Бәрібір сені сүйемін

№12 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)

Мен негізі өлең жазғым келіп еді. Бірақ, ұйқастыра алмадым. Сондықтан, қара сөзбен жазуды дұрыс көрдім.

Қазір өзімді нағыз отстой сезініп отырмын. Бұл өмірде менен өткен тормоз жоқ шығар, сірә?!
Мен ер адамның жылауы оның ездігін білдіреді деп есептеймін. Дәл қазір өзімнің ез екеніме көзім жетіп отыр. Амал не? Біреу мені кінәлар, біреуі кінәламас. Ешкімдікі бұрыс демеймін. Қазір, міне, таңға жуық ноутбуктың алдында осы жолдарды жазып отырмын. Негізі нормально адамдар бұл уақытта ұйықтауы тиіс. Алайда, көзім ілінер емес. Бағана түске дейін ұйықтап едім, содан ба екен? Мүмкін, Барселонаның ойынын күткен соң ұйқы қашты ма? Анығын білмедім. Ужссс, саған таңғы алты болыпты.
Міне, менің жағдайым осы. Өзіңді ойлаумен күнімді өткіземін. Түнімен сені ойлаймын, күндіз де есімнен шықпайсың. Менің өмірім қалыптан тыс болып барады. Қазір де сені ойланып отырмын. Жаңа сенің «Мир»-ыңа кіріп қайттым. Жігітің екеуің суретке түсіпсіңдер. Суретке қарап отырып қызғандым, әрі қызықтым. Қызғанғаным сен едің. Басқа біреудің сені құшақтап тұруын көру қаншалықты жүрегіме әсер еткенін сезсең ғой. Қызыққаным ол суретте сен сондай бақытты, әрі жайдары көрінеді екенсің. Сенің жүзіңнен күлкі көру мені қуантады. Кейде сенің сол жігіттердің қай жерін жақсы көреді екендігіңді, менен артық қай жері бар болғандығын ойланамын. Ойланып-ойланып миым жетер емес. Бірақ, бір нәрсені ішім сезеді. Кінә сенде емес өзімде екен. Мүмкін, сенімен дұрыс сөйлесе алмаған шығармын. Әйтеуір, сен менен алыссың. Жақындауың тіпті мүмкін емес. Сені күтетінімді, сағынатынымды білсең ғой…

Шынымды айтсам бәрінен жалығып кеттім. Сені сүюден, сені қызғанудан, тіпті өмір сүруден жалықтым. Амал не, біреудің берген жанын шығаруға болмайтыны қол байлау болады. Әйтпесе, елдер менің күрішімді баяғыда жейтін еді. Бірақ, бұл тығырықтан шығар жол емес. Артымда қалған екі-үш адам жылар, сосын ұмытып кетеді. Бағана Будданың бір сөзін оқып қалып едім. Мағынасы: «адамдар бұл өмірге артына жақсы нәрсе қалдыру үшін келуі керек». Яғни, менің түсінгенім мен де артымда өзімді еске сақтарлық бір нәрсе қалдырсам деп ойлаймын.



Саған деген сезімімді көп адам түсіне бермейді. Кейде өзім де түсіне алмаймын. Сенің қай жеріңді жақсы көрдім екен? Қарапайым, еркешора қызсың. Алып бара жатқан сұлулығың, немесе қылығың да жоқ. Бар да шығар, бірақ мен қылығыңды байқаған емеспін. Фигураңа қызықтым дейін десем сенікі 5-ке бағаланбайды. Әлде, өзімді жақсы көремін деп сендіріп қойдым ба екен. Білмедім… Әйтеуір бір нәрсе мені саған тартып тұрады. Алайда, арада көзге көрінбейтін бір перде бар.

Білесің бе, кейде мені біреу саған дуалап қойған ба деп те ойлаймын. Кейде ішіме жын кіріп кетіп, сені қайта-қайта есіме салып тұрар деген ой да қылаң беріп қалады. Әлде, бұл барлығы айта беретін махаббат па? Махаббат дейін десем өзгелердікіне ұқсамайды. Түсініксіз…

Уақыт бәрін ұмыттырады деуші еді. Менікі қайта жылдар өткен сайын үдеп келе жатқандай. Міне, сені алғаш көргеніме үш жылға жуықтапты. Әлі есімде, қыркүйек айы болатын. Біздің аузымыз берік, әбедке бармаймыз. Соңғы жыл болғасын аздап еркіндік те бар. Колледж алдында қыздар-жігіттер әңгімелесіп тұр едік. Бір кезде сен және қасыңда 4 қыз асхана жақтан колледжге қарай келе жаттыңдар. Сені көрген жерде қимылдай алмай қарап қалыппын. Сол қарағаннан сен колледжге кіргенше тапжылмай қарадым. Қыздар "ұнап қалды ма?" деп тиісіп еді. Мен "өй, жоқ" деп айтқан болатынмын.

