Кеудемде соққан жүрегім

№18 қатысушының посты

(Пост БАЙҚАУ бойынша жарияланды (Көркем — ұйымдастырушы, авторы емес), БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.)


«Сенесіз бе, сонда да мына жүрек,
Менен артық сүйеді Сізді тіпті…» ©

«Жаңбыр… Жаныммен үндес болған жылы жаңбыр тамшылары… Сол бір әдемі сәтті тағы есіме салды. Сол кеште көз тойдырып сізге қарап отыра берер ем, ұяңдығым басым шықты. Мейірім толы жанарыңызға ұрланып та қарай алмайтынмын. Қоңыр үніңізбен есімімді атап, үн қатқаныңызда жүрек дүрсілі жиілей түсетін. Көңіл құлазып, демеу күтер сәтте де сізді іздейтінмін. Ұялы телефоннан жаттанды нөмеріңізді теріп, сөйлеспек болып талпынам, бірақ… айтар сөзімнің бәрі алқымыма тіреліп, көзден мөлдір моншақтар үзіліп, үнсіздіктің шырмауында қалатынмын. Сондай сәтте менімен бірге табиғат та жылайтын, бейне бір мұңымыз бен сырымыз бір секілді… Дәл қазір де аспан күңіреніп, жаңбыр әлсіз ғана сіркірейді, менің жанымдай. Нөсерлетіп құйып кеткісі-ақ келеді, бірақ оның да алқымында тамшы тіреліп жібермейтіндей. Әр тамшы сағынышымның бейнесі болса, жаңбыр еш тоқтамаушы еді…

Жабырқап, демеу күтер сәтте жаныңыздан табыламын, сағыныш… үміт… шаттық болып. Азан үні естілгеннен-ақ сіз жайлы ойлар жаныма қуат, жігер беретіндей. Тәтті мұңға, сағынышқа, қуанышқа бөлейтін, жылата отырып, күлдіретін, күлдіріп, жылата да алатын жанның барлығына шүкір етіп, Жаратқанға алақан жайып, дұға етумен келемін. Тек сізге ғана еркелеп, ашуланып, ұрсып алғым келеді. Бақытқа толы сәтімді сізбен бөлісіп, риясыз күліп, шаттыққа кенелемін. Осындай әдемі, кіршіксіз мөлдір, саф сезім сыйлай алған сіздің тілеуіңізді тілеп, қамқорлық танытып, амандығыңызды жүрек лүпілі тоқтағанша сұрап өтемін. Бір сәтке қолыңызды жүрегіңізге қойыңызшы? Естимісіз, мен сіздің жаныңыздамын».



Людвиг Ван Бетховен. «Лунная соната».


«Жанымнан жырақта жүрсеңіз де, мен сіздің жаныңыздамын. Ақ ниетті жүрегімменен сізді қатты сағынамын. Жұма. Азан үнімен дұғамды тілеп, сағынышымды жеткіздім. Сіз де мендей сағынсаңыз… 8 77...»

15 пікір

Korkem
Ескерту! Соңғы пост! Қабылдау аяқталды.
zhurttyn_balasy
Қап үлгермей қалғаным ай ә. )
Manas
менде ай ә.)
alikona
өтірік істемендерш))
Manas
сезімім бүгін оянды)
MSHERIMBEK
муахахаха, өтті:)
pana
Тек сізге ғана еркелеп, ашуланып, ұрсып алғым келеді
AKA
Ерғали Бақаштың өлеңі екен. :)
Zhanat
Әр тамшы сағынышымның бейнесі болса, жаңбыр еш тоқтамаушы еді…
неткен сағыныш!
MSHERIMBEK
20 қылу керек еді, әттең ай)
m170785
жақсы жазылған. Нағыз сағыныштың демі сезіліп тұр
qyrmyzy
Сіз де мендей сағынсаңыз… 8 77...»
хабарласса екен!
Жап жақсы постты флудтағандарын ай… Сылтауларын өздерінің
Delfina
Оқуға тартымды емес. Бірақ керемет жазылған.
balgalym
махаббат неткен қатал… бәлкім өзіміз сондай…
Aikona
Қатысқым кеп кетті )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.