Құран оқып үйренейік

Кел балалар бірігіп!
Құран оқып білейік.
Исламды ұлы жол қылып
Көңілге бақыт түйейік.

Алланың сөзі қасиет.
Ғылымның нұры құранда.
Атадан қалған өсиет.
Дәстүрлі дінім сыналма.

Арттыр, иман арыңды
Құранның оқып сүресін.
Ғылым ырғап жаныңды
Ғажап өмір сүресің.

Білімнің көзі құранда.
Кітаптің ол төресі.
Авторы оның бір Алла
Бар ғаламның егесі.

Әр аяты құдірет
Мәнін түсініп оқысаң.
Құранның нұры керемет
Көңілге түйіп тоқысаң.

Білімің кеңіп артады
Ақылдың шығып шыңына.
Рахатқа жаның батады.
Төзесің өмір сыңына.

Бағыштап құраң атаңа
Елім деп дұға етерсің.
Алла қалап шынында
Мұратыңа жетерсің.

Кел балалар құранды
Үйренейік, білейік!
Бар ғаламды сүйейік,
Ғажап өмір сүрейік.

1 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.