Мама мен папаға арналған шимайлар...



Бауыр басу...

Ммм… Бұл ненің дыбысы? Тәтті ұйқымнан оятып жіберді...Әдемі түс көріп жатыр едім… Оятқыш… Талай әдемі әндерге қойсаң да, мезгілсіз шырылдайды. Ұнататын әндерімнің тізімі де азайып бара жатыр...



Ұйқыдан ояндым. Айнала тып-тыныш. Бүгін күн ашық екен.
Көзімді ашсам, қып-қызыл раушан гүлі жастығымның қасында тұр. Таңертең мына гүлді сыйлау үшін Сүйіктім кеше қайда жасырды екен?

Бүгінгі күнім де сүйіктіммен басталып жатыр. Оның ілтипатымен, оның қамқорлығымен, оның махаббатымен… Оның түнде (ол үшін таң) мені сүйгенін сездім… кетпей тұрып сүйді, есімде. Жаным менің… Қанмаша жылдан бері біргеміз. Ал сен менде еш өзгермейсің. Жоқ, сен одан сайын жақсы адамға айналып барасың… менің ешкімге ұқсамайтын жалғызымсың!

Ып-ыстық кофе ішкім келіп тұрғаны… Тұру керек.
Күнде үйден шығуыма бір сағат қалғанда ұйқыдан оянамын. Маған асықпай қимылдау, жаңа күнді жақсы көңіл-күймен қарсы алу, баяу музыка немесе таңғы бағдарламаларды көру, өз-өзіммен сөйлесу, керіліп-созылып алу және кофе ішу — ұнайды. Ммм… кофе...Қалай да тұруға тура келеді.




Шәйнек өзінің бірдеңесін айтып бұрқылдады, ал мен өзіме таңғы ас әзірледім де, сабырсыздықпен үстел үстіндегі қойындәптерімді аштым. Баяғыда, Жаныммен бірге тұра бастағанда, бір-бірімізге хат жазатын едік. Тастап жіберуге қимайсың, онда қаншама пәк сезім мен махаббат бар… Содан осы қойындәптерді бастадым. Хаттарды осында қыстырып қоятын болдым. Мұнда не жоқ десеңші, шіркін! Біздің махаббатымыздың тарихы, бір-бірімізге деген ыстық сезім, сағыну, сағыныш, өкпе, наз… Тек ойдан шығарылған емес, нағыз махаббаттың өзі...

Бірнеше сағат бұрын жазылған хат:
«Жаным менің, қайырлы таң! Сенің қасыңнан кету қаншалықты ауыр екенін білсең ғой. Күнің сәтті өтсін, айым менің. Пысы: бүгін кездесуде көп қалжыңдаспа!» (жігіт)

Тағы да күлдім. Ол мен жайлы бәрін біледі…

«Жалғызым, кешірші. Бүгін тағы да кешкі ас әзірей алмайтын сияқтымын. Маған кешірім бола ма? Демалыс күндері сенің барлық жақсы көретін тамақтарыңды дайындаймын деп сөз беремін, жаным! Сағындым өзіңді!» (қыз)

«Саған Садық Шерімбек деген біреу қоңырау шалды? Сондай қырсық екен! Ашуланып отырмын… Кешке Астанаға қашан ұшатынымызды талқылайық! Сені сүйем!!!» (жігіт)

«Сүйіктім… Бүгін қатты ұйқтаппын… Сенің қоңырауыңды да естімедім, кешір… Жұмыстарымның бәрін кейінге қалдырдым. Азық-түлік алуға кетіп бара жатырмын, майшам мен «Ұлытаудың» дискісін де сатып алам. Бүгін бізде романтикалық кешкі ас… Ал сен бұл жайлы әлі білмейсің....» (қыз)

«Маған ұнайтын жейдемді жудың ба? Өз-өзімді түсінбей отырмын, өз-өзіме сыймай отымын, ал сен тып-тыныш ұйқтап жатырсың, періште сияқты, менің періштем! Не болса да кешіремін ғой сүйікті жарымды! Кешке дейін, күнім менің! Сәттілік тілеймін!» (жігіт)


«Хмммм… Ұялы телефоныңды үйге ұмытып кетіпсің… Көркем деген біреу саған қоңырау шалды! Кім ол? Менің ұялы телефонымды ақтарушы болма деп айтудың қажеті жоқ! Өзің білесің ғой, бұл біздің отбасылық әдетке айналған! Ашулымын… Сенің кесеңді сындырғым келіп тұрғаны… Жақсы… Кешке қалдырайық...» (қыз)
«Күнім менің… Қашан үйге келесің? Өзімді қоярға жер таппай отырмын. Ұялы телефоның сені байланыс аясынан тыс жерде дейді… Басыма неше түрлі ойлар келіп жатыр! Маған хабарласып, кешігетініңді айтып қойсаң қайтеді? Аман-есен келсең – осы кешті ұзақ уақыт есіңнен шығара алмайтыныңды ескертемін. Түүүү, қайда жүрсің?!» (жігіт)



