмейтінін білсем де смс жазатынмын. Бұл жолы хат жазғым келді. Сол жағдай қайталанатын болар. Қолыма осы бір телефон түссе, саған хабарласудың амалын іздеймін. Смс жазамын. Бірақ жауап жоқ. Үнсіздік. Мен мұнда үнсіз. Тағы сол жағдай. Саған қайырлы түн тілеп, сені бар жан-тәнімен сүйетін жан бар екенін айтқым келеді. Алайда…
Смс келсе, сенен келсе екен деп тұрам. Сабырсыздықпен ашамын, ашамын да қайта көңілсіз күйге түсемін.

Міне, сенен жаңа ғана смс келді. Жауап жаздым. Сұрадым. Үндемейсің… Тағы жаздым. Үнсіздік. Тағы сол жағдай.
Саған енді хабарласпаймын деп өз-өзіме сөз беремін, алайда… Алайда сөзімде тұрмаймын. Саған қалай хабарласқанымды білмей қаламын. Өкінішті. Кеудемде өкініш оты лаулайды.
Сенен ештеңе сұрамаймын. Күтпеймін де. Тек хабарласып тұрсаң, жауап беріп тұрсаң, сол да жеткілікті. Бірақ үнсіз қалмашы. Үндемей қалмашы. Салғырт қарамашы. Қолыңды сілтей салмашы. Уақыт өте келе сені ұмытамын. Мазаламаймын. Бірақ дәл қазір маған демеу болшы.

P.S: сені жан-тәнімен сүйетін ақымақ қыз бар екенін білсең болғаны… бақытты бол.

17 пікір

Jako
Құдайым-аййй…
banzaika1990
Ол лайықты емес себебі жүректі алдады
Ол лайықты емес оралмас жолды таңдады
Ол лайықты емес қиналып босқа жүрме
Ол лайықты емес ұмыт оны мәңгіге
Ол лайықты емес Сенің сүйген жүрегіңе
Ол лайықты емес Сенің қиналып жүргеніңе
Ол лайықты емес Сенің берген сезіміңе
Ол лайықты емес, Ол лайықты емес
Zhanat
кейде осындай үнсіздіктердің үміт сыйлайтыны жаман
asetatabalasu
смс тостыртып койған қайсын ей)))
AKA
Бірақ дәл қазір маған демеу болшы.
Кейін одан да қиын болмай ма деп ойлаймын да, үміттеніп кете ме деп…
Karakulov
АКА-ның ақылы озып тұр екен)) расында да мәңгі бірге болғың келмейтін жанға демеу бергенің одан сайын сорлауына әкеп тірейді ғой. +1
mairosh
P.S: сені жан-тәнімен сүйетін ақымақ қыз бар екенін білсең болғаны… бақытты бол.
өрт өрт! Өртеді Сұмдық. Махаббат МАхаббат МАхаббат
Manas
сені жан-тәнімен сүйетін ақымақ қыз
Кәрістің киносыннан естігіем
qyrmyzy
Қыздар-ай, қыздар…
followme_alik
Бірақ үнсіз қалмашы. Үндемей қалмашы. Салғырт қарамашы. Қолыңды сілтей салмашы

риФма_Күчт айтылған)) _____ Махаббат....)
Karakulov
Реперлерге тың мақаланың бастауы ғой мына жері)) Іштеріңізден тағы бір оқып көріңіздерші
Бірақ үнсіз қалмашы. Үндемей қалмашы. Салғырт қарамашы. Қолыңды сілтей салмашы
Тек сырттай емес, іштен, көбісі ішінен айтса керемет әнші))))
Aidar
Кәріс киноларының желсі бойынша алынғандай! -->P.S
konvict
Стилдік тұсын дұрыстап жіберсе мына постқа сындым
Jako
Дауысты қалай береді?
asetatabalasu
мен неге дауыс бере алмаймын((
Karakulov
Бірақ дәл қазір маған демеу болшы
Жүректе ми жоқ, басыңмен ойланып шешим қабылда!
m170785
сағыныш махаббат хаты ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.