Сезім құны

№15 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)


Жыным келеді. Сені көрсем өзімді жоғалта бастаймын. Сенімен жай ғана сөйлесу мүмкін емес.
Сенімен жақын араласқалы неше күн ұрыспай жүре алдық? Мен тек екеуін ғана есіме түсіремін, сенесің бе? Бірі 8 наурыз, екіншісі ұлдар мейрамы. А жоқ, ойбай, қателесем, басқа күн.

Сен менің мейрамымда да өнеріңді көрсеткенсің. Назданбай, кездесуге шақырған өзің, айтқан жеріңде тұрсаң болушы еді ғой. Сәл кешігіп едім сен айтқан уақыттан, бір квартал жылжып кеттің. Керемет жүргің келген боса неге маған қарай жүрмедің? Не болмаса қоңырау шалып ескертсең де болушы еді. Босқа сабылып артық жол жүріп барып кері қайтып келдім долданып.

Кейде сені тістеп-тістеп тастағым келеді. Сүйсінгеннен емес, жылату үшін. Басқа қыздармен жап-жақсы-ақ араласамын ғой, кінә менде дейін десем. Сенен өзге ешкіммен ұрысқан емеспін бұлай, білесің бе оны? Мен жалпы ешкіммен ұрыспайтын едім сен пайда болмайыңша. Сен келдің — бәрін құрыды. Бастығыма қарсы сөйлеуді шығардым, тіпті. «Жұмыстан шығарсаң шығара бер! Маған бәрібір!» деп те айқайладым.

Түсінбеймін, неге мен «ал, жарайды, осы құрттай қыздың-ақ қалауы бола салсыншы» деген оймен саған жақсылық жасай қойсам дереу ханшайымы бола кетесің? Уақыт өткен сайын тек қана шаршатудасың.
Шынымды айтсам, сенің осы өмірде бар екеніңнің өзі жыныма тиеді. Не болмаса неге мені өзіңнен алшақ ұстамайсың? Не тіпті басқа жігітпен жүріп кетпейді екенсің? Саған өз інілерін ұсынып жүрген үлкен кісілерді талай естідім. Неге солардың бірінікі болып кетпейсің құрығанда, кетті деп тынатын едім. Сені ұмытқым, тастағым келіп қаншама қызбен танысып көрдім десейші. Орныңды басатыны табылмағаны, ұмыттыра алмағандары күйдіріп жіберді. Мен сені аяп та жүрмін, жүрегіңе сызат қалдырмай, білдіртпей тастап кеткім келеді.

Бір таңғаларым, мен сыйлаған алқаны тағып алып қалай мыңқ етпей ұрыса бересің? Қайтар деп жатқаным жоқ, дүние қызықтырмай кеткелі қашан, айтқым келгені, қалай бір уақытта мені жылы қабылдап тұрып, тура сол уақытта мені ызаландыра бересің? Қалай қолыңнан келеді? Не я, не жоқ деші, күйдірмей. Не істерімді білмей басым қатты. Кеткім келеді дей тұра сырттай сұрастырып жүрмін. Сенің мені ойлайтыныңды жан құрбыларың айтып қойды. Тіпті бір апай келіп сенің маған қарағанда басқаша көзбен, сезіммен қарайтыныңды айтты, одан тіпті сұрамаған да едім. Ойлама мені батылсыз деп, саған дейін талай қызға, талай демей-ақ қояйын, дегенмен… сөз салу, ой жеткізуден хабарымыз бар. Енше неге бұлай ойынға айналдырып жүрсің дейсің ғой? Өйткені, сен өзің осы ойын ережелерін құрып бастадың. Мен сені білемін, саған сүйдім демек түгілі, әдемі киініпсің бүгін десем бітті басыма шығып аласың. Сол үшін мойындамаймын.

Жұрт та қызық, бізді неге керемет жарасасыңдар дей береді? Түк тыныш отыра алмаймыз ғой бірге. Мен саған келем дегенше ішімнен осы жолы ұрыспаймын деп бар ынтаммен дайындалып келемін. Не пайда, сәлемдескеннен 1 минут өтер-өтпес айқай басталады. Сенің кесіріңнен басталады. Саған тосын сый жасау үшін көршілеріңмен танысқанымды, бүкіл қаланы шыр айналғаным есіме түссе басымды тасқа ұрғым келеді. Кім не ойласа ойлай берсін, мен сені ұнатпаймын, тіпті ұнатып қалсам да мойындамаймын. Сүймейсің дейін десем қанша рет ұрыссам да, төмендетсем де кет дей алмайсың. Көреміз кім-кімді бағындыратынын…

Мен келемін ашумен, ашынумен,
Ешбір сезім таба алмай ашығумен.
Оянсам тек сені ойлап, жыным қозып,
Тек ұйықтап қана біраз басылумен.