Сөйтсем, сол кезде-ақ мен саған ғашық болған екенмін ғой… Күн сайын сенің жүретін жеріңді аңдып, саған қарап тұру деген ауыру содан кейін басталды ғой. Мүмкін саған көп қарап қойған шығармын, ұмыта алмауымның сыры осында шығар. Сен де басында көзіме тіке қарайтынсың. Өзімнің тормыздығым ғой, сол кезде дұрыстап әңгімелессем ше. Саған қарағаныма мәз болып жүре берген екенмін. Кейін, 1 қаңтар күні саған ұнататынымды жеткіздім. Әрине, сенен жоқ деген жауап келді.

Ол кезде шынында тормоз, черт, далбаеб екенмін. Арамызды жақсартамын деп қате сөздер мен қате нәрселер істеп қойыппын. Очм, оны айттың не, айтпадың не, бәрібір ештеңе өзгермейді. Бұл хатты біреуді өзгерту үшін емес, ішімдегі шерімді тарқату үшін жазып отырмын. Ешкім танымайтын, ешкім білмейтін өзге елге кетіп қалсам ғой… Немесе Роббинзон Крузо секілді аралда жалғыз қалсам. Сол кезде сені асықпай ойлайтын едім.

Қазір, сені ойланбау үшін әр нәрсемен айналысамын. Мысалы, компьютер ойнаймын, футбол, т.б. нәрселер істеймін. Тіпті, көп ұйықтауға тырысамын. Сол кезде сен туралы ойланбайды екенмін. Өмір, үйлену, т.б нәрсе туралы әңгіме бола қалса сен еске түсесің. Кино көрсем де сені еске алып отырамын. Уопшым, менің миымдағы әр нейронда сенің атың жазылып тұрғандай. Кішкене жеңілдеп қалғандаймын. Эх, бәрібір сені сүйемін, ЖАНЫМ!

9/01/2012 сағат: 6:28

38 пікір

Korkem
Ол кезде шынында тормоз, черт, далбаеб екенмін.
қазір де!
m170785
таппайтынды, табасыз ау ))
konvict
Байқау болып тілімді әрең тістеп едім. Менен таяқ жейсің енді
AKA
Барселонаның ойынын күткен соң ұйқы қашты ма?
Құдай-ай, таптым :))
Қызыққаным ол суретте сен сондай бақытты, әрі жайдары көрінеді екенсің. Сенің жүзіңнен күлкі көру мені қуантады.
Мәләдес, міне, ерлік! :)
konvict
Ең бірінші өзің байқап қойдың ғой
followme_alik
Әйтеуір бір нәрсе мені саған тартып тұрады.

Тартып тұратын сүйкімділігі болар ?..)

Кім болса да, Ерлікке бір қадам басты)
konvict
Фуу, мынау ынжықтың сөзі ғой. Басыңды көтер, айналаңа қарашы. Қыздар толып жүр ғой. Біреуін ұстап ал.
Korkem
муахахах мен де соны айтывотырмын ғой
qyrmyzy
вахаха, айнаға қара
Zhassiko
<code>сені алғаш көргеніме үш жылға жуықтапты</code>
ұжс, шынымен де тормоз, черт, далбаеб екен…Муахаха=)))
Jako
Аямадыңдар-ау, тегі…
konvict
Рас айтасың
Zhanat
келесі жолы тормоз болма, содан кейін есің кетіп нейрондарыңа дейін оның еншісіне берме жүрегіңде орын алғаны да жетеді
dimash
Колледжі бітіргеніңізге 3 жыл болсааа…
Жасыңыз болжаммен…
ммм…
Мені де қуып кеткен пікір жазды деп ойлама, Бірақ сізге керегі компьютер, футбол, ТВ емес, кітап оқу керек. Бір жақсы әдеби (психологиялық емес) кітап оқысаңыз өмірге басқаша көз қараспен қарайсыз. Ғалымдардың дәлелдеуінше дипессиядан шығар жолдың ең тиімдісі сол ітап оқу екен.
Проблемный күн кімде болмайд дисіз, менде де тәулік бойы неудачу қаптап кететін кездер болады, сол кезде мен жатарға кітап оқып жатамын, компта отыра береңіз мүлдем психоз болып кетесіз.
Мынадай психикалық травмадан кейін мидың майда тамырлары жарылып кетуі мүмкін, қысқасы, аяқ астынан аушып кетпей тұрғаныңызда психологқа немесе психотерепевтке барыңыз. Қайдам бірақ, сіз бара қоятын адамға ұқсамайсыз да… Сол лох болып қалатын сияқтысыз!
AKA
кітап оқу керек.



