Туған жер

Туған жер

Туған жердің туы биік қашанда.
Асығыспен саған аяқ басамда.
Таңырқаймын бала күнгі көңілмен.
Қуанышпен айқара есік ашамда.

Сағынышым, саған ән боп жеткен бе?
Балалығым мене алыс кеткен де.
Кіп-кішкентай балбыраған бұлдіршін
Туған жердің иісі саған сінген бе?

Туған жердің жыры биік әманда.
Өлшенбейді еш нәрсемен бағаң да.
Туған жердің әуелеген ән-жыры
Мәңгілікке сайрап тұрар санам да.

Сенен ұзап мен алысқа кеткен де
Қысылады тыныс жетпей өкпемде.
Мен ғашықпын гүлдеріңе қырдағы
Жәйнап өсіп құлпыратын көктемде.

4 пікір

MSHERIMBEK
Еееех, туған жер туралы шумақтарды санар болсақ, дүниенің бүкіл архивінен миллиондаған беттер шығатын болыр:))
Kan
Бірақ бұл өлеңді біреудікі десең қателесесіз
AKA
Анау-мынаусына көз жұмып, жақсы қабылдауға болады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.