Мен сені тек жылатамын, жұбатпаймын,
Мен сені тек сөге берем, ұнатпаймын.
Ұмытуға тырысамын барымды сап,
Еселене түсе беред, бірақ, қайғым.

Мен сені еш сүймеймін ғой, өтірік қой,
Жұрттар қоса береді, көпірік қой.
Бізден қандай жақсы жұп шығар дейсің?
Мұндай ойды санаңнан өшіріп қой!

Жек көремін, бірақ сенен кеткім келмейд,
Кейде іздеймін, бірақ саған жеткім келмейд.
Көкейімде мың сұрақ шешімі жоқ
Сені мендік қылмайынша ретке келмейд!

23 пікір

Zhassiko
екі рет жазылып кетіпті, біреуін өшірсең.
Zhassiko
мяя, мынаның аптыры жігіт, екеуі бірінен өткен қызғаншақ паа, сосын жігіт қызды ұратын сияқты ғой, мына сөздерге қарағанда
Кейде сені тістеп-тістеп тастағым келеді.
 Сүйсінгеннен емес, 
жылату үшін.
Karakulov
Істегісі келу мен істей алу/алмауы екі бөлек дүние ғой! Әлде өізң істегің келген нәрслердің барлығын істеп жүрмісің?
Zhassiko
Мына байқау біткен соң, барлық байқауға қатысушылардың посттарын жинап, бір пост етіп ашу керек та, жалпылама дауыс беру керек сияқты.
konvict
Тақырып дұрыс қойылмағаны болмаса жап-жақсы
AKA
Не боп барады, байқау «Махаббат» туралы емес пе еді, проблема шешу емес?! Ұнамады.
Jako
Бұл таза махаббат, сіздерден өте тамаша жанұя шығады.Ешқандай көлгірсу, жарамсақтану жоқ тамаша пост.Таза махаббат дегеніміз осындай болады, келісе алмай тұрсаңыз да оны іздейсіз, ол қызда солай болса керемет, сіздердің одақтарыңыз берік, мықты болады, ажырасу қауіпі 100 пайыз жоқ. Бәленің бәрі жүріп жүргенде бір-біріне көлгірсіп, кітаптағыдай махаббат боламыз деуден болады, сіздерде ол жоқ.Пост жүлде ала ма, жоқ па білмеймін, бірақ бұдан жақсысысын өзім әлі оқыған жоқпын, кім екенін білгім келіп тұр.
akil_kalta01
Өте қызық жазылған екен! Әсіресе ұрыстары жөнінде кеңірек тоқталғанда уаще болар еді :))
Korkem
ЕСКЕРТУ! Қазылық уақыты шектеулі болғандықтан, ертең соңғы қабылдау күні. Ертең соңғы пост жарияланады, сонымен бітеді. Асығыңыздар! 1.ші шілде қорытынды шығып қалуы мүмкін.

Пы/сы: осы посттың тақырыбы, пост иесінің өтінішімен өзгертілді
akil_kalta01
Мммммммм, мен «Сезім құны» атты тақырып қайдан шықты десем.
Менімше жаңағы тақырып әлдеқайда қызық әрі өте астарлы тақырып дер едім.
Jako
Маған да сол тақырып ұнаған еді.
pana
поштама келген хабарламадан БНБ деп келіп едім, енді отырмын "қандай күштііі" деп, жеңіл әдемі жеткізілген, сезім де күшті! кино сияқты! тағы оқығым келеді…
alikona
БНБ деген не? сосын АРБ деген ше осы?
pana
бұл не бәле дегенім) Анау Алла разы болсын деген
alikona
аа бәсе соны енді білдім, рахмет! АРБ!
ardak1996
Нағыз шынайы махаббат! Бір-біріңізге жіпсіз байлаулы сияқтысыз.Жымия отырып, қызығып оқып шықтым.ИНШАЛЛА жұптарыңыз жазылмай, бақытты болыңыздар!
Jako
Негізі мен өзім байқап жүргендерден осындай мақала жазады-ау деп ойлайтын бір-ақ адам бар екен…
makpal
ее, жігіттердің не ойлап тұрғанын адам түсінбейді. Хотя олар біз туралы да осылай дейдіғо
AKA
AKA
Адасып кетіппін, айым сорри.
qyrmyzy
Өлдім күлкіден. Махаббат қой:)
Karakulov
Барлық пікірлерді сараптай келе, жоғарыдағы алғашқы сурет тақырыпты ашып тұрғанын ұқтым. Қай жерге +1 қойсам болады, Көркем, модераторлық көмек деңгейінің жоғарылығы үшін? Күнделігіңді әкеліп бересің бе, әлде ата-аналар жиналысында айтайын ба?))
m170785
мынауың қызық
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.