Тәуелсіз ел ұрпағы

Тәуелсіз ел ұрпағы.

Елің азат, сенің ғажап ғұмырың
Тәуелсіздік алқабындай өмірің
Өз жеріңде асыр салып ойнайсың
Бір құлазып түскен емес көңілің

Тәуелсіз ел тағдырындай балғынсың
Тәуелсіздік жүрегіңде жаңғырсың
Пәк күлкіңнен шашыраған уыз нұр
Болашаққа бақыт ізін салдырсын

Бүгін бала, ертең үлкен данасың
Ешбір адам сыртқа теппес баласын
Тәуелсіздік қасиетті ұрпақтың
Бір кісідей жаулап алсын санасын

Қастерлейік тәуелсіз ел киесін
Өз еліңді бәрінен ерек сүйесің
Айналайын еркін өскен жас ұрпақ
Болашаққа өзің ғана иесің

Бәріненде сен биіксің дарасың
Айыра біл өмірдің ақ,қарасын
Атаң саған ғасырлардан сый еткен
Біле жүргің тәуелсіздік бағасын

Тәуелсіз ел ұрпағысың ұлысың
Тарихыңдай терең болсын тынысың
Тәуелсіздік тірегіне айналған
Сен еліңнің баға жетпес құнысың

Тағдырыңды бағыттай біл еліңе
Құт-береке әкел байтақ жеріңе
Тәуелсіздік құнын әркез ескеріп
Шығара біл мәңгі биік төріңе

22 пікір

AKA
Иә, пунктуацияға зәру жазба екен…
Jako
Ия, е үтір, е нүкте жоқ, жәп-жалаңаш..., бірақ патриотизм бар.
SteVen_S_Sanzhar
Асығып жазған шығар!!!
didi0393
патриот адам үтір, нүктеге қарамайды
AKA
Сұмдық «патриот» адам, қазақшаны дұрыс жазып үйрену керек алдымен, үтір, нүкте, әр әрпіне дейін, сөзбен көпірмей. Патриот — ұлтжанды.
didi0393
баяғыда димда ата-әжелеріміз хат танымастан ҰОС аттанған еді да жалпы
AKA
Кешірерсіз, мен тәуелсіз елдің ұрпағы едім. Патриоткалар тілімен айтқанда: «Казнить нельзя помиловать» деуге келетін әңгіме, сондықтан тарихты қозғап, сөз таластырудың мәнісін көріп отырғам жоқ.
didi0393
кеширдим гой. патриот ұғымын әркім әр қалай түсінеді. так шо менің мұнда таласым жоқ джәнеем.өз мнениямды бір керемет күні кездескенде айтып берермін. хотя мына каn есімді жаңадан келген айтаберлікке қатесін сіз айтқандай " казнить" етпей ,«помиловать» етпедікпе?
didi0393
патриот әріпте емес патриот Журекте!
didi0393
ммммммммммммммммммммммммм де деймін ендіііі болаттааааа. Отаным үшін бәріне келісеммін мен!
AKA
Соңында сұрақ белгісі жоқ.
AKA
Иә, иә, ұрыңыз. Жазба авторынан кешірім сұраймын
Kan
Ассаламуағалейкум қазақ балалары! Мен өлеңді талдайма десем жай бір тыныс белгілерінің тақырыбы болып кетті ғой. Елдің тәуелсіздігін терең түсінетіндерің сезіліп тұр, керемет! Болашақта сол тәуелсіздіктің қорғаушылары өздерің екенін ұмытпаңдар. Мен тыныс белгісін қоймай жазғаным үшін кешірім сұраймын. Алла сіздерге разы болсын.
didi0393
салембердік аға! рахмет айтканыңыз келсін! сұрайын дегенім мына өлең өзіңіздің туындыңыз ба?
Kan
Аллаға шукір өз туындым. Тек сонын бағасын біліп,өзгенің оқуындағы әсерін білсем деген ниетпен жибердім.
Kan
«Аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей енді дұрыс жазармын. Рахмет!
AKA
Өзінше шетінен мәдениетті мұғалима боп отқан отырыстарына алданып қалмаңыз, келесі жолы, жамааан, аямайды.
Қанша жерде келеке етудің мәстірі болсаңыз да, мұныңыз жөн емес. Басқалар "Қате жөндеп қалға біреу екен" деген түсінікте болса да, бұл жолымнан танбаймын, мұның себебі тек өзіме және түсінгенге аян.
VVVWWW
Осы кешірім сұрағаныңыз үшін-ақ жеті қақ көктен төмен түсіп, нирванадан қайтып келдім
AKA
Жә, ештеңе етпейді, түсіндім ғой ойыңызды, бәрі дұрыс.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.