Иранда жер сілкінісінен 227 адам қаза тапқан

Иранда жер сілкінісінен 227 адам қаза тапқан


Иран үкіметі жексенбіде Шығыс Әзербайжан провинциясында болған екі ірі жер сілкінісінен құрбан болған адамдар санын азайтты.

Соңғы деректер бойынша, жексенбіге қараған түнгі 6,4 және 6,3 балдық жер сілкіністерінде әу баста хабарланғандай 250 адам емес, 227 адам қаза тапқан. 1380 адам жараланған.

Қазір жер сілкінген аймақта құтқару жұмыстары тоқтатылған. Билік мұның есесіне аман қалған тұрғындарға азық-түлік жеткізіп, уақытша тұрақтар салып жатыр.

Жер сілкінісінен эпицентрге жақын орналасқан 600 ауылдың жартысы зардап шеккен. 16 мың адам қанға мұқтаж.

Ресей мен Германия ғана Иранға апат зардаптарын жоюға көмектесуге тілек білдірді.

Мәлімет мына жерден алынған

5 пікір

Jako
Құдайым-ай, қасырет, апат айтып келмейді деген…
AKA
Иран үкіметіжексенбіде
Қай жексенбі екенін қайдан білем? Копипаст керек емес, өтініш… Қайырлы болсын!
Jako
Кешегі, Қаза тапқандар саны 309 ға жетті,әлі де қосылар.
Kan
300 ден асыпты маскара. Алла бізді табиғи апаттардан сақтасын. Достар аман болайық.
SteVen_S_Sanzhar
Мұндай апаттар күзге жуық Жапония,Қытай, Жаң Зеландия да болуы мүмкіндігін айтып отыр ғалымдар.Осыы айтылған мемлекеттер де сақтық шаралары жүріп жатыр,
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.