Жан сыры

№13 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)



Ғашық боп сүйіп көрмеген өмірде мынау жан бар ма?,
Құпия келген махаббат, кезің келді, самға алға.
Сырымды көпке айтайын, қалмайыншы арманда,
Мендағы екі келмеспін, мына бір фани жалғанға.

Өзім барда өмірде, махаббатым неге өлмек,
Түсінші жаным сөзімнің,әр сырына тереңдеп.
Жүдеген менің кездерім, сағынып сені елеңдеп,
Ішінде осы сырымның, түзілді жаным өлең боп.

Махаббаттың қадірін, шын сүйсе егер сезбес кім,
Жәудір көзді нұр бейнең.жүрегімдегі сөнбес күн,
Өзі шырын, сөзі бал, көп аруға кездестім,
Бірақ, сені солардың, миллионына бермеспін.

Себебі сол сұлуым, балдан тәтті шекерім,
Жүрегіме ұғындырдың махаббаттың не екенін.
Келгеннен соң өмірге, белгілі ғой кетерің,
Бірақ, мәңгі бақи мен, тек сені сүйіп өтемін.

-«Білем, саған өмірлік, жар болатын жандаймын,
Сенің бірақ мәңгілік, бақытың бола алмаймын»-
Деп айтсаң егер сен маған, осы болар жан қайғым,
Естігенше бұл сөзді керең боп неге қалмаймын.

Сезім сәтсіз болғанмен,, жаңарып өмір түлер шын,
Сүйгеніңсіз бірақта қайтіп өмір сүрерсің.
«Соншама не болды?»- деп, таңданып маған күлерсің,
Басқа түссе баспақшыл, басыңа түссе білерсің.

Күтемін артып мен үміт, келер әр күн,әр айға,
Бірақ уақыт сырғиды, күткеніме қарай ма?..
Кездестірер көп қызды, мына өмір шарайна,
Бірақ сол қыздар өзіңдей, бола ала ма алайда?..

Түн ішірде сені ойлап,ұйқымнан да мың тұрам,
Мың түрам да, өле-өлгенше жаным сені жыр қылым.
Мен өлген соң сарқылар, жүрегімдегі мүмкін ән,
Сарқылмай тұрып көңілді арылтшы ойдың бұлтынан.

21 пікір

AKA
Әдемі, ерекше, ұнады!
Zhassiko
Керемет… Даусымды осыған бердім.Жатқан талант қой..))
Ais_97
Керемет таланттылық бар екен, жалпы ұнады!
pana
батырлар жырын оқығандай болдым
akil_kalta01
Уаще қатырады екенсің ғой :)))) Күлкімді келіп тоқтатып бер бдж деп жарылғалы жатырмын :))))))))))
Manas
Деп айтсаң егер сен маған, осы болар жан қайғым,
 Естігенше бұл сөзді керең боп неге қалмаймын.

не деген махаббат)
Karakulov
Сезім сәтсіз болғанмен,, жаңарып өмір түлер шын
осы жері +1ді жұлып алғандай болды қолымнан.
m170785
Көркемжан ай
Korkem
и не?!
qyrmyzy
жіп?
akil_kalta01
Орынсыз жерге пышақ ұратын адамдырды елестетіп жібердің ғой! :))))) Сен де қатырасың УаАааааХХаха
qyrmyzy
Бүгін қаншасы? қанша күн қалды? Үдгерем бе?
alikona
ертең соңғы қабылдайтын күн дейді ғо Көркем апай!
konvict
Ұйқас қуып кеткендей көрінді. Очм, осымен бітер болса дауысымды мынаған беретін секілдімін
Aidar
Керемет!
«Соншама не болды?»- деп, таңданып маған күлерсің,
 Басқа түссе баспақшыл, басыңа түссе білерсің.
Jako
Себебі сол сұлуым, балдан тәтті шекерім,
Жүрегіме ұғындырдың махаббаттың не екенін.


20-шы ғасырлық жастарда болатын махаббат болар деймін.
m170785
жүрегімді дір еткізгендей болды ғой, тамаша,
Delfina
Түн ішірде сені ойлап,ұйқымнан да мың тұрам,
Мың түрам да, өле-өлгенше жаным сені жыр қылым.
Сол жырларынызды осында жаза бермейсізбе?)))
Керемет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.