Алғашқы және соңғы махаббатымсың!

№16 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)

Байқауға 2-ақ күн қалды, соны пайдаланып мен де жүрегімнің жартысы туралы жазбаша ой бөліскім келген, бүгін ертеңгісін біразға дейін орнымнан тұрмай ойланып жаттым, ана жақта менің жүрегім не істеп жатыр екееен деп
Жалпы Love Story-імді басынан баяндап берейін…



2008 жылдың аптаған ыстық жазы еді. Әдетінше каникул бойы сол ауылдан шықпайтын едім, нағашыларымның ауылы. Сол жылы апаларым басқа көшеге көшкен болатын. Дәл сол көшеде мен алғашқы махаббатымды жолықтырдым!
Пысықсып су тасуға да бара беретін едім, соны көру үшін! Алғашқы боп сезімімді білдірген де мен!бірақ кейін соған біразға дейін өкініп жүрдім Барлығында мынау жігіт екен деген ой қалыптасқан шығар, бірақ мен қыз басыммен сондай әрекетке бардым…
Енді оның сипаттамасы:
-керемет красавчик емес;
-өте сабырлы;
-ешқашан біреудің шаруасына араласпайды;
-күлгендегі дауысы әдемі естіледі;
-қара жігіт;
-ірі денелі жігіт));

Сонымен не керек, соонша уақыт өткеніне қарамастан мен оны әлі күнге дейін сүйемін, бір сәтке де ұмытқан емеспін! Онымен біз 4 жылдан кейін, яғни жақында ғана табыстық! Жанымдағы құрбыларым «ақыры өзіне қараттын ба?» десіп жатты. Онымен табысқаныма қатты қуанамын! Ол мен үшін үлкен бақыт! Мен өмірімнің қалған бөлігін сонымен ғана өткізгім келеді! Сонымен барлығына да айтпағым,КҮРЕСЕ БІЛІҢІЗДЕР, МЕЙЛІ ҚЫЗ БОЛСАҢЫЗ ДА МАХАББАТАРЫН ҮШІН КҮРЕСЕ БІЛІҢІЗДЕР!
Ол қазір Қостанайда оқып жатыр, мен мұнда оны күтудемін…
Екеуміздің ортақ түскен суретіміз болмаса да, фотошоппен жасаған суретіміз бар...


Пы/сы: есімі оның — НҰРЖАН!

17 пікір

Korkem
қатысушылардың ішінде ерлігі мен суретін қоса салған ең алғашқы пост!
konvict
Әй, бірге түскен суретіміз жоқ болса маған не дейсің
AKA
Ооо, шүкір, шүкір! Ұзағынан болғай, былай әсерлі жазба болмаса да, махаббат бар деп сендім.
alikona
жаман емес, шынымен да әсерлі емес, бирак бирдене бааар..)
AKA
Шо та мына қыз таныс па деп қоям…
dimash
Анау жігіт спортик екен, уважуха!
pana
молодец қыз екенсіз!!!
Karakulov
Батыл қыз… Батыр бала… Талай нәрсені бірге жеңетін шығарсыңдар деген үміттемін.
Қарапайым, жеңіл жазылған екен.
qyrmyzy
ЫРЫСБЕК! Бақыт тілейміз. Жако ағай, Ясин аға, келіңіздер енді:)
Manas
оооо, маған осы қатты ұнады.Өте қарапайым)оқуға жеңіл,әйтпесе алдындағы жазбалар бір махаббаттан түңілген біреудің мұңы еді.Бірақ мында жазып алатын сөз жоқ екен)
alikona
иә, байқаудан қалып қоярмын деп асығыс жазылған ой, негізі дұрыстап жазбағаныма өкініп отырм, бәрі жеңіл әсерсіз деп жатыр…
asetatabalasu
алғашқыңда соңғыңда осы болса арманда кетпейсің бе
davidoff
Адамдар күрескендері үшін ол МАХАББАТ!!! айтпесе қатардағы бір қателік, жүрекке бір кір есебінде қалады, түкке тұрғысыз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.