«Жаным менің… сүйікті қызғалдақтарым үшін рахмет...Өте әдемі екен! Мынадай мезгілде оларды қайдан таптың?» (қыз)

«Бүгін премия алдым! Дүкен аралап қайтайық. Тек бүкіл БАҚты хабарландыру керек: байқаңыздар, найзағай, менің әйелім, менің жаным, менің айым дүкен аралауға бара жатыр.! Мүмкін бұны цунами деп атауға да болатын шығар!!! Сені жақсы көремін… айтқандай, сен мұндай уақытта үйде болу керек едің… Тағы да қоңырау шалмадың!!!» (жігіт)
«Неге саған сыйлаған жемпірді кимедің? Сол жемпір саған жарасады! Бірақ, иә, дұрыс. Оны тек мен үшін киетін боласың. Басқа әйелдер оған баға бергенін қаламаймын… Кешкі асқа не дайындасам екен? Кешке саған не айтсам екен? Күтемін, сүйіктім… Сондай сағындым сені!!!» (кыз)

«Түсін: менімен олай сөйлесуіңді қаламаймын. Кез келген мәселені шешуге болады. Сені үнемі тыңдып, сені түсінуге тырысатын едім. Неге өзіңді бала сияқты ұстайтын болып кеттің? Сөзім жоқ саған… Саяның үйінде қонып қалуыңды қаламаймын! Мені кетуіңе тура келеді!» (жігіт)
«Біз қайта татуластық. Күшім қалмады, жаным… Енді тренажер залына қалай барамын?» (жігіт)
«Үзіліс… Көп ұзамай кайтып келдім» (қыз)
«Қайырлы таң, жалғызым! Менің Күнім не істеп жатыр екен? Көзіңді бояп жатырсың ба?» (жігіт)
«Иә» деп шындықты айту үшін тушьқа қарай жүгірдім… Саған неге осылай есеп беретінімді білмеймін. ..

Бұрын жазылған хаттарды оқып отырып, бәрін ұмытып кетемін. Әлемді ұмытып кетемін! Тек қана сен және мен… Бала жайлы ой қайдан келгенін білмеймін… Қашан осы парақтарда мама мен папаға арналған алғашқы шимайлар пайда болады екен… (қыз)
Енді асығу керек. Макияж, прическа, бір-екі тамшы әтір, қызыл далам, құжаттарымды алып, баспалдақпен төмен түстім, адамы көп көшемен жүріп келемін, көше қиылысында тұрған МАИ қызметкеріне ақырын күлімсіредім, бірініші кездесу, тағы да жымию, жүріп келемін, кептеліс (кешігіп қалмасам екен!), екінші тапсырыс беруші, кофе, күлімсіреу, сұрақ:


«Сіз әрдайым осылай күліп жүресіз бе… бақытты сияқтысыз ғой, сондай әсер қалдырдыңыз. Солай ма?»

Өзімді ұстай алмай тағы да күліп жібердім. Жәй, менімен ойнағысы келіп тұр...

«Жолдасымды қатты жақсы көремін… ол да мені сүйеді! Барлық құпия осында!»
Мда… Менің отбасылық бақытым қатты қуанта қойған жоқ… жарайды… көтерермін!

Бітті. Бүгін жоспарланған жұмыстардың бәрі орындалды. Соңғы кесе кофе… Сағатыма қарадым, үйге қарай жылжу керек. Даяшы қайда? Оны іздеп жан-жағыма қарай бастадым… біруақытта маған қарап тұрған әдемі көздерді көрдім, ол тұра маған қарап тұр еді. Жүрегім басқаша соға бастады… қағысын тездетті. Қас қағым сәтте тұрмыстағы әйелден кішкентай қызға айналып кеттім. Өзімді қоярға жер таппай…
Ол менің үстеліме отырды. Рұқсатсыз. Баяғыдай көздеріме тік қарады, бірақ күлмеді… Бір-бірімізге қараумен ұзақ уақыт отырдық. Үнсіз.


— Сіздің атыңызды білгім келеді....

Мен оған бүкіл өмірімді айтып бергім келді… Бірақ мен:

— Мен күйеуге шыққам...


Ешқандай әсер жоқ.

— Маған сіздің күйеуіңіз қызық емес. Мені сіз қызықтырасыз, тек сіз...

