Айтабер! сайтына қош келдіңіздер!

Ассалаумағалейкум Интернет тұрғындары! Бүгін ақ түйенің қарны ақтарылған күн болмаса да, Қазақ интернетіндегі жаңа бір сайт өзінің тұсауын кесіп отыр! Осы жылға қазақ тілді сайттардың көбейетінін арамыздағы интернет мамандары айтып өтіп еді. Сол толқын басталып кеткен сияқты. Ал ендеше «Айтабер!» танымдық блогтұғырын қарсы алыңыздар!

Аты айтып тұрғандай, сайт пайдалы да құнды ақпараттармен бөлісудің ортасы болмақ. Яғни, өзіңізде бар құнды ақпараттармен бөлісіп, интернет қауымымен пікір алмаса аласыздар!

Сайттың басты мақсаты қазақ тіліндегі сапалы контенттер жинап, жас және тәжірибелі қолданушыларды бір пікіралмасу ортасына жинау. Сайттан өздеріңізге пайдалы нәрсе тауып жататын болсаңыздар, біздің қуанышымыз сол болмақ! Қош келіпсіздер! Сіздер үшін сайтымыздың URL-ы әрқашан ашық:) Кез-келген ұсыныстар мен тілектеріңізді шамамыз келгенше орындап бағамыз.
Болашақ та сіз бен біздің ортамыздағы түсініспеушіліктердің алдын алу мақсатында сайт ережелерімен мына жерден міндетті түрде танысып шығыңыз!
Ендеше,құнды да қызықты ақпаратың немесе ойың болса, Айта бер!

43 пікір

SaboniS
жақсы, қадамдарың оңғы бассын! LiveStreetCMS рулеzZz xD
aitaber
Рахмет Сабионс!!!
SaboniS
Сабонис деңіз )) 2-еуі 2 түрлі адам, көбісі шатастырады!
vkm
Құтты болсын! Барлығымыз шын көңілмен отыратын сайт болсын!
MSHERIMBEK
Қош келдің:) Үлкен рахмет! Осында екендігің үшін қуаныштымын:)
vkm
сен МИР дегесін кірдім… хехе)))
Қыздар сен үшін мені шашлыкқа турап тастады ғой:)))
MSHERIMBEK
Микос‘ сенің қолыңнан палау жейміз деді, муахаха:)
vkm
палау пісіргенде, ШАҚЫРСАМ, келерсің:))))
MSHERIMBEK
Теріскей шақырыққооойд:)
vkm
флудтамайықиии)))
MSHERIMBEK
Ал, Айтабер саған да маған да құтты болсын ендеше:)
KILYZAMAN
Қош көрдік. Орта толсын. Шимайлар бөлімінің сипаты қандай болмақ?
MSHERIMBEK
Олар орысша айтқанда Черновиктер! «Шимайларға» сақтап қойсаңыз оны өзіңізден басқа ешкім көрмейді. Кейін кіріп жалғастыруға немесе өңдеп жариялауға мүмкіндік береді. Шимайларыңызды қарау үшін профиль мәзіріндегі «Шимайлар» бөлімін басасыз!
KILYZAMAN
Солай.ДЕ :-) Рахмет!
MSHERIMBEK
Ееех, тарих деңіз:)
balzaminka
өтініш айтуға бола ма? Ана логотип сол жақта ғана тұр, ал оң жағы «чистое поле», сол жерге бірнәрсе істеуге болмай ма?

