Сезімді сезу үшін сезім керек

№17 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)



Сіздегі салқындық – үмітті жылату,
Мендегі салқындық… белгісіз...
Құралай Омар

Мендегі салқындық – реніш. Ренжідім. Іздемейтініңе, сағынбайтыныңа, қоңырау шалмайтыныңа, жазбайтыныңа, хабарласпайтыныңа…

Сендегі салқындық – үмітімді өшіру шығар. Сенің салқындығыңнан үмітім жылайды, жүрегім жылайды…

Үндемейсің. «Кейде үндемей қалу да үлкен сөз айтқанмен бірдей», — дейді данышпандарымыз. Сендегі үнсіздікті түсіне алмай далмын. Үмітті ояту, үмітті сөндіру, ұялшақтық, өз-өзіңді, мені сынау ма, әлде басқа қызда көңілің бар ма… Белгісіз.

«Сүйе білген жүрекке керек қой бір кешірім,
Жүрсең дағы түнекте айтсаңшы бір кесімін».....

Шіркін, сезім деген қиын ғой, Жаныңды қинап, көңіліңе маза бермейді. Көкірегіңе өксік келіп, жылай да алмайсың. Сезімді түсініп болмайсың. Бірде жарық дүниенің ең бақытты пендесі сезінсең, бірде сенен асқан бақытсыз адам жоқтай болып көрінеді. Біреулермен сырыңды бөлісіп, жүрегіңді ақтарғың келгенімен, қайран, тілің жетпей де қалатынына не дерсің? Тәуекелге бел буып, ертең тындырам деген батырлығың да келесі күні тып-типыл жоқ болады.

Сағынамын, сағынамын.
Жүрегімде тағы мұң
Бара жатыр қалмай төзім де...©

Кезінде «сүйе білу – бір бақыт» дейтін едім...өзіме жиі сұрақтар қойып, жауабын таба алмаймын. Таба алмаймын да іштен тынамын.

Ол мені ойламайтынын біле тұра, неге оны үздіксіз ойлаймын?! Ол мені бір рет болса да көруге асықпайтынын сезе тұра, неге онымен кездесуге асығамын?! Неге мен одан үмітімді үзе алмаймын?? Еріксіз көзіме жас тығылады.

Жақсылық туғазбайтын бірде-бір жамандық жоқ. Кездейсоқ оқиға болмайды: бұл дүниедегінің бәрі де – не сынап байқау, немесе жаза, немесе мақтау, күн бұрын болжау ©. Сені кезіктіргенім – Алладан. Тіпті сенен жауап күтуге де тиіс емеспін. Сені сағынуға да, сені қызғануға да, сені іздеуге де. Сен маған хабарласуға, сөйлесуге, үміттендіруге де тиіс емессің. Жәй ғана: «Спасибо, потому что ты у меня есть!»

Бәрібір адам баласының жүрек түкпірінен жарты сүйем алыстамайтын бойтұмардай қимас дүниелер болады. Сенімен өткен күндерім, саған қатысты барлық дүниелер — мен үшін баға жетпес байлық, ыстық әрі тәтті естеліктерім. Кейде сол қимас дүниелеріме қарап сағаттап отыратынымды сезбей де қаламын. Сөздерің, көздерің, күлкің ойыма еріксіз орала береді, орала береді…

Үш жылға бергісіз үш ай да өте шықты. Уақыт өткен сайын саған қаншалықты бауыр басып қалғанымды түсінгендеймін. Тіпті басқа жігіттермен сөйлескім де келмейді.

Өз тағдырымның жібін сенің тағдырыңның жібімен бірге ескім келеді кейде. Себебі сенің бойыңда жігіттерде кездесе бермейтін ерекшелік бар, мейірімдісің, көңілің ақ, аз уақыттың ішінде өзіңе баурап ала алдың мына мені…

Махаббаттың өтемі жоқ. Махаббатты махаббат қана ақтайды ©

Бір жоқты бір жоқ табады©

Жақсылық туғазбайтын бірде-бір жамандық жоқ. Кездейсоқ оқиға болмайды: бұл дүниедегінің бәрі де – не сынап байқау, немесе жаза, немесе мақтау, күн бұрын болжау ©

Сені кездестірген тағдырыма ризамын, өміріме ризамын, саған ризамын. Мен үшін теңдеуі шешіліп қойған «есептердің» дұрыс емес екендігін көрсеттің, пікірімді өзгерттің. Қайта ұнату, сүю, ғашық болу ықтималдылығын дәлелдедің. Өмір тоқтап қалған жоқ, тоқтамайды да. Сенің кез келген шешіміңмен келісем. Басқаға кетсең де! Тек бақытыңды тілеймін. Он жылдан кейін сені гуглдатып қана тауып алып, жағдайыңды бақылап отырармын тек. Бақыт сілтер компасың дұрыс жол көрсетер деген ниеттемін. Кіммен, қайда болсаң да, бақытты болшы! Қайда жүрсең де, тілеулесіңмін, амандығыңды Алладан тілеймін, әрқашан дұғамдасың!