Неге бетім қызып жатыр? Неге көзімді одан алып қашамын? Не айтарымды білмеймін. Маған «кешіріңіз, кетуім керек» деп айту керек еді, бірақ олай айта алмадым…

— Мен сені әлемдегі ең бақытты әйел етемін. Келші маған.

Ол мені «сен» дей бастады, ал бұл мен үшін ештеңені өзгерте қоймағаны рас. Ол кешкі асқа тапсырыс берді. Ал мен ештеңеге таң қалмадым, қарсылық та көрсете алмадым…
Біз қанатты сөздер, фразалар жайлы әңгімелестік. Үзінділер оқыдық. Үнсіз ұзақ уақыт бір-бірімізден көз алмадық. Менің ұялы телефоным шырылдады, бірақ жауап беру жайлы ойламадым.


Мейрамханадан шықтық, ол менің көлігімнің кілтін сұрады да, рөлге отырды. Ал қарсылық көрсету – басыма да кіріп шықпады.

Онымен бірге жүргенімде қандай бақытты жанға айналғанымды білсеңдер ғой. Мен үшін бүкіл әлем өмір сүруді тоқтатқандай. Тек ОЛ ғана… Менің көзімнің қарашығында… менің өмірімде! Ол менің қолымнан қысып ұстап алып, таңға дейін жібермеді. Қыдырдық. Түнгі қала. Көше тып-тыныш. Құдды бізге жағдай жасағандай мына жұрт. Бақыт… бір бақыт… сүйгенің және сен… тек екеуміз… мын жарық әлемде тек біз!
Тағы да сол ән. Таныс. Түүү, оятқыш. Жек көрем! Бүгін сенбі ғой. Оятқышты сөндірдім де, жастықтың астына тығылдым. Өзіме таныс алақанды, жылулықты, махаббатты сезіндім, ақырын сыбырлаған дыбыс:


— Сен кеше бейтаныс біреумен қыдырдың ғой?

— Жоқ, бейтаныс емес!

Ол мені құшағына қысты да, көзіме қарап тұрып:

— Кешегі бейтаныс жігіт ше?

Тыныштық.

Иә, менің жолдасым – бір бейнедегі миллион бейтаныс жігіттер және өмірімнің мәні мен сәні. Асылым менің! Сол үшін сені сүйем, күнім менің!

Әлі кофеге дейін бірнеше сағат бар және біздің қойындәптерге де! Сосын ондағы жаңа хат:


« Иә, менің әйеліме не керек екенін ұққандаймын. Бірнеше рет көз жеткіздім. Меніңше, енді сенің қойындәптеріңнің жаңа беттеріндегі шимайлар жайлы ойлану керек екен… папа мен мамаға арналған шимайлар....»



P.S: Сіздердің де қойындәптерлеріңіз бен үйлеріңіздің қабырғасында папа мен мамаға арналған шимайлар пайда бола берсін!
Р.S.S: Байқаудың 2-бөлімінің жазбасы (аударма, қаз-қалпында);) Түпнұсқа .