Сен де айттың-ау?!
dimash
Күлдіру үшін айтқаным жоқ Ақнұр, өзімнің өмірлік тәжірибиемнен байқағаным.
Еще бұл ойдан шығарғаным емес, ғалымдардың дәлелдегені! Гуглдан «кітап» деп жазып оқып көр (бұрындары кітап туралы слайд жасап отырып оқығанмын)
AKA
Кітап жағынана сенің тәжірибеңнен де мықты десем ше, егер мен ойлап отырған адам болса әрине…
AKA
Сол лох болып қалатын сияқтысыз!
Егер авторы мен ойлаған адам болса, онда бұл жігіт — крәсәпшік, талай қызды сындыра алатынына сенімдімін.
dimash
Кім болса да психикалық әлсіз екен, сөз жоқ!
konvict

Сол лох болып қалатын сияқтысыз!
qyrmyzy
мынаны каз кеген соң оқу керек екен:)
Karakulov
Қазір өзімді нағыз отстой сезініп отырмын.
Ештеңе етпейді, тәжірибенің жаманы жоқ. Келесіде ескерсеңіз болды ғой тек.
Мен ер адамның жылауы оның ездігін білдіреді деп есептеймін.
Жүрегі таза адам жылайды. Жылап алғанда тұрған ештеңе жоқ. Әлсіз екеніңізді еркін мойындай беріңіз.
Дәл қазір өзімнің ез екеніме көзім жетіп отыр.
Олай өзіңді өзің түсіре берсең ез болып жүре бересің, басыңды көтер, өткенмен өмір сүрме, өткеннен тек сабақ ал.
«Алдығы көз салмаған артта қалады» деген бар, өстіп өзіңді тірі жерлеп жүргенде тағы да бақытыңнан айырылып қалуаың мүмкін! Ойлан!
Суретке қарап отырып қызғандым
Заңды түрде неке қиыспаған жанды қызғануға құқығың жоқ, ол сен қызғанбайтын жағдай туғызуға міндетті емес.
Кінә сенде емес өзімде екен.
Жарайсың! Тоқтама, әрі қарай қорытындылай бер, шешімін шығар да іске кіріс!
konvict
Ақылынан сол
Abylai
Мынаны жазған бала Алматылық және биыл оқуын бітіріп жатса онда ұжс кім екенін танып қалған сияқтымын, ощм ұжс
konvict
Таба алмадың бығат
Karakulov
Ол кезде шынында тормоз, черт, бла-бла-бла екенмін.
Осы сөздеріңізге көпшілік қалай қадалғанын көрдіңіз ғой — өзіңіз жол берген. Қайдағы бір болмашы мәселелерге бола тіл мәдениетінен айырылып...))) Келесіде толық жұмыс істерсіз деп тілеймін!
Ал жалпы алғанда алып бара жатқан сезімді таба алмадым. Жазу үшін жазылған шығарма-шимай сияқты көрінді...Қателессем, кешірерсіз…

Біресе, «сіз», біресе «сен»… көңіл аударма… біз де енді үйреніп келе жатқан адамбыз ғой мәдениетті))
konvict
Жазылған нәрсені өзгерткім келмеді. Сол кездегі эмоция солай болатын
Araika
Таныс:) Сені құртқан осы қыз екен ғой:)
qyrmyzy
<code><em>Фигураңа қызықтым дейін десем сенікі 5-ке бағаланбайды</em></code>
чета кім екенін сезіп отырғандаймын:)
konvict
Дәл тауыпсың ба?
m170785
жабайы есіре адамның сезімі сияқты, махаббаттың желеуін де, сағынышын да, ұнату сезімін көріп тұрған жоқпын кешіріңіздер. Ұшып қонып жүрген жәй әңгімеге ұқсайды. Нағыз махаббаттың желеуін сезіне келген адам, махаббаттың иісін білген адам, дәл мынадай болмайтын сияқты. Өмірде желпіп қиялдап қана жүргеееен жазба секілді, сезім шарпылы сезіле бермейді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.