Қадір түні.

Қадір түні-қасиетті Құранның түскен уақыт. Бұл түннің қасиетін білесіңдер ме? Қадір түнін құлшылықпен өткізген жанға мың айдың сауабы бар. Дәл бұл түні Алланың бұйрығымен барша періштелер мен Жебрейіл (ғ.с) көктен жерге жақсылық үшін түсіріледі. Ол түннің қасиеті таң рауандап атқанға дейін жалғасады.
Құрметті достар қадір түні ешқандай Қыдыр ата келмейді немесе бір жарық сәуле көрініп жарқылдамайды. Әрине Аллаға дұға етіп тілек тілеуге болады. Қадір түннің қасиеті бұл дүниеден қарағанда о дүниеңе пайдалырақ. Бұл дүниең үшінде сұрап, тілеуде де еш әбестік жоқ. Аллаһ кеңшілік иесі ол аса қамқор, ерекше мейірімді.

8 пікір

pari
Қадір түні қай айдың нешінші күні екенін жазбапсың, толықтырып жаза кетші.
Kan
Құдай қаласа 14 тамаыздан 15 тамызға қараған түні бұл біздің діни басқарманың бекіткен уақыты. Жалпы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.у.с) айтып кеткен " Қадір түнін Рамазан айының соңғы ОН күнініен іздеңдер, менде оның нақты қай түн екенін білеле алмадым тек нақтысы сол осы он түннің бірі түні әсілі тақ түндерден іздеңдер" деген. Көптеген мұсылман ғалымдарының айтуы бойынша осы Рамазан айының 26 күнінен 27 қараған түні деп шешкен. Шындығы осы.
Zhanat
Қадір түні Рамазан айының сонғы 10 күнінің ішінде. Нақты қай күні екенін ешкім де білмейді. Шамасы, осы он күннің ішінен іздесін деген болар. Мұхаммед пайғамбарымыз Қадір түнін тақ сандарға сәйкес келетінін хадисте айтып өткен. Оны жасырын ұстаудың зі адамдарды сабырлылыққа, Аллаһқа деген сүйіспеншілікке шақырғандай. Себебі, Қадір түні оқылған намаз мың айыдан артық, қасиетті. Рамазан айының 26.нан 27.не қараған түнді күтіп отырмай, осы соңғы он күндікті құлшыққа арнағайсыздар.
Kan
Амин Алла разы болсын!
Dan4ik
Алла Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадыр түні түсірдік. Ал, саған Қадыр түнінің не екенін не білдіреді? Қадыр түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен, Оның әрбір әмірі үшін, періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем!»
AKA
Иә, мүбәрак болсын! Бүгін ойларым көп еді жазатын… Мешітке де барғым келеді, бір жағынан рухани бағдарламалар көрсетіледі, соны қарармын бәлкім?.. Дұғада өткізгеніміз абзал, бастысы. Құлшылығымыз қабыл болғай, жамағат!
pari
Құрметті Айтабер сайтының қолданушылары! Бүгінгі Қадір түні мүбарак болсын! Тілеген тілектеріңіз қабыл болғай! Бастысы басымыз аман, еліміз тыныш болсын! Аспанымыз ашық, дұшпанымыз қашық болсын! Амин!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.