40 пікір

qyrmyzy
Мынаны ұмытып кетіппін:
Медосмотрдан © өтіп жүріп, құжаттарымды жинап жүріп аударып ем… уақыт болмады…
VVVWWW
Аудармаңыз тамаша, +5 (айтпақшы біреуден артық қоя алмайды екем ғой)
бірақ Айбергеновты араластырғаныңыз дұрыс болмады (әділ болмады дегенім ғой), қалай еді жеткізе алдым ба (біртүрлі «нечестный» болып кетті ме)
qyrmyzy
Рахмет! Несі әділ емес? Осы өлең үшін жазба бір күн кешікті.
VVVWWW
«Плагиат» десем ренжіп қалар ма екеніз? Бірақ түсініңіз ол менің ең ұлы ақын ретінде табынатын ақыным, сосын ғой жаным шығып жатырғаны
Ол ақынның ары мен абыройын төгіп тұрып жазған өлеңі ғой. оны жәй ғана жазбаға қолдана салу… ерсі болатын сияқты (араласпайтын жерге араласып мен де… сау басқа сақина, сырға, білезік бәрін тілеп алдым-ау деймін)
qyrmyzy
Пікір қалдырғаныңызға, ойыңызды ашық жазғаныңызға рахмет! Алдымен, «Плагиаттың» не екенін жақсылап түсініп алсаңыз екен деген ізгі ойым бар еді. Сосын, ұлы ақыныңыздың өлеңін жерден алып, жерге салып жатқаным жоқ екенін ескергейсіз. Оның ары мен абыройын төгіп тұрып © жазған өлеңін жазбаға қолданғанымның несі айып? Несі қорлау? Аудармаға, орыс тілінен аударылған шығармаға оның үстіне байқау үшін жарияланған жазбаға әкеп сүйікті ақыныңыздың өлеңін ілгенім — ерсі ма?
Мына аударманы 5-ақ қолданушы оқыған шығар. Ал қалғандары тек Төлеген Айбергеновтың өлеңін ғана оқыған шығар. Егер солай жасаса, мақсатыма жеткенім.
Пір тұтатын ақыныңыздың қойныңызға тығып оқығанша, елге, жұртқа көсетіп оқыңыз. Төлеген Айбергеновты айтаберліктердің бірі білсе, бірі білмес. Егер ұлы ақыныңызды ң шығармаларын дәріптесеңіз — мақсатыңызға жеткеніңіз. Рахмет)!
VVVWWW
Айбергеновты қаншама дәріптесе де жетеді ғой, жәй ғана жазбаңызға ілгеніңіз ұнаған жоқ, біртүрлі пайдаланып жатырған сияқты болып кеттіңіз, сосын әдеби терминдерді жақсы түсінем
AKA
Соңында бейтаныс жігіт пен күйеуі бір адам болып тұр ма? Сол жерінде шамалы ұқпай отырғаным, сосын мама мен папа туралы да… Кейіпкерлер керемет таңдалыпты, сөз жоқ :))) Тамаша, өте жақсы!
qyrmyzy
:)))))))))) Қайталап оқып шық деп па:) Аха
Korkem
Әсерлі… Ұнады
qyrmyzy
Сен осы оқымадың-ау....әйтпесе маған ұрсып отыратын ең…
Korkem
кеЧ, шимайларлы толық оқыдым
qyrmyzy
онда тағы да оқып шық
AKA
Дұрыс айтаС, түсінігін сұраңызшы, мұғалима
Zhanat
коптен күткен жазба еді))) жақсы жеткізе білдініз
qyrmyzy
Рахмет:)
ZevsKO
аудармаңыз «бес»! Ұнады. Оқып отырған кезімде түрл-түрлі ойға шомып шықтым. Мынаны жазып отырған адам қатты ғашық болған аә-ә шамасы деп қоям. жездем оқып, қандай күйде болды екен білгім кеп барады
qyrmyzy
Рахмет! Қандай ой? Ашып-ашып айтшиш:) Иә,орыс афтырға рысбек! Жеңіл әрі қызықты етіп жазыпты. Аударғанша мен де асықтым. Ық қы, 10-жатақхананың алдында отырып ап аудардым.
konvict
Меңгере алмадым. Соңғы кездері махаббат туралы жазылған жазбаларды түсіну қиынға соғып барады. Түсінбеймін бе, әлде түсінгім келмейді ме, белгісіз
qyrmyzy
соңғы кездері пікірден басқа ештеңе оқығым келмейді. Әріптерден қорқам ба бірдеңе, не только махаббат жайлы посттар… Депресняк? Алматыға кеп кетшиш, қымыздатайық
konvict
Онсыз да Алматыны сағынып жүрмін. Ораза бітсін, барып қайтармын. Әрі сол уақытта Моржық та Алматыға келемін дейді
qyrmyzy
ық қы, күтеміз. Тек шам ұстатып қоймасаңдар болғаны
MSHERIMBEK
Моржық қайда???
konvict
Әр кәлләда бір қиял. Меңкі басқа.
Zhassiko
Рөлдердің бірінде: Садық Шерімбек, Көркем, Сая ойнап кетіпті, ал басты рөлдерде кімдер?
… жалпы, тамаша. Удачны аудару.
Ұнады.
qyrmyzy
Басты рөлдерде: Жассико мен Қозы
MSHERIMBEK
дәл айтылған::))
Zhassiko
Сендер мені өлтіретін болдыңдар.
qyrmyzy
Қозы күшті бала ©
Zhassiko
Қозы күшті бала ©
солай деңіз, басында Қырмызы апама не болған қой, ешкі, қозыларға итеріп, деген небір арам ойлар кетті ғой, ық ық…
мен әлі кішкентәймін…
qyrmyzy
хе хе:) Үйбәй-ай СЖда 14 жасар қыздар жігітпен жүрсем бола ма дейді ғүә?!
kozy
Тәәәк мен жайлы біреу бәрдеңке деді мәәә?
qyrmyzy
ауа райы тамаша! ©
Korkem
муахахах кеЧиии
followme_alik
Аударма жақсы-ақ. Бірақ, байқауды байқай алмай жүрм. Жеңімпаз бар ма? әлі жалғасуда ма _ :/
qyrmyzy
әлі жалғасуда… жазба салу керек ет…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.