Сайтқа сәттілік тілеймін! Өмір жасы ұзақ болғай!
MSHERIMBEK
Бұл системаның CSSтері кэшпен жұмыс істейді екен. Арты қызыл еді. Бірақ үйлеспей сурет жайылып кете берді. Сондықтай жай ғана осылай қоюға тура келді. Әлі қарап көреміз. Енді ашылдық емес пе?!
Erlan
Қаждамдарыңызға сәттілік тілеймін, тамаша сайт ғұмыры ұзақ болсын
AKA
Онлайн мен смайликтерді студияға әкелсеңіздер екен. Істеріңізге сәттілік, берекелі жұмыс болғай!
MSHERIMBEK
смайларды қоюға сізден қорқып отырмыз:))) қажеті жоқ сияқты. сайтты біршама ауырлатады. ал онлайндағылардың жаңа түрін қарастырып жатырмыз.
AKA
Қорқып? Муахаха, Монтиға қиын болД, соның жағдайын ойлаватқаным ғҰә :))) Мейлі, «Бұқақақа» © аман болсын онда. :))
AKA
Ұжымдық блогтар қатарынан "Әуен, бейнебаян, фильм мен кинолар" туралы ақпарат жазатын бір айдар көргім келеді.
Meirzhan
Блогты ашу сізден болсын, пыкырлеу мен посттау бізден болсын!
AKA
пыкырлеу
… дұрысы «пікірлеу» болады, «пысырады» дегендей болды ғой. :)) «Түзету» функциясы да енгізілсе керемет болады.
Meirzhan
Түзету функциясы енгізілсе де, түзетпес едім :)
AKA
Онда "і" әрпін, «ы» әрпіне ауыстырып, «енгызылсе, едым» деп жазсаңызшы. ық-ық :)) флудтамайық
Jako
Құтты болсын,қоржының құнды дүниелерге толсын!
Nurbagit
Казнетке осындай бір сайт қажет еді құтты болсын!
Әкімшілік сайт дизайннына көңіл бөлсін шашылып жатқандай болып көрінеді.Бастапқы беттегі жаңалықтарды керекинфодағыдай қылсан н\е басқаша
MSHERIMBEK
Көп пост жазылымына арналға сондықтан ол сайттардағы нұсқа дұрыс келмейтін сияқты. Ол жағын міндетті түрде дұрыстап қолға аламыз. Рахмет!
Aspan
Uzdik avtorlardi bastapki bettin sonina tusirse n/e alip tastasada bolatin syakti. Mobildi versyada (telefonmen kirgende) kolaysizdik tudiradi eken. Osi jagin da oylastiru kerek syakti.
Moldir_96
Қош көрдік! «Айта бер» сайтын ұйымдастырушыларға шексіз алғысымды білдіремін! Сайттың ғұмыры ұзақ болсын!
konvict
Хош болдық, ағайын. Флудтамай айта берейік.
П.С анда-санда сатекең керек секілді көрінеді тұрады
Ais_97
Осы сайтқа сәттілік тілеймін!
Meirzhan
Айс — Әбіләкім ибн Сүбіләкім әл-Қарағанди детектед!
aitaber
хехехе:) Ол емес. Айс_97 Атыраудың қызы ғой :)
Armanjan
Сайттың өмірі ұзақ болсын және сайт мүшелеріне шығармашылық табыс тілеймін. жалпы мен тіркелген кез-келген қазақ сайты қызықты болып кететіні бартын))))))) Айтпақшы Админ мырзалар "түсініспейшіліктердің" деген сөзде қате кетіп қапты, түзетіп жіберуді сұраймын сіздерден. Өйткені мыңдаған оқырмандар оқып жатыр ғой!!! Тағы да сәттілік тілеймін!!!
Abylai
Құтты болсын! Бүгін сайттың ашылғанына (ресми түрде) ров ровно тұп тура 1 (бір) ай болыпты. бір айдың ішінде бәленше қолданушы тіркеліп, түгенше пост жазылды, бәленбай блог ашылды. бәленше мен бәлен қосылды деп статистикаларыңды ақтарып ақтырап жіберсеңдер жақсы бола еді. ал бір ай болуарыңмен құттықтаймын. бір ай болса да бірәз жасап тастаппыз ))
Abylai
Бүгін айтаберге төрт ай екен. Құтты болсын!
pari
Құтты болсын, Абылай ағама қосыламын.Ал жігіттер ішпейміз бе -----ҚЫМЫЗДАН:)
banzaika1990
Құтты болсын!!! неге Жігіттер ғана?????????? қыздарға да Айраннан болатын шығар аааааа
pari
қыздарға дизиден
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.