Тағдыр талқысы – адамзатқа сын, адамгершілікке – таразы © деп, ары қарай өмір сүре беремін.

Біреу бақытты – жылап тұрса да,
Біреу бақытсыз – күліп тұрса да.
Біреуге бақыт – өткен күндері,
Басына бақыт бүгін туса да ©

Бақытымызды қадірлейік, уақытында қадірін түсінуге жазсын Жаратушы. Одан да жақсысы, одан да қымбаттысы, одан да кереметі кездеспеуі мүмкін.

Кешемен емес, бүгінмен, ертеңге үмітпен қарап, келер күннің жақсылығын күтіп өмір сүрейік. Өткен – тарих, естелік, бүгін – бар, ертең – жоқ болуы әбден мүмкін. Ендеше, сыйласып, түсінісіп жүрейік, достар!

Тек үнсіз қалмаңыздар. Біреудің сезімімен ойнап, орынсыз үміттендіру – адамгершілікке жатпайтындай. Жігіттер, ұнай ма, жүгіріңіздер! Қыздар, сезімі жоқ па, өздеріңізді қинаудың қажеті жоқ. Әрі қарай жүре беріңіздер!

Сезімдеріңізді, махаббаттарыңызды сыйлаңыздар! Уысымыздағын шашып алмауға, барымызды жоғалтпауға, шындықты өтірікке айналдырмауға тырысайық, айтаберлік қауым! Махаббат майданында әрдайым туларыңыз асқақ болсын.

23 пікір

Korkem
Ең шынайы пост! Жүректен шыққан… жүрекке жетсін
Ais_97
Ия шынайы пост екен,ұнады!
AKA
Вааай, әдемі айтылды.
AKA
Қандай насихат ә, ойға салады, алысқа жетелейді. Алақанымды соқтым :)
qyrmyzy
тошна алақаныңды соқтың ба?
AKA
Соғуға тұрарлық :))
Zhanat
аяқ жағын оқып отырып, дәл қазіргі жүрегімдегі сырларымды сезіп автор маған арнап айтқандай болып кетті ғой, жай ғана жақсы бағыт, басқа жол бар екенін көрсетіп тұрған періштедей. Авторға рахмет.Көкірегіңе өксік келіп, жылай да алмайсың.
Karakulov
Бағдарлаушы сипаттағы мақалаларды ұнатымын!
Erzhan
балдардан гөрі, қыздар сезімдерің ашып жазыпты:)
сұрмен жазылған сөздердің қазақшаға аударылғанына ризамын)
dimash
Хех, ұзақ екенің көріп толық оқымаймын ба деп ойласам, ұнады мағанда.
Эххх, Көркемге үздігін таңдау қиынға соғайын деп тур-ау дим)
Үшінші орынға деген үмітім де үзілді-ау))
qyrmyzy
Айтаберліктер ұзақ, пайдалы, мәліметі көп посттарды оқымайды деген пікірім дәлелденіп жатыр:)
qyrmyzy
Кейде үндемей қалу да үлкен сөз айтқанмен бірдей

түртіп алдым, рахмет!
Karakulov
Мен де қосыламын! +1
Manas
Керемет пост!
Махаббат майданында әрдайым туларыңыз асқақ болсын.
мына сөзді жазып алайыншы, тост айтқанда керек болар)
banzaika1990
Иә, үнсіздік деген ең қиын, ең жан төзбес шақ қой. Менің де кейде
… Мен сені сүйем әрине,
Бірақ үндемейсің неге
Сөйлесші, сырласшы
Сезімді оятып тағы ....
— деп жар сала айтқым келетін кездер болады.
konvict
Тәк, кім екені белгілі секілді ме…
Ademi
сізді танымайды екенмін
asetatabalasu
айтқан тілектерің өзіңеде қабыл болсын
Zhassiko
Мынаны кім жазды екен а, жазған адам ұнап кетті, байқау біткесін дос болғым келіп кетті осы қызбен…
Ештен кеш жақсы демей ма, дауысымды осыған бердім, ұнады, мәләдес, керемет… Ойымдағыларды жеткізіп қойғандай осы жазба.
Ademi
не кедергі?
m170785
ренішпен ба, әлде сағынышпен бе, әлде үлкееен махаббат мұңымен жазылды ма жақсы. О бастан өзіме қатты ұнады
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.